dle
Rss
Сайтта жарнама
marketgid1
САБАҚ ЖОСПАР
marketgid2
Сауалнама
Жаңа оқу жылына бір баланы дайындау үшін қанша ақша жұмсайсыз?
15-30 мың теңге аралығында
30-45 мың теңге аралығында
50 мыңнан жоғары

Жарнама
  • Жариялады: Жарқынай
  • |
  • Пікірлер: 0
  • |
  • Оқылды: 140
«Ертең тағы да қойдың кезегі» демекші, ертең тағы да жұмыс, тағы да сол баяғы сабақ, сол баяғы оқушылар.
Әдетте сағат түнгі бір жарымда ұйықтайтын үйреншікті басым, бүгін түнгі сағат 12:00-де сабақ жоспарымды жазып тастап, ерте ұйықтауға бел байладым. Ерте деп отырғаным, біреулер үшін тым кеш те болуы мүмкін.
Таңертең сабағым екінші сабақ екенін білетінмін.Сағат 07.55 оянып, шай қойып, төсектерімді жинап жатырсам, үй телефоны шырылдап қоя берді.Дереу телефон тұтқасын көтерсем, мектебіміздің директорының орынбасары екен.
«Неге сабаққа келмей жатырсың? Кеше саған ескертіпті ғой.Өп – өтірік білмей қаласындар,ә?» деген мұғалімнің дауысы қатты – қатты шықты. Мен болсам, «Бұл қалайша, маған ешкім ескеркен жоқ»-деп ағымнан жарылып жатырмын.
Бәрібір мен киініп бірінші сабаққа бара алмасым анық.Сондықтан екінші сабаққа баратынымды айттым да,телефон тұтқасын қоя салдым.
Үнемі асығыс үсітнде жүретін мұғалімнің жағдайы белгілі ғой, бір аяқ шайымды ішіп алып киініп, мектепке қарай аяңдадым.
Мектепке келсем, қаһарына мініп отырған орынбасарымыз «Тез арада түсініктеме жаз.Телефонды не үшін ұстайсыздар,кеше саған телефоннан хат жазып жіберіпті ғой. Қане, ұялы телефоныңды көрсетші демесі бар ма?
Не керек, өзімді ақтау үшін дереу ұялы телефонымды қарасам,шынында да екінші орынбасар апайдан хат келіпті.Бірақ бұл хатты мен қалайша көрмей қалдым десем, хат түнгі сағат 12:55 жіберілген екен.
Ал екінші орынбасар апайымыз бүгін жұмыстан сұранып кеткен-ді.Екінші сабақ аяқталысымен «Директор шақыртып жатыр!» дегенді естіп, басымды төмен салып, директор кеңсесіне келдім.Болған жағдайға қанық болған басшымы көпті көрген кісі ғой «Бұл арада Жарқынайдың кінәсі жоқ.Егер естіп тұрып келмей қалса, онда әңгіме басқаша.Сағат түн жарымда телефон арқылы хат жазу дұрыс емес» -деді.Ал маған деген ашуы басыла қоймаған орынбасарымыз «Білмеймін,тез арада түсініктеме жазып бер» деп қоймады.
Басшының сөзін екі етпейтін басымыз, қолыма қағаз бен қалам алып, түсініктемені жазып бердім.

Осылайша айқаймен басталған бүгінгі жұмыс күнімнің аяғында орынбасар апайымыз: «Сенің кесіріңнен, ана екінші орынбасардыкі дұрыс емес болып, сол жұмысқа келген соң, қатаң жазаланайын деп жатыр» деп өктем – өктем сөйлеп, қайта шүйлікпесі бар ма?
Шыдамның да шегі бар,мен де қарап қалмадым.
«Осы мәселені мектеп басшысына жеткізбей – ақ өзара шешуге де болады ғой»- деп көкейде тұрғанды айттым да жөніме кете бердім.
Иә,адам адамға қонақ ғой. Мен біреуді жамандап немесе жақсылайын деп жазып жатырғаным жоқ.Өз сабағына кешігіп келіп немесе ұйықтап қалғандарға да ләм деп аузын ашпаған күндерді де білемін.Сонда оларға неге «түсініктем жаз!» тақылдамады екен?!
Әлде......
Кейбір адамдар өздеріңінің қайда жүріп, не істеп жүргенін де ұмытып кететін сияқты.
Мен бұрын сол орынбасар апайды (апай деп айта берейін, бар-жоғы менен төрт –ақ жас үлкен) сыйлайтынмын, айтқанын екі етпейтінмін.Осынау оқиғадан кейін өзім түсініксіз кейіпке еніп, біразға дейін ой құшағында жүрдім.Тіпті ойымнан осы оқиға бір шықпай қойды.
Осылайша, жаныма жақын досым қалам арқылы қағаз бетіне түсіруді жөн көрдім.
Иә,әркім өзінікін жөн санайды ғой.Бірақ менің кінәм қанша?Төрт аяқтыдан артықпыз дейміз, бірақ артық жеріміз қайсы?
Әрбір іс – әрекетімізге ана дүниеге барғанда жауап беретінімізді де ұмытпайық, ағайын!Алланың көзі түзу болсын!
Жарқынай Тәжіғұлова
Маңғыстау облысы
Форт – Шевченко қаласы
загрузка...

Пікір қалдыру

Есім:* E-Mail:*
Суретте көрсетілгендей екі сөзді еңгізіңіз: *