dle
Rss
Сайтта жарнама
marketgid1
САБАҚ ЖОСПАР
marketgid2
Сауалнама
Жаңа оқу жылына бір баланы дайындау үшін қанша ақша жұмсайсыз?
15-30 мың теңге аралығында
30-45 мың теңге аралығында
50 мыңнан жоғары

Жарнама
  • Жариялады: danayoutube
  • |
  • Пікірлер: 0
  • |
  • Оқылды: 94
Ер есімі - ел есінде
Соғыс!... Талай үйдің керегесі опырылып, талай жанның өмірін қиып, талай асыл аналарды зар қақсатып еді. Әрбір үйдің берекесін кетірген сол бір сұм соғысқа лағнет айтпаған жан жоқ шығар, сірә! Өлім мен өмір арасында «ер адам ел үшін туады, ел үшін өледі» деген ұстаныммен жүрген сол кездегі жауынгерлер – бүгінгі егемендіктің ақ таңы атып, өз қолымыз өз аузымызға жетіп, соғыс атаулысын ұмытқан замандағы соғыс кезінде мерт болған жауынгерлерді ардақтамау, құрметтемеу – үлкен күнә!
Өткен ғасырдың алғашқы жиырма жылында туылған ұрпақтың Ұлы Отан соғысына қатыспай қалғаны кемде-кем. Ұрандары «Туған елімді, жерімді жаудан қорғаймын» деген аса қасиетті парызбен шектелген. Қаншама қандасымыз елді жаудан қорғау жолында жанын пида етті, көбісінің мәйіті кіндік қаны тамған атамекенінен жырақта қалды. Осындай азаматтардың бірі Қалиев Бәкен ата еді.
Іздеушісі бардың ізі бар демекші Қалиев Бәкен ата немересі Серік көп ізденді. Ұрпақтарының тілектері орындалып, Үржар ауданында батырлар ескерткішіне есімі жазылды.
Мінекей, 1941 жылдың күзінде майдан даласына аттанып, төрт ай дайындықтан соң, 1942 жылдың алтыншы қаңтарында мерген ретінде ұрысқа түскен қазақ сарбазы Қалиев Бәкен атаның «қара қағазы» жарты ғасырды артқа тастап интернет арқылы табылды. Қазақ сарбазы Бәкен атаның 66 жыл бойы хабарсыз кеткендердің бірі болды. Ол 1902 жылы Үржар ауданы Покровка ауылдық кеңесінде дүниеге келген. Пішен дайындап, құдық қазып, отбасын асырап, нәпақа тапқан Бәкен атаның баласы Қанат алтыға толған шағында Германияның Кеңеске ашқан ұрысына қолындағы кетпені мен күрегін суық қарумен алмастырып кете барады. Майдангер досы ардагер Щербаков Алексей : «Бәкен атаның көзін көргендер сары өңді, денелі, қайратты, ақкөңіл, құралайды көзге атқан мерген болған деседі. Аң-құсты көздемей, қоянды жүгіртіп қойып атып алатын болыпты.
Қасық қанын қиып, ұрыс даласынан қайтпай, өзге елдің топырағын көмкеріп жатқан қаһармандар қаншама!
Қалиев Бәкен атаның 1902 жылы қазіргі Үржар ауданы Покровка селолық округіне қарасты Семей облысында дүниеге келген. 1932 жылы Омарқызы Мәкенмен отау құрады. 1933 жылдың 10 қыркүйегінде Қалдыбек есімді ұлдары дүниеге келген. Бәкен атаның пішеншілер бригадасының бригадирі қызметін атқарған. 1941 жылы соғысқа аттанып, 4 ай дайындықтан соң ұрысқа кірісіп кетеді. Бәкен атаның құралайды көзге атқан мерген болған. Ақмола атты әскер құрамында Харьков операциясына қатысып, «Харьков қазаны» операциясына қатысып, содан із-түссіз кетті деген хабар жеткен. Алайда, қазіргі заманның мүмкіншіліктерін пайдаланып,Мәкен апаның ұрпақтары Бәкен атаның тағдырына алаңдап, іздеу салған. 2014 жылдың 10 сәуірінде Ресей Федерациясы Орлов облысы Колына ауданы, Тургеневка селосында жерленген» деген хабар түседі. Содан жүрегі алып ұшқан майдангер ұрпағы апа немересі мен қызын ертіп алып, Орлов облысына жол тартады. Бұрынғы Тургеневка, қазіргі Андреевка селосы маңында атасының қаза тапқан жеріне барады. Мұнда Красненский ауданы әкімі И.Ковалев пен оның көмекшісі Муродов күтіп алып, керекті адамдармен кездестіріп, батыр бабаның жерленген жеріне апарады. Сол жерде атасы Бәкен атаның ерлігіне арнап қойылған ескерткішке барып елден апарған бір уыс туған жердің топырағын салған. Содан сол кездің куәгері, соғыс жылдары 14 жасар болған, бұл күндегі 87 жастағы
қария Алексей Алексеев дегенмен кездеседі. Бұл қария шыныменен де Бәкен атаның бабамызды көрген, оның ерлігіне куәгер болған екен. Негізі фашистер бұл селоға 1941 жылы келген екен. 1942 жылдан бастап мұнда атқыштар келіп, жау сарбазхдарын атып отырған. Немістер екі жыл бойына паналаған үйлер әлі де бар көрінеді, оларға қазір де ешкім кірмейді екен. Екі сарбаз болған, бірі орыс жігіті, екіншісі – қазақ. Алексеев ақсақалдың айтуынша, күніне әлгі екі мерген 20-30 неміс сарбазын сұлатыпты. Бала сол сарбаздарға таңғы төртке дейін картоп апарып жүрген. Таңда қарауыл ауысқанша тамағын жеткізіп тұрған, әлгілер болса теректің үстіне шығып, фашистерді атқан. Сөйтіп жүргенде, селодағы бір әйелдің көрсетуімен екі сарбаздың қайда жасырынып жүргенін біліп қалған фашистер оларды атып түсіреді. Екеуі сол маңдағы ағып тұрған бұлаққа құлапты. 4 күн бойы сол бұлаққа қос сарбаздың қаны аққан. Алексеевтің айтуынша, 1943 жылдың көктемінде екі батыр құлаған соң, бұлақ суы бұрқақ болып атқылаған. Кейін бұл туралы жергілікті жазушы В. Киселев «Заплачено кровью» атты кітабын жазыпты. 1964 жылы Алексеевтің айтуымен қазақ сарбазы Бәкен атаның арналып, ескерткіш орнатылған. Мергендігі, атадан дарыған қасиет болар деп топшылайды. Бәкен атаның батыр Нарын стансасының түбінде жерленген Қартмұхамбет әулиенің ұрпағы екен. Сөйтіп, қазақ сарбазы, жерлесіміз Бәкен атаның ерлік көрсетіп, оның рухына арнап, ресейліктер сонау 1964 жылы ескерткіш орнатқан. Осы соғысқа қатысты әлі де ашыла түспеген сырлар бар-ау. Бастысы – ашылған тарихты бүгінгі ұрпаққа жеткізе білу. Соны насихаттап, үлгі етіп, патриоттық бағытта тәрбиелеу.
. Лайықты ерлік көрсетіп, оның батырлығына тәнті болып, тағзым еткен ресейліктер ескерткіш орнатқанда, туған топырағында есімінің ұлығылануы әбден орынды болатын мәселе деп топшылаймын.
Биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдық дүбірлі мерекесі кең көлемде тойланды. Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің жыл өткен сайын мәні артып, мәртебесі биіктеп келеді. Жылдар жылжыған сайын сынық сүйем жерді қанымен қорғаған ерлердің қатары азайып, сұрапыл соғыстың әр күнінің, тіпті әр сағатының салмағы артып келеді. Сұрапыл соғыста елі үшін қан кешіп, отқа оранған жауынгерлеріміздің ерлік істері ұрпақ үшін қашан да үлгі-өнеге. Отан үшін бастарын бәйгеге тігіп, кейінгі ұрпаққа бейбіт өмір сыйлаған Жеңіс солдаттары қандай қошеметке де лайық.
Соғыс деген сұмдық суық сөзді естігенде қаншама өрімдей жас қасиетті Отанын қорғауға аттанды?! Қаншама жас қыршын кетті?! Ерлер есімі ұмытылмақ емес... оны тек Жеңіс күні ғана емес, осы әрбір бейбіт күнімізде әкелген ҚАҺАРМАН ретінде ұрпаққа жыр ғып жеткізу әр адамның парызы. Ерлер есімі - ел есінде. Ешкім де ұмытылмақ емес!
  • Күні: 5-05-2016, 21:54
  • Категориясы: 9 мамыр
загрузка...

Пікір қалдыру

Есім:* E-Mail:*
Суретте көрсетілгендей екі сөзді еңгізіңіз: *