dle
Rss
Сайтта жарнама
marketgid1
САБАҚ ЖОСПАР
marketgid2
Сауалнама
Біздің сайт сізге ұнадыма?
Ия, керемет
Жақсы
Ойымнан шықпады
Орташа жасалған
Ұнамады

Жарнама
  • Жариялады: orynbasar01
  • |
  • Пікірлер: 0
  • |
  • Оқылды: 108
ТАҚЫРЫБЫ: ҚАСИЕТТІ «ҚОҢЫР ӘУЛИЕ»

Окушы: Тулегенова Азия
Ғылыми жетекшісі: О.Т.Исина
«Абай Құнанбаев атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Тарих пәнінің мұғалімі

Жұмысының мақсаты: Көп адамдар естімеген қасиетті «Қоңыр Әулие» үңгірі туралы жария ету. Алысқа ұзамай-ақ Баянауылдағы үғгірге барып тілек тілеп, емделуге болатынын хабарлау және барам деушілерге қасиетті жерге шын ниетпен бару керек екенін ескерту.
Баянауыл- бұл жартылай шөл даланың әсем бейнелі бөлігі болып табылады. Бұл ғажап жерде бір рет болған адам, табиғаттың әсем сыйынан нәр алу үшін тағы да келуді армандайды. Баянауыл-моңгол- түркі тілдерінен шыққан сөз, сөзбе-сөз аудармасы- ауқатты, бақытты тау дегенді білдіреді.
Гранитті таулар шатқалдармен қас айырылған, көптеген жартастары қатып қалған адамдар, аңдар, құстар, мифтік мүсіндерге ұқсайды. Баян таулары мөп-мөлдір таза әрі салқын сулы көптеген өзендермен тілінген. Таудың баурайы шыршалы орманмен көмкерілген.
Баянауыл елдімекені-курортты аймақ, ол 1985 жылы Ұлттық табиғи саябақ статусына ие болды.Саябақ табиғаты өте ерекше жаралған табиғатымен әйгілі; Баянауыл таулары батыстан шығысқа қарай 40-50 шақырым, солтүстіктен оңтүстікке қарай 20-25 шақырым. Ең биік нүктесі-Ақбет тауы, ол 1026 м биіктікте. Таулы-орманды оазис 450 шаршы шақырымды алып жатыр, оның негізгі ерекшілігі-жартастар (Кемпіртас, көгершін, Булка (Найзатас), аттың басы, тас жастықтар және т.б.),Сабындыкөл (ауданы 7,4 шаршы шақырым) және Жасыбай (ауданы 4 шаршы шақырым) көлдері, үңгірлер (Әулиеата 22 м) және Драверта үңгірі (тастағы жазулар), Құмыра (сарқырамасы бар 3 м ), тас шатқалдары және т.б. көрікті жерлердің болуы.
Жасыбай, Сабындыкөл эәне Торайғыр көлдері жыл сайын мыңдаған туристерді қарсы алады, бұл үшін көл жағалауларында демалыс үйлері мен пансионаттар көптеп орналасқан.
Баянауыл өлкесі қазақтың талай жыр-шежірелеріне арқау болған құтты мекен. Қай заманды алсаң да Баянауыл елі қол бастаған батырларымен, сөз бастаған билерімен, қасиет дарыған әулиелерімен, суырып салма ақын-жырауларымен әйгілі.
Баянауыл тек қана ғұламаларымен ғана емес, өзінің ерекше көркем табиғаты: жартасты жоталары, өсімдіктің сан алуандығы және қайталанбас тарихи ескерткіштерімен таңғалдырады. Осы сұлу өңірдің ғажайып ескерткіштерінің бірі «Қоңыр әулие» үңгірін айтпасқа болмас.
Баянауыл жерінің көне тарихынан сыр шертетін аяулы ескерткіші – «Қоңыр әулие» немесе «Әулие тас» үңгірі Жасыбай көлінен үш шақырым жерде орналасқан. Ертеден бері адамзат баласының анасы – Бай ананың құт мекені осы жер деп есептеледі. Аңыздың бір нұсқасында Қоңыр деген әулие осы маңда жер бетін топан су басқан заманда өмір сүрген-мысм делінеді: «Алла тағала пиғыл-пейілі бұзылған халықты топан суына қарық қылғанда, өмір бойы өз бастарына пайда іздемей, біреудің жоғын жоқтап, қауіп-қатерден сақтандырып, дамыл алмайтын, отбасын құрмайтын үш ағайынды: Қоңыр, Қыран, Құлан дегендер Нұқ пайғамбардын кемесіне мінсек , ауыр болып кетер, қырсығымыз тиер, оған да жасаған жақсылығымыз болсын деп екі тақтайды құрап мініп, олар тәуекелге бел буып, бақанды кемеге байлап, ілгері қарай жылжи түседі. Алып кеме бүкіләлемдік ағыс бойымен солтүстіктен оңтүстікке қарай бет түзейді. Әулиенің үлкені саналған Құланның бөренесі алғашқы болып тасқа соғылып, жұлынып кетеді. Бұл жағдай қазір жергілікті жұрт Әулие тау деп те атайтын Қызылтау маңында болған деседі. Ортаншы әулие Қыранның да бөренесі сондай күйге түседі. Биік Ақбет тауына соғылған бөрене сол жерде қалады. Кіші әулие Қоңыр су қайтып, таулар мен шоқылар ашыла бастаған шаққа дейін аман-сау жүреді. Ол мінген бөрене қазіргі үңгірге дейін жетеді. Әулие сол жерді қоңыс етіп, өз тіршілігін жүргізе бастайды. Осыған байланысты үңгір ертеден киелі мекеннің бірі саналған. Олай болуының да өзіндік себебі бар. Үңгір түкпірінде қазан секілді дүние бар. Соған күн құрғамай су жиналады да тұрады. Жұрттын айтуынша, сол су барлық аурудан сауықтыратын қасиетке ие. Аллаға бәрі мағлум, аяушылығына алып, су қайтқанда, оларды осы Баянаула тауынан шығарыпты. Қоңыр әулие қазірғі Жамбақы жеріндегі тауларды, Қыран Баянтаудың ұшар басын, Құлан Қызылтауды мекендегені туралы аңыздар бар. Қоңыр әулие әркімнің сұраған тілегін беріп, Қыран әулие әркімнің жоғын тауып беріп, келе жатқан жауды күншілік жерден көріп, адам болып хабар беріп, сағым болып жоғалып кетеді екен. Іздегенге оңай таптырмапты. Құлан әулие кейде құлан, кейде адам бейнесінде көрініп, халық малының амандығына, өсіп-өнуіне жәрдем жасайды екен».
Бұл аңыз әлі де егжей-тегжейлі зерттеуді қажет ететін ғажап мазмұнымен қызықтырады. Нұқ пайғамбардың топан суға қатысты әңгімесі басы Таурат болып барлық ескі шежіреде белгілі, бірақ Нұқпен бірге сол ғаламат топан судан құтылған үш әулие туралы аңыз тек қазақта ғана бар. Олай болса, Қоңыр әулие үңгірінің қасиетіне табыну – тас дәуірінің көне қатпарларынан келе жатқан адамзат баласының ең көне, ең тұңғиық, мөлдір бастауларына нұсқайды. Бұл – адамзаттың балалық шағы.
«Қоңыр әулие» үңгірінің ішкі құрылысы жайында сөз қозғап көрелік. Үңгірге кіреберістің қалпы (формасы) күмбез тәрізді, оның едені бойынша ені – 1,8 метр, биіктігі – 2,5 метр. Үңгір бір-біріне жалғасқан үш бөлмеден тұрады деп айтылып жүр. Бірінші бөлме – ғибадатхана, ұзындығы – 12 метр. Екіншісі – жатын бөлме, ұзындығы – 7 метр. Үшінші бөлме – қазандық, ұзындығы – 1,5 метр. Үңгірдегі алдыңғы екі бөлменін төбесі бірынғай күмбес тәрізді болып келген. Ал бұл бөлмелердің ені мен биіктігі үңгірге кіреберістегі шамалармен мөлшерлес. Қазандық бөлмесінің едені жатын бөлменің еденінен 0,7 метрге жоғары, төбесі күмбес тәрізді, ал оның ені мен биіктігі жатын бөлменің өлшемдерімен шамалас. Бұл бөлменің еденінде қазанға ұқсас тереңдігі 0,3 метрдей шұқыршақ бар. Мұнда аздаған су болады. Айтпақшы, тас қазанға су қайдан келеді? Оны былайша түсіндіруге болады. Үңгірге сырттан кірген жылы ауа қазандық бөлмеге жеткенде суып, конденсация заңдылығымен суға айналады.
Тарих ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Артықбаев 2009 жылы Астанада «Менің Отаным – Қазақстан» сериясымен басылып шыққан «Баян-аула» деген кітабының 73-ші бетінде: «Қоңыр әулиенің жоғарғы жағында екінші қабаты бар сияқты, арнайы саты болмаса, оған көтерілу қиын, ертеде кеңестіқ жүйе тарапынан сан рет құғын-cүргін болғанда Мағзұм дуана, Сығымбак дуана сияқты Қоныр әулиенің щырақшылары үңгірдің жоғарғы жағындағы бөлмешеге шығып кететінін айтады жергілікті қариялар деп жазады.
«Қоныр әулие» үңгіріне соңғы барғанда іші-сыртын жан-жақты екі сағаттай тексеріп, оңын табиғаттың таңғажайып туындысы екендігіне көз жетті. Атап айтқанда, үнгір біздің заманға дейінгі дәуірдің алыс заманында өмір сүрген адамдардың қолымен жасаған немесе оны басқа ғаламшардан келген тіршілік иелері жасап кеткендей. Үңгірдегі тас қазанға қолымды тигізіп, оны сипалап көргенімде байқағаным: қазаншаға ұқсас ойық адамның қолымен өңделіп жасалған деуге болады. Дәл осы үңгірдегі адам қолдарынан өнделіп жасалған қазанға ұқсас шұқыршалар Еуропа, Азия және Америка материктеріндегі үңгірлерде де бары белгілі.
Етектен үңгірге дейін көтерілу үшін қабығы аршылған сырғауылдар мен ағаш тақтайдан ұқыпсыз сәкілер жасалған. Оның ұзындығы 110 метр шамасында, сәкілермен 10-15 метр көтерілгеннен кейін демалуға арналған аялдамалар бар. Бүгінде мұндағы сәқілердін тозығы жеткен сияқты. Кейбір тақтайлар сынұға жақын . Сондықтан «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне дейін үңгірге көтерілетін қазіргі сәкілерді техниқалық жобамен жаңарту керектігіне облыстық туризм бысшыларын құлақтандырған артық болмас.
Әулиетас киелі үңгірі туралы белгілі өлкетанушы Н.Коншин ХІХ ғасырдың соңында «Керекуден Қарқаралыға дейін» аталатын жол жазбасында тамсана жазады: «На Аулие-тас ездят молиться больные и просто бедные киргизы, а главным образом бездетные женщины. Приезжают обыкновенно под вечер и ночь проводят или в пещере, или где-нибудь вблизи ее. Богатые колят барана и мясо его варят, разложив костер у входа в пещеру. Мясо варится непременно в воде из казана в пещере, оттуда же берут воду для омовения, пьют ее и особенно поливают ею больные части тела. Вода это по мнению киргиз имеет целебные свойства. Как мне потом рассказывал один баянаульский старик – Чагыбай Тасыбаев, молящие делают еще свечи из чия, обвернув его ватой или тряпками, пропитанным жиром от заколотого барана; эти свечи (шырак) жгутся в пещере, причем показывают вид, что умываются огнем и потирают им больное место на теле. Чем больше сжигаются свечи, тем лучше. По тем снам, какие снятся во время спанья около пещеры, можно судить исполнится или нет просимое. Бедные, в знак жертвы вешают повсюду лоскутки, а богатые как я сказал, колят барана и кладут на казан в пещере деньги. Эти деньги , по словам того же Чагыбая, бедняки имеют право взять себе, но при этом непременно надо обратиться к святому духу пещеры со словами «таксыр, не сердись, позволь мне взять эти деньги».
Глубокой, немагометанской стариной вьет, конечно, от всех описанных обрядов. Татары не почитают пещеры и если когда и ездят к ней, то из простого любопытства, как и русские. Несмотря на расспросы многих из киргиз, я не мог хорошо выяснить, кому молятся они в Аулие-тас. От некоторых я слышал рассказ о святом, который жил в пещере – на высоком потолке и теперь витает, будто бы его душа, а по словам других, там есть даже опочивальня святого…»
Әр жердің шығу тарихына байланысты аңыз-әңгімелер көп. Әрине олардың көбісі тарихи оқиғалармен, тарихи тұлғалармен сабақтасып жататыны – өмір ақиқаты. Олар аңыз-әңгімелер түрінде, заттық айғақтар түрінде бүгінгі күнге жетіп отыр. Солардың ішіндегі бүгінгі біздің құлағымызға жетіп, саналы із қалдырып, тәрбиелік мәнге ие болып жүрген аңыздың бірі ол «Баянауыл» деген сөз қалай шыққаны туралы. Өйткені қасиетті үңгір қазақ даласында сонау тәңір заманынан келе жатқан киелі орын. Сол заманда өмір сүрген қазақтар Қоңыр Әулие маңында орналасқ ана бейнесіндегі шалқасынан жатқан тауды «баянды ана» деп атаған. Олай аталу себебі: ауырған адам ем іздеп, баласы жоқ ана бала сұрап, кедей байлықты аңсап, бай байлығын асыруға осы таудың етегіне келіп, құрмалдық шалып, малдың шек майынан білте жасап, үңгірге келген адамдардың ниеттері қабыл болып, халық баянды өмір сүре бастаған. Сол заманның қазақ даласында жазылмаған заңы болған. Атты адам ауыл сыртынан шауып өтпей, жөн сұрасып, бара жатқан бағытын айтып отырған. Жолаушыдан «қайда барасың?» дегенге, «баянды аулына барамын» деген екен. Сол себептен Баянауыл атауы содан қалыпты деседі. «Баян» деген ұғым баянды деген сөзді білдіреді.

Алладан пәрмен сұрайтын жері туралы пікірлер:
Болат Аманбаев, тілші:
Баянауылдағы қасиетті «Қоныр әулие» мекені - осы. Қыратты жерде, 900 метр биіктікте тұр. Спутниктік навигациялық орталықтын өзі бұл жерді бірде көрсетіп, бірде көрсетпейді. Кезінде бұл жерде Абылай, Есім, Тәуке хандар да болған екен.
Өйткені бұл – қазаққа қорған болған орын. Жоңғар, қалмақтар аяқ баспаған. Олар жол таба алмай адасады екен. Жау қоршауында қалған хан Абылай бірде қос бозының бірін құрбандыққа шалып, осы уңгір ішіне түнейді. Ертеңінде қараса, қалмақ қолы шегініпті. Шамасы қазақ ханы жасырынар жер жоқ, деп ойласа керек. Адам сенбес бұндай кереметтер қазір де болып тұрады.
Роза Сләмқызы, Баянауыл ауданының тұрғыны-17 жылдан бері туристерге жолбасшысы болып жүр:
Қоңыр әулиенің басы лаборатория, деп саналады. Неше түрлі құбылыстар болады. Кейбір адамдар оны өздері сезіп, тағы келгісі келіп отырады. Бұнда күн сайын кемінде 200, ал, демалыс күндері 700-ге жуық адам келеді. Мәшһур Жүсіп жазбаларында бұл «Әулиелердің Алладан пәрмен сұрайтын жері», деп көрсетілген.
Алтынбек Жұматұлы, өлкетанушы, шырақшы:
Сізбен біз отырған жерді мешіт бөлігі дейді. Үстінде күмбезі бар. Екінші бөлігі –қоналқы бөлігі. Жаңағы өзіңізге айтқандай, құрбандық шалған адамдар екінші бөлмеге келіп қонады. Бірақ ол бөлмеге кірерде босағасында хан да, қара да басын иіп кіретінің көріп тұрсыз. Үшінші бөлме – қазандығы. Ол қазандықта – қасиетты су.
Ол қыста да қатпайды. Ал теріс пиғылды, қатыгез адамдар келсе, тартылып қалады екен. Тағы қыста қоңыр түсті көбелектер ұшіп жүреді. Мұны шырақшылар әулеті талай байқаған.
Жаңғозы Алтынбекұлы, шырақшы ұрпағы:
Мұнда менің ата-бабам шырақ жаққан. Тілек тілеген, дұға оқыған бұл жерде. Ата-бабамнан қайталай шырақ жаққым келеді.
Бұрын осы үңгірде Бұқар Жырау, Шоқан Уәлиханов, Мәшһүр Жүсіп, Г. Н. Потанин, Қаныш Сәтбаев, Әлкей Марғұлан тағы басқа да атақты адамдар болыпты. Кейінгі жылдардың жаз айларында аталмыш үңгірді тамашалауға әр жерлерден жүздеген адам келеді екен. Солардың ішінде Қытайдан, Моңғолиядан, Еуропа мемлекеттері мен АҚШ-тан келетін туристер де жетерлік. Бұл үңгірге Қазақстан Республикасының кейбір басшы төрелері, белгілі жазушылары мен ғалымдары да келіп-кетіп тұрады. Жалпы, көпшілік аталмыш үңгірді ертеден қасиетті де киелі орынға балайды. Үңгірге келіп түнеген адамдардың шын пейілді тілеулеріне орай былайғы жұрттың айтуынша, атқамінер аңсағандар ұлды болып, сырқаттылары ауруынан айығып кетеді екен.
Қоңыр Әулиеде жалғанған үміт...
Ел арасындағы «Темірше тағы да ішіп кетіпті», - деген сыпсың сөздің тиылғанына да ширек ғасыр өтіпті-ау. Ол кезде бұлар жас үйленген. Оқуларын тәмамдап, жолдамамен шалғайдағы ауданға келген. Обалы не керек, аудан басшылары «Жастарға жағдай жасауымыз керек» деп, совхоздан төрт бөлмелі үй бергізген. Төрт-бес жылда қызметтеріне әбден төселген жастар қатарынан қалмай тірлік кешіп жатты. Сырт көзге уайым-қайғысы жоқ бақытты жандардай көрінетін...
Бірақ, қазекеңнің кей сөзі сүйектен өтпей ме? Даңғарадай үйде екеуден-екеу тіршілік етіп жатқандары арқаларына аяздай бататын. Әуелде, ес жиып алғанша баланы қоя тұралық деген келісімдері уақыт өте келе екеуінің бас ауруына айналады. Арада ай алмасып, жылдар жылыстаған сайын кез келген ортада баласыздық жайында сөз бола қалса, бұл екеуі қарадай қипақтап, қызарақтайтынды шығарды. «Ағайындарыңнан немесе жетімдер үйінен бала асырап алмайсыңдар ма?» дейтін ақылшылар да табылды. Жанашыр жандардың кеңесімен бірқатар дәрігерлерге де қаралған. Нәтиже болмады. Ақ
халаттылардан қайран болмағасын, жазғы демалыстарын пайдаланып, елдің әр қиырындағы біраз атышулы бақсы-балгер, емші-домшыларды да адақтап қайтқан. «Алланың бермегенін адамнан сұрап ала алмайсың» деген рас екен.
айналдыра бастайды. Әуелде әдеппен ішіп жүретін жас мұғалім келе-келе ішпесе тұра алмайтын күйге жетеді. Кесірінен жұмыстан да шығарылды. Есін бір жиғанында «Енді ішсем, Темірше атым өшсін!» деп Жаңылға да, өзіне де уәде беретін.Бірақ көп өтпей, ескі соқпағын қайта шиырлайтын. Сондай сау күндерінің бірінде аудан орталығындағы шағын базарда жолыққан бейтаныс қария жөн сұрасып:- Е, шырағым –ай, асылдың сынығы екенсің ғой. Жарықтық әкенді білуші ем,- дей келе, Жасыбай көлінің батысындағы тау қойнауында ел «Қоңыр әулие» атап кеткен үнгірдің бар екенін, сол үңгірге түнеп қайтуларына кеңес берген. Үнгір жайында нақтылап сұрап алмақ болып ақсақалды қайта іздеп еді, таппады... Жер жұтып қойғандай, зым-зия...
...Содан күндердің күні ақсақалдың айтқаны ойына оралып, келіншегін ертіп үңгірге барады. Күні бойы іздеп, ақыры көз байланған шақта жығылып-сүрініп көздеген межеге жеткен қос мұңлық үңгірге бойлап кіруге жүрексініп, кіреберіс ауызыға жантая кетеді. Таң атқалы тау-тасты кезіп шаршағандікі болар, қатып қалыпты. Таңға жуық:
-Балам, сен енді есінді жи. Алла көз жастарыңды көрді. Бір жылдан соң дүниеге егіз бала келеді. Ұлдың аты Құндыз, қыздың аты Жұлдыз болсын, - деген таныс дауыстан оқыс оянған Темірше таңғы алагеуімде мәңгіріп біраз отырып қалады. Ары ойланып, бері ойланып, ақыры, таныс дауыс иесін де тапты-ау, әйтеуір. Иә, сол баяғыда базарда кездесіп, кеңес берген ақсақалдың дәл өзі. Ақсақал әулие екен, айтқаны айдай келді...
Сол оқиғадан кейін Темірше ішімдік атаулыны сап тыйған. Қазір Құндызы Астанада, Жұлдызы Жезқазғанда тұрмыста. Екеуі де балалы-шағалы.
«Тарихқа аты мәлім» өлеңінен үзінді:
Ағайын: қоңыр, қыран, құлан деген,
Әдетте жақсылыққа құмар дер ем.
«Ауыр боп қырсығымыз тиіп қалар,
Мінбейік нұх пайғамбар кемесіне»-
Депті де екі тақтай құрап алып,
Жүріпті су бойымен жылдам ағып.

Алла әр пенденің сырын ұққан,
Сақтайды жақсы адамды қиындықта.
Адал жандар пейілі қабыл болып,
сәлден соң баянтауға бәрі шыққан.
Әулие қоңыр қазыр жамбақыда,
Қыраным баянтаудың ұшарында.
Ал құлан-қызылтауды мекен еткен
Бойында қайраты мен күш барында.

Әулие қоңыр дана ғой ел білетін,
Адамның қабыл еткен шын ниетін.
Әулие қыран болса, жоқты тауып,
Өзінің байқатыпты кереметін.

Әулие құлан болса кейде құлан,
Ойларсың: «расында мынау шын аң».
«Бұл жұртым аман-есен болса екен» деп,
Әрдәйім тілек тілеп болған алаң.
Таудағы үлкен үңгір бүгіндері,
Тартады сырларына дүйім елді.
Талайлар осы арадан шыққандардың,
Жәйнаған, жарқыраған жүзін көрді.
Ем алған сырқаттанған мұнда түсіп,
Алдынан жадыратқан самал есіп.
Бір түрлі әсер алып оралған жұрт,
Тас қазан ішіндегі судан ішіп.
Көкірек көзі сонда ашылады,
Көңілдің шіркін қандай тасығаны.
Ел-жұрттың күні бойы шаршағаны,
Үңгірден шыққан кезде басылады…

Ұлы жоққа ұл берген, қызы жоққа қыз берген Қоңыр Әулие үңгіріне келушілерге шырақша, Баянаылдық азамат Алтынбек Құрманов жөн сілтеп, шежіре шертеді. Әрине, «жалғыздың шаңы шықпас» дегендей, жалғыз шырақшының ағылып жатқан келімді-кетімді жұртты қадағалап үлгеруі мүмкін емес. Сол себепті мұндай қасиетті орынға әр адам дәрет алып, ниеттеніп, дұрыс киініп баруы керек. Сонымен қатар, ішімдік ішпей, тәртіп сақтаған абзал болады. Ондай жерде айналаны шашып, шөлмектер мен басқа да қоқыс қалдыру –мәдениетсіздік. Қоңыр әулие үңгірін бетке алғандар осыны ескерсе екен...
загрузка...

Пікір қалдыру

Есім:* E-Mail:*
Суретте көрсетілгендей екі сөзді еңгізіңіз: *