dle
Rss
Сайтта жарнама
marketgid1
САБАҚ ЖОСПАР
marketgid2
Сауалнама
Біздің сайт сізге ұнадыма?
Ия, керемет
Жақсы
Ойымнан шықпады
Орташа жасалған
Ұнамады

Жарнама
Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік сайт sabaqtar.kz » Факультативтік жоспар » Математика сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру жолдары
  • Жариялады: Канслу
  • |
  • Пікірлер: 0
  • |
  • Оқылды: 659
Батыс Қазақстан облысы,Бөрлі ауданы,Березов ауылы
Конторский переулок №11, Индекс: 65797
Березов мектеп-балабақша кешенінің математика пәнінің мұғалімі
Киясова Канслу Нуртазаевна тел:87055904799
Эл.почта: kanslu_k84@mail.ru
Тақырыбы:Математика сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру жолдары
(5-сыныпқа арналған факультативтік курс)
Түсінік хат
Қазіргі дәуірде математиканың негізін меңгеру жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеудің бірден – бір негізгі элементі болып табылады.
Математиканың практикалық пайдасы, оның адам тәжірибесінде күнделікті меңгерілетін қарапайым түсініктерден бастап, ғылыми және техникалық идеялды дамыту үшін сандық қатынастарды қамтитын пән болып келуінің шарттарынан шығады.
Білім беру үрдісінде қазіргі заман талабы-оқушының жан-жақты іс-әрекеттік қабілетін кеңейтіп, жалпы өмірлік,кәсіби компетенцияларын дамыту және қалыптастыру үшін математикалық білім беру сапасын арттыру мәселесіне тірелетіні анық.
Математикалық білім сапасын арттыру үшін оқушылардың ізденіс жағдайында жұмыс жасауын қамтамасыз ету бағытында:
-оқушыларға математика мазмұнының теориялық негіздерін меңгерту, танымдық тапсырмалар арқылы шығармашылыққа баулу;
-оқушылардың математикалық есептер шығару дағдыларын дамыту мақсатында есепті шығару жоспарын құру,есепті шешудің тиімді тәсілдерін іздестіру,есеп шығару жоспарының әрбір логикалық қадамын талдау;
-оқушының есеп шығару шеберлігі арқылы оның математикалық танымдық дамуын және әрекетінің белгілі бір сапасын анықтау;
-оқушылардың математика пәнін оқуда саналы жауапкершілік қатынастарын тәрбиелеу
әдістемелеріне көңіл бөлінеді.

Курстың мақсаты:
1. Оқушының жан - жақты тұлға ретінде,әр түрлі тапсырмалар арқылы даму деңгейін анықтау;
2. Пәнге деген қызығушылығын арттыру,оқытуды оқушының дамуына бағыттай ұйымдастыру;
3. Натурал сандарға амалдар қолданудың өзге түрлерін қарастырып,жұп және тақ,жай және құрама сандарды түсіне білу;
4. Әрбір тақырыптарға сәйкес логикалық есептерді шығару;
5. Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерге амалдар қолдана білу;
6. Пайыздарға берілген есептерді шығара білу.

Курстың міндеті:
1. Тапсырмаларды орындау барысында игерген түсініктері мен іскерліктерін дамыту;
2. Оқушыларға сандардың бөлінгіштігін пайдалана отырып, ауызша есептеуді үйрету;
3. Логикалық ойды жетілдіруге арналған есептерді шығара отырып танымдық қызығушылығын, өздігінен жұмыс атқару дағдысын қалыптастыру;
4. Оқушыларды күрделі есептерді шығаруға машықтандыру;
5. Алған білімдерін кеңейту,есептеу барысында шешімдерін тез таба білуін арттыру.

Күтілетін нәтиже:
1. Натурал сандарға арифметикалық амалдар қолдануды нығайтады;
2. Сан мен фигуралар арасындағы байланыс,математикалық софизмдер туралы түсінік қалыптасады;
3. Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерді көбейту мен бөлудің, қосу мен азайтудың тиімді тәсілдерін меңгереді;
4. Пайызға берілген әр түрлі есептерді шығаруды үйренеді;
5. Оқушылардың шығармашылық қабілеті артады;
6. Қызықты тапсырмалар орындау арқылы логикалық ойлауы дамиды;
7. Ептілік пен шапшаңдыққа үйренеді.

Математика сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру жолдарының мазмұны мен құрылымы.
5- сынып
Курс 5 бөлімнен тұрады: Арифметика сыры атты бөлімде:натурал сандарға амалдар қолданудың өзге түрлері және оларға қолданылатын қасиеттері, теңдеулер мен өрнектерді ықшамдауға берілген.Қызықты геометриялық фигураларда бұрыштар,аудан және периметр арқылы шығарылатын есептер.Логикалық ойлауды жетілдіру математикалық софизмдер мен бөлінгіштің қасиеттері,олимпиада есептерінің түрлерін қарастыру.Керемет бөлшектер жай бөлшектер мен ондық бөлшектер туралы және оларға қолданылатын амалдар,қасиеттері.Пайыздарға берілген есептер:пайыз және есептерде қолданылатын пайыздар туралы түсінік,шығару жолдары.
1. Арифметика сыры. (7сағ)
Әр түрлі тапсырмалар арқылы балалардың даму деңгейін анықтау. Сандар сыры. Сандар тізбегі. Математикалық фокустар. Сан мен фигура арасындағы байланыс. Суретке қарап,есептер мен теңдеулер құрастыр. Сынақ сабақ.
2. Қызықты геметриялық фигуралар. (3 сағ)
Бұрыштар. Бас қатырғыш формула. Сынақ сабақ
3. Логикалық ойлауды жетілдіру. (6сағ)
Математикалық софизмдер. Олимпиада есептері. Сұйықтарды құю есебі. Екі таңбалы сандардың 11-ге көбейту ережесі және натурал сандардың 6-ға,15-ке,45-ке бөлінгіштік белгілері. Қалжың есептер.Көңілді сұрақтар.
4. Керемет бөлшектер.(14 сағ)
Жай бөлшектер. Есептер шығару. Жай бөлшектер мен аралас сандарды қосу және азайту. Халық есептері. Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту және бөлу. Бірлесіп орындалатын жұмыстарға есептер. Сынақ сабақ. Ондық бөлшектер. Ондық бөлшектерді қосу және азайту. Ондық бөлшектерді көбейту және бөлу. Есептер шығару. Қызықты есептеулер. Сынақ сабақ.
5. Пайыздарға берілген есептер.(4сағ)
Пайыз. Пайыздарға берілген бірнеше есеп түрлері. Өмірде жиі кездесетін пайыздар. Қорытынды сабақ

«Математика сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру жолдары» атты факультативтік сабағының
күнтізбелік- тақырыптық жоспары. 5-сынып
№ Сабақтың тақырыбы Сағат саны Күтілетін нәтиже
1.Арифметика сыры . 7сағ
1. Әр түрлі тапсырмалар арқылы балалардың даму деңгейін анықтау. 1 Сабаққа қызығушылығы оянады,білімге деген сенімі нығайып, ынтасын артады. Сандардың өмірде қолданылуы мен математикамен байланысын түсінеді, сандардың басқа да пәндерде қолданылатыны туралы біледі.
2. Сандар сыры. 1
3. Сандар тізбегі. 1
4. Математикалық фокустар. 1
5. Сан мен фигура арасындағы байланыс. 1
6. Суретке қарап,есептер мен теңдеулер құрастыр. 1
7. Сынақ сабақ. 1
2.Қызықты геметриялық фигуралар 3 сағ
8. Бұрыштар. 1 Логикалық ойлау қабілеттері дамиды.
Қиялы мен зейіні қалыптасады
9. Бас қатырғыш формула. 1
10. Сынақ сабақ 1
3.Логикалық ойлауды жетілдіру 6сағ
11. Математикалық софизмдер. 1 Пәнге деген ынтасы артады,өз білімін тереңдетеді.Арифметикалық амалдарды орындай отырып,математикалық сауаттылығы артады.
Есептеу дағдылары қалыптасады.

12. Олимпиада есептері. 2
13. Сұйықтарды құю есебі. 1
14. Екі таңбалы сандардың 11-ге көбейту ережесі және натурал сандардың 6-ға,15-ке,45-ке бөлінгіштік белгілері. 1
15. Қалжың есептер.Көңілді сұрақтар. 1
4.Керемет бөлшектер 14 сағ
16. Жай бөлшектер. 1 Жай бөлшектер мен ондық бөлшектер туралы мәлімет алады және оларға амалдар қолдануды үйренеді. Қызықты есептер шығару барысында логикалық қасиеттері дамып,шапшан есептеуге үйренеді.Өз бетімен жұмыстануға баулиды.
17. Есептер шығару. 1
18. Жай бөлшектер мен аралас сандарды қосу және азайту. 1
19. Есептер шығару.Халық есептері. 1
20. Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту және бөлу. 1
21. Бірлесіп орындалатын жұмыстарға есептер. 2
22. Сынақ сабақ. 1
23. Ондық бөлшектер. 1
24. Ондық бөлшектерді қосу және азайту. 1
25. Ондық бөлшектерді көбейту және бөлу. 1
26. Есептер шығару. 1
27. Қызықты есептеулер. 1
28. Сынақ сабақ. 1
5.Пайыздарға берілген есептер 4сағ
29. Пайыз. 1 Жалпы өмірдегі жиі кездесетін пайыздарды емін-еркін есептеуді үйреніп,практика жүзінде іске асырады.
30. Пайыздарға берілген бірнеше есеп түрлері. 1
31. Өмірде жиі кездесетін пайыздар. 1
32. Қорытынды сабақ 1



САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІЛЕРІ
5-сынып. 3-сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Сандар тізбегі.
Сабақтың мақсаты:
а) Оқушылардың натурал сандар туралы алған білімдерін кеңейту.
ә) Оқушылардың ой-өрісін,танымдық қабілеттерін дамыту.
б) Есеп шығару кезінде оқушыларды шапшандыққа,ізгілікке машықтандыру.
Күтілетін нәтиже:
Натурал сандардың бірнеше түрдегі тізбектерін түсініп,практика жүзінде қолдана алады.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
II. Жұмбақ шешу:
Нәрселерді санағанда,
Керек бізге ауадай,
Айтындаршы бұл қандай сан -
Жан-жағына қарамай. (натурал сандар,натуральные числа,real numers)
III.Есептер шығару:
№1 Дөңгелектегі сандарды анықта:
15 * 90: 18* 72+ 90;
700- 490: 70* 980+ 1000
№2 Сандар тізбегін жалғастыр:

а) 7,12,22,27,37
в) 90,97,104,111,118
б) 90,955,100,105,110
д) 87,80,73,66,59
е) 5,12,19,26,33
Жауабы: 87,80,73,66,59.
№3 Сандар тізбегін жалғастыр:

А) 2,4,20,22,110,112
В) 2,7,17,19,38,43
С) 2,4,6,30,150,152
Д)2,10,50,52,54,270
Е)2,7,12,24,48,96
Жауабы: 2,4,20,22,110,112

IV.Серігіту сәті«Қара жорға»
№4 Төмендегі сандар тізбегі белгілі бір ережеге сәйкес қойылған.Сол ереже бойынша сұрақ белгілерінің орнына қандай сандар сәйкес келетінің табыңыз.





Жауабы: 8,5,3





V. Өзбетімен есепте:№5
1,2,3,4,5,6,7,8,9 цифрларының орналасу ретін өзгертпей,олардың арасына нәтижесі 100-ге тең болатын етіп + және -,барлығы 3 таңба қойып шығыңыз.
Жауабы: 123-45-67+89=100

VI. Үй жұмысы:
№6 Төмендегі сандар тізбегі белгілі бір ережеге сәйкес қойылған.Сол ереже бойынша сұрақ белгілерінің орнына қандай сандар сәйкес келетінің табыңыз.

3 7 12 18 25 ?


VI.Қорытынды


Қорытынды:
«Математика сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру жолдары» факультативтік сабағының бағдарламасы сыныпта жүргізілетін математика пәнімен байланыстырыла жас ерекшеліктерін ескеріле жайдан күрделіге қарай құрылған. Бұл жинақта берілген тапсырмалар оқушыларға қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға ықпал ететін жаттығулар , сонымен қатар алған білімдерін жаңа жағдайларда қолдана білуге , үйретуге бағытталған ізденіске жетелейтін тапсырмалар арқылы білімдерін толықтыра түседі.
Жинақта берілген тапсырмалар балалардың ғылыми көзқарасының негіздерін қалыптастыруға, танымдық қабілетін дамытуға, өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасауға , оқуға және еңбекке баулуға септігін тигізеді.Сонымен қатар мұғалімдерге оқушымен ұжымдық және жекелей жұмыстануға , есептің әр түрлерін шығару дағдыларын қайталауға, түрлі тәсілдерді қолдана білуге, оқушының оқу материалын қаншалықты жақсы меңгергенін анықтауға тигізер көмегі зор.
«Математика сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру жолдары» факультативтік сабағының бағдарламасы жоғары,яғни, 5-сыныпта сабақ беретін мұғалімдеріне арналады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. М.Я.Выгодский «Справочник по элементарной математике» Москва «Наука» 1979ж
2. «Достық» білім беру орталығының қазақ-түрік лицейлеріне дайындыққа арналған байқау сынақтары
3. «Математика және Физика» ғылыми-әдістемелік журнал №1-2007ж, №5-2011ж
4. А.В.Фарков «Учимся решать олимпиадные задачи»
Геометрия 5-11классы. Москва 2006
5. «Математика» жоғары оқу орындарына түсушілер үшін «ШЫҢ»Кітап2007
6. А.Е.Әбілқасымова «Қызықты математика» Алматы «Мектеп» 2007ж
загрузка...

Пікір қалдыру

Есім:* E-Mail:*
Суретте көрсетілгендей екі сөзді еңгізіңіз: *