dle
Rss
Сайтта жарнама
marketgid1
САБАҚ ЖОСПАР
marketgid2
Сауалнама
Жаңа оқу жылына бір баланы дайындау үшін қанша ақша жұмсайсыз?
15-30 мың теңге аралығында
30-45 мың теңге аралығында
50 мыңнан жоғары

Жарнама
Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік сайт sabaqtar.kz » Дене шынықтыру » Дене шынықтыру сабағындағы ұлттық ойындардың орны
  • Жариялады: mamasasa1979
  • |
  • Пікірлер: 0
  • |
  • Оқылды: 29
Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» - деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады.
Ұлттық ойындар – қазақ халқының ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын - сауықтардың бір түрі.

Дене шынықтыру сабағындағы ұлттық ойындардың орны

Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» - деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады.
Ұлттық ойындар – қазақ халқының ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын - сауықтардың бір түрі. Ұлттық ойындар негізінде әр халық түрлі – түрлі жаттығулар жасау жолымен дене шынықтыру ісінің негізін салды.
Ұлттық ойындар – ата – бабаларымыздан бізге байлығымыз. Сондықтан, үйренудің күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор.

Ұлттық ойын ойнатудың негізгі мақсаты :
балалардың денсаулығын нығайту;
денені шынықтыру;
мәдениетін қалыптастыру;
өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру.

Ойынды ойнату мен үйретудің міндеттері:

қажетті дене қозғалыс дағдыларын, танымдық-қозғалыс белсенділігін арттыру;
қалыптастыратын дене жаттығуларының негізгі түрлерімен балаларды таныстыру;
денсаулықты нығайтуға бағытталған қозғалыс әрекеттерімен дене жаттығуларының негізгі түрлерін балаларға меңгерту;
қызығушылығын қалыптастырып дамыту;
Дене шынықтыру сабағында ұлттық ойындарын пайдалануда мен күнбе-күнгі сабаққа әзірлену кезінде белгілеп, сабақ жоспарында көрсетемін.Ойындарды негізінен сабақтың басында да,ортасында да,соңында да пайдалануға болады.Осыған орай оқушылардың дене шынықтыруымен ынта жігерлерін арттырудың тамаша құралдарының бірі өз ұғымдарына түсінікті қимыл ойындары болып келеді.Алғашқы бірнеше сабақ бойы ойыннан негізгі материалға,одан қайта ойынға,одан қайта негізгі материалға өтемін.сабақтын аяғын ойынменаяқтаймын.Ойындарды әр сыныптың жас ерекшеліктеріне,күш қозғалыс дамуына байланысты өзгерістер енгізіліп,ойын күрделене түседі.Әдетте арнайы берілген жаттығулар оқушыларға қиын соғады,олар оны орындай алмайды,ал ойын түрінде өтсе онда олар қиындықты тез меңгереді.Егерде оқушылар өздерін еркін ұстап,сабаққа бар бейімдерін беріп,белсене қатысса,онда бұл сәтсіздікті тез жеңүге болады.Ондай құралдардың бірі-халық ойындарын дене шынықтыру сабағында пайдалану.5-7 сыныбындағы дене шынықтыру сабағы оқушылардың бастауыш сыныптарда алған білімнің негізінде өрістетіледі.Олай болса бұл сыныптардағы дене шынықтыру сабағында қолданылатын ойындарды бастауыш сыныптарда пайдаланылған халық ойындарын күрделендіру арқылы жүргіземіз.Қорыта айтқанда денешынықтыру сабағына ұлт ойындарын қолдануға болады деп ойлаймын,ол сабақтың маңызын арттырып,сапасын көтере түседі.Менің пікірімше ұлт ойындары дене шынықтыру сабағында оқушыларды өзінше әрекеттенуге,қабылдау мүшелерінің жұмысын арттырады және ойлай білу,мақсатқа жету,өзін-өзі ұстай білуге үйретеді.Өзіне-өзі сенуге,белсенділікке тәрбиелейді,ойын тәртібін сақтау оларды ұйымшылдыққа баулиды.


Ойын – баланың, бүкіл балалар коллективінің дамуында басты роль атқарады. Балалар тек ойнап қана қоймайды, сонымен бірге ойлайды, аңғарады, көп нәрсені білуге, зерттеуге талпынады. Сонымен қатар бірнеше ұлттық ойындарды шартымен ұсынамын:

Арқан тарту.

Бұл екі топқа бөлінген балалармен немесе екі баламен ойналады. Арқанның екі жағынан екі бала немесе екі топқа бөлінген балалар тартысады. Қай топ арқанды өз жағына тартып, алып, кесе сол топ жеңіске жетеді. Екі бала тартысқанда қай бала өзіне қарай арқанды тартып екінші баланы құлатса, құламаған бала жеңіске жетеді.

Орамал тастамақ

Балалар шеңбер жасап тұрады. Бастаушы(тәрбиеші) балаларды айнала жүріп бір баланың артына орамал тастап каетеді. Артына орамалды тастағанын сезген бала менің артымда деп жауап береді. Артына орамалдың тасталғанын сезбесе ол өлең, тақпақ айтып немесе билеп беруі керек. Балалар шеңбер бойында көздерін жұмып тұруы керек. Ойын осылай жалғаса береді.

Ақсерек-көксерек.

Бұл ойынды ойнау үшін балалар екі топқа бөлінеді,қолдарынан ұстап тұрады. Ара қашықтық 20-30 қадам.
1-ші топ. Ойынды бастайды: Ақсерек-ау ақ серек
Бізден сізге кім керек.
2-ші топ Ақсерек –ау ақ серек
Жаман-жаман бала аты (бала аты) керек
Аты аталған бала келесі топқа дейін жүгіріп барып ортасынан ұстасқан қолдарды ажыратып кету керек. Егер өтіп кетсе сол топтан бір баланы тобына алып қайтады,өте алмаса сол топта қалады. Ойын осылай жалғаса береді.

Қыз –қуу

Балалар арасынан бір ер бала,бір қызды(ағаш атпен) қуады. Бала қызға жетіп қолынан ұстаса ол жеңіске жеткені. Кейде қызды 2 бала да қуады қай бала бұрын жетіп қыз қолын ұстаса сол бала жеңіске жетеді.

Түйілген орамал.

Ойын жүргізуші ойынды өзі бастайды. Ең алдымен балаларды айналасына жинап алады да «1,2,3» - деп дауыстайды. Осы кезде балалар жан-жаққа бытырай қашады. Ал ойын жүргізушісі қолында түйілген орамалы бар баланы қуалайды. Ол орамалды басқа біреуге лақтырады қағып алған бала қаша жөнеледі. Осылайша ойын жүргізіледі, түйулі орамалды алғанша қуалай береді. Ұсталған ойыншы көпшілік ұйғарымымен ортада тұрып өнер көрсетеді. Одан кейін ойын жүргізуші ауыстырылады. Ойын ойнап болған соң балалар шеңбер жасап тұрады.

Соқыр теке.

Балалар дөңгелене тұрады. Бір баланың көзі байланып қойылады.
Балалар:Бота,бұзау,қозы,лақ
Қайда кеткен құлыншақ
Соқыртеке бақ-бақ
Мені ізден тап-тап
Деп тақпақтайды.
Содан кейін Соқыртеке (баланың көзі байлаулы) балаларды қуалайды немесе балалар оның жанына келіп түртіп қашады. Соқыр теке ұстап алған баланың көзі байланады да ол «Соқыр теке» ролін атқарады. Ойын осылай жалғаса береді.

Сақина жасыру

Ойынды өткізуші және сақина жасырушы бала белгіленеді. Қалған ойыншылар жерге отырып тізілерінің үстіне алақандарын жаяды. Бастаушы жабулы қолын әрбір ойыншының алақанына салысымен,ол бала алақанын жаба қояды.Бастаушы бір баланың алақанына сақина салысымен, ойыншылардың біреуінен-«Сақина кімде»-деп сұрайды. Ол сақинаның кімде екенін білсе сол баламен орнын ауыстырады. Ал білмесе ол өз өнерін көрсетеді. Ойын басқарушы ойынды осылай жалғастыра береді.

Хан талапай.

Бұл отырып ойналатын,негізінен қыз балаларға арналған ойын.Оған төрт-бес үміткерден қатысады.Ойын үшін он асық таңдап алынады.Он бірінші асықтардан ерекше өзге түске (қызыл,не көк) боялған болуы шарт бір-бірден асық үйірусіудің қорытындысы бойынша ойыншылар кезектерін бөліседі.Бұдан соң алғашқы ойыншы қос уыстай ұстаған бар асықты ортаға үйіруі керек.Қалған ойыншылар аңдысын аңдап өзге асықтардан ерекшеленген «ханға» қадалады.Себебі,хан алшы түссе,барлығы тарпа бас салып, ортадағы асықтарды,хан талапай жасауы тиіс.Хан кімнің қолында кетсе,келесі үйірі кезегі соған беріледі екен,хан мен бірге қолына ілінген асықтардың санына қарай ұпай жазылады. Хан алшы түспеген жағдайда үйірген ойыншы шашылған асықтардың бүгі мен бүгін, шігі мен шігін ,алшысымен-алшысын тәйкесімен мен тәйкесін бір-біріне соғып,кенейлер бір-біріне тимей қалғанша ұпай жинайды.Көздеген асығы үшінші бір асыққа тиіп кетсе,немесе бөгде асықты қозғап қалса да,ойынның бұзылғаны.Онда кезек келесі ойыншыға беріледі.Осы ретпен әр ойыншы жинаған асығының санына қарай ұпай жинайды. Межелі ұпай санын (100 не 50 немесе 80-40) ойын жүргізуші алдын ала белгілейді.Межеге бұрын жеткен ойыншы жеңімпаз болып саналады. Ескерту: Асықтарды бір-біріне тигізу кезінде қолмен сүйретіп апаруға, орыннан қозғап түзетуге бол майды.Ойынның соңына дейін ханға бірде- бір асық тимеуі керек.Себебі ол –хан.
загрузка...

Пікір қалдыру

Есім:* E-Mail:*
Суретте көрсетілгендей екі сөзді еңгізіңіз: *