dle
Rss
Сайтта жарнама
marketgid1
САБАҚ ЖОСПАР
marketgid2
Сауалнама
Біздің сайт сізге ұнадыма?
Ия, керемет
Жақсы
Ойымнан шықпады
Орташа жасалған
Ұнамады

Жарнама
  • Жариялады: анара
  • |
  • Пікірлер: 0
  • |
  • Оқылды: 496
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Бөлімі:Экология негіздері.
Тақырыбы:Орман тұрғындары.

Мақсаты:1.Жабайы жануарлар туралы түсініктерін байыту.
2. Жабайы жануарлардың (аю, қоян, түлкі, қасқыр) сипаттық белгілерін байқай білуге үйрету арқылы зейіндерін дамыту.
3. Табиғатты сүюге және оған қамқор болуға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар:жабайы жануарлар бейнеленген суреттер, үй және жабайы жануарлар сұлбасы, орман қорушысы, үлестірмелі материалдар.
Сөздік жұмыс: орманда тіршілік ететіндер.
Билингвальды компонент:жабайы жануарлар – дикие животные.

Оқу іс әрекет кезеңдері Педагогтің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Мотвациялық - қозғаушылық 1. Шаттық шеңбері.
-Балалар , мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Сендер күлкілерімен, мейрімділіктеріңмен менің жүрегімді жылытасындар. Қазір шеңбер бойымен жүріп, бізді қоршаған ортамен амандасайық.
2.Таңғажайып сәт.
-Бізге қонаққа орманшы аға келді. Ол бізге өзінің орманда тіршілік ететін жануарлары туралы айтқысы келеді.
Жабайы жануарлар – өз беттерімен тіршілік ететін жануарлар.
3. Билингвальды компонент: жабайы жануарлар – дикие животные Шаттық шеңберге тұрады.

Армысын, ашық Күн!
Армысын, көк аспан!
Армысын, еркін жел!
Армысын достарым!
Сендерді көргенде қуанамын!
Қайталайды.
Ұйымдастырушылық - ізденістік 1. Білімді өзектендіру:
Фланелеграфта қоян, түлкі, аю, қасқырдың суреттері ілінеді.
- Орманшы аға бізге жұмбақтар алып келіпті. Жұмбақтардың жауабын шешейік.
Педегог жұмбақ жасырады. Балалар жауабын тапқаннан кейін жұмбақтардың шешулері болған аңдардың суреттерін тақтаға іледі.
Қалқиып ұзын құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады. (Қоян)

Өзі қу, қызғылт сары түсті,
Құйрығы үлпілдек жүнді. (Түлкі)

Орманнан, жалпақ даладан
Бал іздеп бір аң жортады.
Кіп – кішкене арадан
Үп –үлкен боп қорқады. (Аю)

-Бұлар – жабайы жануарлар, олар орманда, далада, тауда тіршілік етеді және өз қорегін өзі тауып жейді.
-Аюды сипаттайық, ол қандай? (Үлкен, қалын жүнді, құлақтары кішкентай ғана, түсі қоңыр).
Осылайша қасқыр мен түлкіні, қоянды сипаттайды.
-Осы аңдардың ішінде қай жануар үлкен? Ал ең кішкентайы қайсысы?
(Аю – ең үлкен жануар. Түлкі аюдан кіші. Қоян – ең кішкентай аң).
2. «Жабайы жануарлар» психологиялық жаттығуы.
-Қорбандап жүретін маймақ аюды бейнелейік.
-Түлкінің жүрісін салайық.
-Қорқақа қоянды бейнелейік.
3. Динамикалық үзіліс.
Ұзын құлақ, сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы – қырлы жерлерден
Ытқып – ытқып жүгірді.

4.Үлестірмелі материалдармен жұмыс.
Тапсырманы түсіндіреді, балалардың дұрыс лорындауын қадағалайды.

5.Жеке жұмыс жүргізеді. Суретке қарап, жабайы аңдардың аттарын айтады.

Жұмбақтардың шешуін табады.
Қоян, аю,түлкінің суреттеріне қарайды

Аюдың суретіне қарап, оны сипаттайды.

Түлкіні сипаттайды.
Қоянды сипаттайды.

Аюдың жүрісін салады.
Түлкінің жүрісін салады.
Қорқақ қоянды бейнелейді.
Қоянды бейнелеп, қоянша секіреді.

Тапсырманы орындайды
Рефлексиялық - тұзетушілік Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс – әрекетінде алған білімдері қорытындылады. Сұрақтарға жауап береді. Бір –бірінің жауаптарын тыңдайды.
Күтілетін нәтиже:
орындайды:жабайы жануарлардың сипаттық белгілерін байқап, оларды сипаттап айтуға арналған тапсырмаларды.
түсінеді: жабайы жануарлар туралы берілген мәліметтерді.
қолданады: .жабайы жануарлардыңжүріс тұрысын қимылмен келтіре біду дағдыларын.
загрузка...

Пікір қалдыру

Есім:* E-Mail:*
Суретте көрсетілгендей екі сөзді еңгізіңіз: *