dle
Rss
Сайтта жарнама
marketgid1
САБАҚ ЖОСПАР
marketgid2
Сауалнама
Жаңа оқу жылына бір баланы дайындау үшін қанша ақша жұмсайсыз?
15-30 мың теңге аралығында
30-45 мың теңге аралығында
50 мыңнан жоғары

Жарнама
  • Жариялады: admin
  • |
  • Пікірлер: 0
  • |
  • Оқылды: 35
СЕНІ САҒЫНДЫМ
СЕНІ САҒЫНДЫМ

Айдын көлден жалғыз аққу көргенде,
Жабы – тірлік жаныма кеп төнгенде,
Күй кешкенде шерлі, мұңлы, шерменде,
Сені сағындым...

Сағынышқа қалай ғана жан шыдар?
Өткен күндер сезімімді қамшылар,
Тереземді қаққан кезде тамшылар,
Сені сағындым...

Тақырып боп мен жазатын дастанға,
Тылсым сыр кеп тұнған кезде аспанға,
Қара түн кеп иығымнан басқанда,
Сені сағындым...

Санама ойды өмір жиып сатылап,
Алтын түстес күйге енгенде атырап,
Қалықтап кеп құлағанда жапырақ,
Сені сағындым...

Қолыма алып өзің жазған хаттарды,
Кезіп келем біз жүретін бақтарды,
Көрген кезде құлап жатқан ақ қарды,
Сені сағындым...

Жақсылықтың желбіретіп желкенін,
Шақырғанда ертегідей ертеңім,
Бірақ, бірақ... қажағанда келте мұң,
Сені сағындым...


АЛМА ТҮСІПБЕКОВА
загрузка...

Пікір қалдыру

Есім:* E-Mail:*
Суретте көрсетілгендей екі сөзді еңгізіңіз: *