dle
Rss
Сайтта жарнама
marketgid1
САБАҚ ЖОСПАР
marketgid2
Сауалнама
Сайтта көбірек қандай материалдар болғанды қалайсыз?
Ашық сабақтар
Тест сұрақтары
Аттестация сұрақтары
Сценарийлер
Тәрбие сағаттары

Жарнама
  • Жариялады: admin
  • |
  • Пікірлер: 0
  • |
  • Оқылды: 1857
Жиһаз әзірлеу
Ә. Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы техникалық колледжі

Сабақтың тақырыбы :
Бөлшектерді бекіту, біріктіру арқылы орындықты құрастыру.

Пәні : Жиһаз әзірлеу
Оқытушы: Тлеубек Қ.К.


Тобы: ТК-12-9
Пәні: Жиһаз әзірлеу.
Сабақтың тақырыбы: Бөлшектерді бекіту, біріктіру арқылы орындықты құрастыру.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларды жиһаз түрлерімен, жиһаз жасауда бұйымның бөлшектерін бекіту, біріктіруді және қолданатын материалдармен таныстыру.
Дамытушылық: ойлауды, танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: жеке және топта жұмыс істей білуге тәрбиелеу, көркемдік талғамды қалыптастыру, білім, икемділіктермен дағдыларды қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Көрнекіліктер: үлгі, технологиялық карта, сызғыш, қарындаш, циркуль, бөлшектер дайындамасы, құрал-жабдықтар, электр степлері, материал шуруптар, т.б.
Пән аралық байланыстар: Бейнелеу өнері, сызу.
Болжамдап отырған нәтиже: Жиһаздарды жасауда материал түрлерін таңдап, құрастыру тәсілдерін меңгере алатын тұлға. Өз бетімен жиһаз жасай білу.
Сабақ жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Жаңа сабақ.
III. Сарамандық жұмыс.
IV. Жаңа материалды бекіту.
V. Қорытынды.
VI. Бағалау.
VII. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгендеу, жаңа сабақты бастау.
II. Жаңа сабақ. Жиһаз әзірлеуде орындық туралы әңгімелейді. Жиһаз әзірлеуде материалды түсіндіру көрсетумен қатар жүреді. ДСП-материалынан орындық жасау туралы мағлұмат. ДСП - материалынан орындықтың бөлшектерін кесу, оны өңдеу, тесу, қаптау, бекіту, біріктіру аса ұқыптылықты қажет етеді. ДСП – материалын кесуде электр лобзикпен жұмыс істеу, аспапты меңгеру өте шеберлікті қажет етеді. Жиһаз жасау жоғары көркемдік талғамды талап етеді. Ағашты лобзикпен ою үшін бөлшектердің сызбасын материал бетіне түсірудің бірнеше тәсілдері бар.
Ағашты кесудің түрлері: тігінен, қиғаштап , оюлап кесу. Жиһаз жасау үшін қазіргі қолданатын материал – ЛДСП, ДСП.
ЛДСП, ДСП – бұл ағаш ұнтақтарынан престеліп жасалады, құрамына смола, желім қосады.
ЛДСП – да осылай жасалады, оның беті ламинадталады, яғни шпон жабыстырып, бетін лактайды.
Жиһаз түрлері: жатын бөлме жиһаздарына – төсек, шкаф; ас үй жиһаздарына – шкафтар ыдыс аяқ қоятын, үстел, орындық; қонақ бөлме жиһаздарына – диван, кресло, стенка, стол, орындық.
Бүгінгі сабақта ас үй жиһаздарының бір түрі – орындықты бекітіп, біріктіріп құрастыру.
III. Сарамандық жұмыс.
Оқушылар өздерінің технологиялық карталарына сәйкес, қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтай отырып, сарамандық жұмысты өздігінен орындайды. Ағымдық нұсқама өткізеді және оқушылардың жұмысының барысы тексеріледі.
Ағымдағы нұсқама:
a) Жұмыс орнын ұйымдастыру.
b) Еңбек тәсілдерін орындаудың дұрыстығын тексеру.
c) ҚТЕ-нің сақталуын тексеру.
d) Неғұрлым үлгеріп жатқан оқушыларға қосымша тапсырма беру.
IV. Жаңа материалды бекіту. Сұрақтарға жауап беру.
V. Қорытынды
Сипатты қателіктер мен себептерге талдау жасау.
VI. Бағалау. Өзіндік бағалау.
VII. Үй тапсырмасы: Үстіңгі беті дөңгелек орындық жасауға технологиялық карта жасап келу.

Ә. Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы техникалық колледжі
Сабақтың тақырыбы :
Бөлшектерді бекіту, біріктіру арқылы орындықты құрастыру.
Пәні : Жиһаз әзірлеу

Оқытушы: Тлеубек Қ.К.


Жиһаз әзірлеу
загрузка...

Пікір қалдыру

Есім:* E-Mail:*
Суретте көрсетілгендей екі сөзді еңгізіңіз: *