dle
Rss
Жаңа портал
Сауалнама
Жаңа оқу жылына бір баланы дайындау үшін қанша ақша жұмсайсыз?
15-30 мың теңге аралығында
30-45 мың теңге аралығында
50 мыңнан жоғары

Бізбен бірге
Әдістемелік сайт » Қазақ тілі әдебиет » қазақ тілі мен әдебиеті сабақтары
  • Жариялады: admin
  • |
  • Пікірлер: 0
  • |
  • Оқылды: 1678

№172 қазақ орта мектебі
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі Аяпова М.К.
Қызылорда қаласы
5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Кітап - өмір ұстазы
Сабақтың мақсаты: Білімділік. Кітаптың адам өміріндегі орны туралы
түсінік беру.
Дамытушылық. Кітапқа деген оқушылардың
қызығушылықтарын арттыру, сөйлеу мәнерін
дамыту.
Тәрбиелік. Оқушыларды кітапты сүюге баулу және
кітапты күтіп ұстау ережелерін білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың типі: саяхат сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, әңгімелеу,
Сабақтың көрнекілігі: балалар әдебиетінен кітап көрмесі, ертегілер әлеміне саяхат
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
ІІ. Жаңа сабақ. Оқушыларды сабақ түрімен және мақсатымен таныстыру.
Мұғалім: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін біздерде ертегілер әлеміне саяхат жасау сабағы өтеді. Бүгін біздер үшін айрықша күн. Бүгін сендер, яғни, мектеп кітапханасына жазылмаған балалар, оқырман болып қабылданасыңдар. Мектеп кітапханасына қонаққа қош келдіңіздер!
Кітапхана сөзінің мағынасы нені білдіреді?Ол араб тілінен енген сөз, жазу қоймасы деген мағынаны білдіреді.
Білесің бе кітап білім ұясын,
Келесің мұнда, өмірге азық жиясың.
Оқып біліп, зерттеп көріп санаңа
Терең білім, ой маржанын құясың.
Дейді ойшылдар «Кітап – білім бұлағы»,
Кітапхана- сол кітаптар тұрағы.
Көп үйреніп, көп оқыған баланың
Анық тағы білімпаз боп шығары.
Кітаптар кітапханада тек қана сақталмайды, олар мұнда өмір сүреді және өздерінің оқырмандарына қонаққа барады.
Сондықтан олардың іші пыспасын десеңдер оқуға алған кітапты мерзімді уақытында қайтару керек. Өйткені оларды басқа балалар да тосады.
Кітап – ол ең жақын дос, егер сен оны шынымен жақсы көрсең.
Арайлым:
Қуан кітап, қуанатын күн бүгін,
Серпіп таста мұңды жүрек түңдігін.
Кел, оқырман, тойын тойла кітаптың,
Шаттанатын мерекелі күн бүгін.
О, кітап, бас иемін мәртебеңе,
Игілік қазынасың бар адамға.
Сен берер игіліктің есебі жоқ,
Жеткізіп жолын тауып айта алам ба?

Данияр:
Адамның досы кітап - өмір кілті,
Тең емес оған жиған мүлкің,
Ақылшы жанға серік,
Ақыл – ой қазынасы, өмір көркі.
Ал сендер кітаппен дос болғыларың келе ме?
Оны қазір байқап көреміз. Бүгін біз сендермен әр түрлі ойындар түрлері арқылы Кітап кейіпкерлерінтабамыз, кітапты күтіп ұстау ережесімен танысамыз.(төмендегі суреттермен таныстыру)
Сендер келгенше бізде қонақтар болды. Қане, олар кімдер екен?
Кебіс кімдікі? (ханшайымдікі)
Себеттегі самса (қызыл телпек)
Жыртық шапан (Алдар көсе)
Кілт (буратино)
Хат (Хат тасушы Печкин)
Жарайсыңдар, бірақ, балалар, біз көп қонақ шақырғанбыз, олар неге келмей жатыр екен? (есік қағылады) Ол кім екен?
Хат тасушы атай: Бұл мен, хат тасушы атаймын, сізге жедел хат әкелдім.
Мұғалім: Олай болса, оқиық, кімнен екен?
Қане, балалар, сендер маған көмектесіп жіберіңдер?
1. Мерекеге келе алмаймын, менің таныс атайым жоғалып кетті, мен оны табуым керек. (Андерсен ертегісіндегі Герда)
2. Мерекеге сондай барғым келді, бірақ Африкадағы жануарлар ауырып қалды, соларға барамын. (Айболит)
3. Келгім ақ келеді, бірақ пеш тартпай қалды. (Жалқау Емеля)
Олардың келе алмағаны өкінішті. Ал, енді ертегілерді шешуге қалайсыңдар?
1. Орман жанында
Үшеуі бір үйдетұрады.
Үш төсек, үш жастық,
Қане, олар кімдер? (үш аю)
2. Ұшып келіп батпаққа түсті
Батпақта оны ұстап алды.
Кім жасыл қабыршақты шешіп,
Бір сәтте сұлу ханшайымға айналды? (патшайым бақа)
3. Қаймаққа иленген,
Терезеде суытылған,
Сап-сары домаланған. (бауырсақ)
4. Жерден аспанға ұшу үшін
Оған үлкен сыпыртқы керек. (мыстан кемпір)
Жарайсыңдар! Ертегі кейіпкерлерін сендер жақсы білесіңдер. Мына өлең жолдары қай ертегіден екен?
Жол алыс,
Ал себет ауыр,
Отырамын түбірге самсаны жеп. (Маша мен аю)


Шал кемпірге оралды:
Кемпірде жаңа астау. (балықшы мен алтын балық)

Тартамын, тартамын,
Тіпті де жұла алмаймын. (қызылша)
Дилназ
Енді өздерің кітап оқу үшін келдіңдер. Кітапты не үшін оқиды?
Кітапхана – кітаптардың ордасы,
Білсең кітап – нағыз жолбасшы.
Ал, білімің – кітап нағыз,
Қанып ішсең сусыныңды қандырады.
Кітап – ұстаз,
Кітап – үйретуші.
Кітап – нағыз дос, жолдас,
Ақылы бұлақ көзіндей еш азаймас.
Балалар, сендердің қолдарында кітапхананың қандай кітаптары бар? Еске түсірейікші. (оқулықтар)
Наргиз:
Ал, олар қандай күйде?
Жыл бойы кітап иесі
Оқиды, өзіңе бірдеңе белгілейді.
Көктемде кітап өткізерде
Ол бәрін айтып қояды,
Оның не жазып қойғанын.
1-кітап, Аяулым: Қалың қалай, кітабым?
2-кітап, Батырхан:
-Ой, мен сыныптың алдында ұяттымын, Менің қожайыным сыртқы қабымды жұлып алды! Онымен қоймай беттерімді де жұлып алды. Одан қайық, ұшақ жасады. Ал, сен бүтінсің бе?
1-кітап, Аяулым:
Сенің халің маған таныс. Менің оқушым қол жумай сабаққа отырған емес, беттерімде де бір сызық жоқғ тап-таза. Мен оны қалай болса солай емес, тек беске оқуға үйретемін.
2-кітап, Батырхан: Ал менің оқушым үшке әрең ілігеді, тіпті екілік те алады. Ой, мен сынып алдында ұяттымын.
Екі кітап қосылып:
Кітап та алма ағашы
Жемісін бізге беретін.
Тәтті алмаға балашы
Кітабыңның әр бетін.
- Балалар, қай оқулықты қолдарыңа алып оқығыларың келеді?
Сендерден кейін осы оқулықтарды басқалары пайдалана алуы үшін сендер кітап нені жақсы көретінін білулерің керек.
Ойын «Иә-жоқ». Егер келіссеңдер иә, келіспесеңдер жоқ дейсіңдер.
Кітап нені сүйеді?
Кітап бауы «иә», Қар не жаңбыр «жоқ», Кір қолды «жоқ», Ұқыптап ұстауды «иә», Еркелеткенді «иә», Қуырған жұмыртқаны «жоқ», Еденде жатқанды «жоқ», Таза қолды «иә», Төбелескенді «жоқ», Кітап сөресінде тұруды «иә», Білгіш оқушыларды «иә».
Кітапхананың тұрақты оқырмандары бізді кітапты пайдалану ережесімен таныстырып өтсе;
1. Кітапты тек таза қолмен алуға болады.
2. Беттерін қатты басуға болмайды, одан кітап парғы түсіп қалады.
3. Кітаптың арасына дәптер, қалам салуға болмайды, одан мұқаба бүлінеді.
4. Кітапты бүктеме, кітап баулығын пайдалан.
5. Тамақ ішкенде кітап оқымау керек.
6. Кітап бетіне қалам не қарындашпен сызуға болмайды.
Ал, оқушылар сендер кітаптапрмен дос болғыларың келе ме?
Мадина:
Ойшылдар мен білімпаздар мекені
Бәріне аяң кітапхана екені.
Кітаппенен дос болуға баулитын
Кітапханашы мұнда қызмет етеді.
Саят:
Өмір мәні өнер менен білімде,
Құштар болсаң көп құмартып білуге.
Қарсы алып сәні дәйім күлімдеп,
Жөнін айтып, жол нұсқайды білімге.
Осы кезде кітапханашы Дамира:
1. Кім мәңгілікке кітапхананың нағыз досы?
2. Кім көп кітап оқыған, бірақ ештеңе де тоқымаған?
3. Кім екен жыл бойы оқулығын ұқыпты ұстаған?
4. Достар, кім айтады кітапты жыртып, былғамау керектігін?
5. Кітапқа қарап есінеп, тек суретін ғана көретін оқушыны кім дейміз?
6. Дұшпанын жерге қаратып, кітаптан білім алатын кім?
7. Айтар екен кім тақпақ пен ертек сүйетін?
Жарайсыңдар, сендер кітапхананың оқырманы болуға лайықтысыңдар, кітап біздің досымыз, өмірлік ұстазымыз.
Дастан:
Білім сүйсең, кел күн сайын осында,
Кітап сенің айналады досыңа.
Талаптансаң үйренуге құмартып,
Келгін, жас дос, ізденейік қосыла.
Дамира:
Кітапханаға жиі келіңіздер, бірге ізденіп бірге оқиық. Сау болыңыздар!
Оқушылар тәрбие сағатымызды «Айгөлек» әнін айтып аяқтайды.

-----------------------------------------------------------------------------------

І. Сабақтың тақырыбы: Ж. Молдағалиев «Ар-ұят туралы» өлеңі.
ІІ. Мақсаты: 1. Білімділік
Ақын өмірінен қысқаша мәлімет беру. Өлеңмен таныстырып, мазмұнындағы негізгі ойды ұғындыру.
2. Дамытушылық
Өз ойларын дәлелді айта білуге үйрету. Шығармашылықпен жұмыс жасай білуге баулу.Танымдық ой-дағдыларын дамыту.
3. Тәрбиелік
Оқушылар арасында ұйымшылдық, достықты нығайту. Ар-ұятты, намысты биік ұстайтын адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
ІІІ. Пәнаралық байланыс: Қазақ тілімен, әдеппен.
ІV. Көрнекілігі: Ақын суреті, плакаттар, ақ қағаздар, үлестірме қағаздар (карточкалар), бор, тақта.
Ү. Сабақтың типі: Аралас сабақ
VІ. Сабақтың түрі: Дамыта оқыту
VIІ. Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау (СТО) стратегиялары
1. топтастыру (5 топқа бөліп отырғызу)
2. стратегиялар :
«Дөңгелек үстел», «Өзара бөліп оқыту», мәнерлеп оқу, бөлімдерге ат қою. «Соңғы сөзді мен айтайын», «Автор орындығы», эссе.
VIIІ. Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушыларды түгелдеу
ә) Сынып бөлмесінің эстетикалық жағдайына көңіл бөлу
б) Оқушыларды 5 топқа бөліп отырғызу
2. Өтілген материал: Қ. Аманжолов «Дауыл» өлеңі.
Сұрақтарды жылжымалы тақтаға жазып қою.
Сұрақтар:
1. Қ. Аманжолов кім?
2. Ол қай жылы, қай жерде дүниеге келді?
3. Қ. Аманжоловтың бойында тағы қандай өнері болды?
4. Ұлы Отан соғысы кезінде ақын еліне қандай қызмет етті?
5. Оның қандай шығармаларын білесің?
«Дауыл» өлеңін жатқа айтқызу. (1,2,7-шумақтар)
3. Жаңа материал: Ж. Молдағалиев «Ар-ұят туралы» өлеңі.
І. Қызығушылықты ояту.
Жұбан Молдағалиев туралы қысқаша мәлімет беру.
1920 жылы Батыс Қазақстан облысының Сайқұдық деген жерінде туылған.
Шын аты – Жұбаныш. Әкесі – Молдағали және үш бірдей бауыры ақын дүниеге келген жылдары ел ішінде болған оба ауруынан қайтыс болады.
Анасы Зеріп әрі әке, әрі ана болып, қолындағы жалғызын өсіріп, ер жеткізеді. Қиындыққа төзген қажырлы анасы кішкентай Жұбанды жырмен жұбатып, қазақ дастандарын әңгімелеп беріп, өлеңмен сусындатты. Жұбан Молдағалиев «Анкетама қосымша» деген өлеңінде аяулы анасын сөз ете отырып, «Тежеусіз, тоя ішкенім өлең болды», - дейді.
Мектептен соң Орал ауыл шаруашылығы техникумында оқиды.
1940 жылы әскерге алынады. 1941 жылғы Ұлы Отан соғысында майданға әскерден аттанады. Соғыстың басынан аяғына дейін қатысқан жауынгер ақын елге 1947 жылы оралады.
Түрлі қызметтер атқара жүріп, шығармашылықпен айналысады.
Жалынды жырларымен халық жүрегінен орын тепкен ақын 1988 жылы дүниеден өтті.
- Бүгін біз ақын атамыз – Жұбан Молдағалиевтің «Ар-ұят туралы» деп аталатын өлеңімен танысамыз.
ІІ. Мағынаны таныту.
- Балалар, өлеңмен таныспас бұрын «Ар-ұят туралы біз не білеміз? Кім, қалай ойлайды?» Осы сұрақ төңірегінде «Дөңгелек үстел» әдісі бойынша жазып шығайық.
(Оқушыларға ойларын жазғызу, оқыту)
- Енді ақын өлеңімен танысамыз. (мұғалім мәнерлеп оқиды)
Сұрақ: -Қалай, балалар, сендердің ойларың ақын ойымен байланысады ма екен? Әлде алшақ па?
- «Өзар бөліп оқыту» әдісі бойынша өлеңді 5 топқа 4 шумақтан бөліп беремін.
Енді оқушыларға оқытамын. Әр топтан бір-бір оқушы бөлінген бөлімді мәнерлеп оқуы керек.
- Бөлімдерге ат қою.
Әрбір топ мүшелері өздеріне бөлінген тұстан мәнін ашатын бір өлең жолын (тармақты) тауып, соны бөлімнің аты етіп алады. Мысалы: 1-бөлім «Ожданнан безінбе»; 2-бөлім «Ұят та –зор парыз, зор сүндет»; 3-бөлім «Ұятпен адамдық өлшенді»; 4- бөлім «Ұят-өлімнен күшті»; 5- бөлім «Ар-ұят--кісілік».
Оны тақтаға жазады. Балалар дәптерлеріне жазып алады.
- «Соңғы сөзді мен айтайын» әдісі бойынша үлестірме қағаздар (карточка) таратамын.
Балалар әсер еткен жолдарын жазып, келесі бетіне неге жазғанын, ойын дәлелдеп жазады.
«Сонғы сөзді мен айтайын» (үлестірме қағаз)
Бірнеше балаға өз жазғандарын оқытып, ішіндегі ең мазмұнды пікір жазған баланы «Автор орындығына» отырғызамын.
ІІІ. Ой-толғаныс.
«Автор орындығындағы» балаға басқа балалар сұрақ бере алады.
Мысалы: 1. Ұялып қалу деген не? 2.Сен намысқойсың ба? т.б.
Өлеңдегі негізгі ойға қатысты жауап айтады.
4. Пысықтау.
Оқушыларға ар-ұят туралы мақал-мәтел айтқызу.
5. Үйге тапсырма:
Қалаған шумағын жаттау. «Ар – адамдық өлшемі» тақырыбында эссе жазу.
6. Бағалау.
Белсендік танытқан, араласып отырған оқушыларды бағалау.
7. Қорытындылау.
Тақтаға ілінген плакаттағы Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) сөзімен қорытындылау:
«Ойланудың., ұялудың бәрі – қайырлы іс. Адамдардан ұялыңыз, Алладан ұялыңыз.
Тіпті өзіңізден өзіңіз ұялыңыз. Кімнен ұялсаңыз да бұл қылығыңыздың бәрі де қайырлы болмақ.» («Пайғамбар сөзі» 405-сөз).


қазақ тілі мен әдебиеті сабақтары

Пікір қалдыру

Есім:* E-Mail:*
Кодты еңгізіңіз: *

Ілмек сөздер