dle
Rss
Сайтта жарнама
marketgid1
САБАҚ ЖОСПАР
marketgid2
Сауалнама
Сайтта көбірек қандай материалдар болғанды қалайсыз?
Ашық сабақтар
Тест сұрақтары
Аттестация сұрақтары
Сценарийлер
Тәрбие сағаттары

Жарнама
Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік сайт sabaqtar.kz » Орта мерзімді жоспар » Контактор.Контакторлар құрылысы және қосудың қарапайым сұлбасы
  • Жариялады: алинка
  • |
  • Пікірлер: 0
  • |
  • Оқылды: 50
Контактор.Контакторлар құрылысы және қосудың қарапайым сұлбасы
Дауылбаева Алтынай Орынғалиқызы
Атырау Индустриалды колледжі
ІІ санатты Арнайы пән мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Контактор.Контакторлар құрылысы және қосудың қарапайым сұлбасы
Слесарь мамандығы. Электрслесарь 1 курс



Сабақтың мақсаты:Білімділік: Контакторлар құрылысы және қосудың қарапайым
Сұлбасын сызып үйрену. 2. Дамытушылық: студенттердің ой өрісін, ізденісі мен белсенділігін дамыту; 3. Тәрбиелік: Алынған білімнің болашақта қажеттілігі мен маңыздылығын студенттерге ұғындыру;_____
Сабақтың типі: Жаңа сабақ.
Сабақтың түрі:__ түсіндіру
Сабақтың әдісі: _ әңгімелесу, сұрақ жауап
Пәнаралық байланыс: өндірістік оқыту, материалтану.
Көрнекі құралдар: электронды плакат , слайдтар.
Пайдаланған әдебиеттер: _Электрмонтер 268-269 б. Жәнібеков Ж
Техникалық құралдар: __мультимедиялық проектор, ноутбук.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:
1. Студенттердің сабаққа қатысын түгендеу және оқу құралдарын тексеру;
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: .
1. Реле дегеніміз не және түрлері?
2. Физикалық шамасына қарай электр релесі қандай болады?
3. Жылу релесі деген не, көп тараған түрі қандай?
4. Жылу релесінің сұлбасы.құрылысы
ІІІ. Жаңа сабақ: Сабақ тақырыбы Контакторлар құрылысы және қосудың қарапайым сұлбасы
Контакторлар автоматты түрде басқару аппараттарының бірі болып табылады. Контакторлар дегеніміз - электр тұтынушыларды қосып, ажыратуға, жоғары қалыпты ток күшіне арналған автоматты және қашықтықтан басқаратын электрмагнитті аппарат (11.9-сурет). Контакторлар - 1000 В-қа дейінгі айнымялы ток, тұрақты ток кернеуінде де жұмыс атқара алады. Айнымалы ток контакторының құрылысы өзекшеден, тарататын орауыштан, зәкірден, біліктен, қозғалмалы түйіспелерден, ток өткізгіш пластиналардан, ажыратушы блок түйіспелерден, тұйықтайтын блок түйіспелерден, доға сөндіргіш камерадан, қозғалмайтын негізгі түйіспелерден тұрады.

Контактор қозғалмалы және қозғалмайтын түйіспелерден, ток орауыш орамаларынан жүріп өткен кезде түйіспелерді тұйықтайтын электр магнитінен тұрады. Тұрақты токқа арналған контакторларды бір және екі полюсті, ал айнымалы ток үшін көп полюсті етіп дайындайды. Негізгі түйіспелерден басқа, басқару немесе белгі беру тізбегін ауыстырып қосуға арналған блок түйіспелер доға сөндіргіш камераға орнатылған. Тұрақты ток контакторлары негізінен транспортта (трамвай, троллейбус және т.б.) және күш қозғалтқыштарын басқару үшін қолданылады. Айнымалы ток контакторлары асинхронды электр машиналарын (станок, лифтілердің электр жетектері және т.б.) басқаруға арналған.
Контакторлардың орамасын қондыру кезінде басқару батырмалары арқылы қосады, осының арқасында электр тұтынушыларды қашықтықтан басқару іске асырылады.
Контакторларды қосу сұлбасы 11.10-суретте көрсетілген. «Іске қосу» батырмасын басқан кезде орамада (К) реле өзекшесі тартылады, ал Кl; К2; К3 күш тізбегіндегі түйіспелер және К4 блок түйіспелері тұйықталады. Электр қондырғы күш тізбегіне қосылады.
контактордың жалғану сұлбасы
«Тоқтату» батырмасын басқан кезде орама тізбегі ажыратылып, сыртқы орта әсерінен өзекше бастапқы жағдайға келеді де, күш және блок түйіспелер ажыратылады. Блок түйіспелер «Іске қосу» батырмасына параллель қосылған. Контактордың қалыпты ток күші 63-1000 А шамасына тең.

Контакторлар типтерін мынадай әріптермен белгілeйдi: КП, КПВ - тұрақты ток контакторлары; КТ, КТВ-айнымалы токтың контакторлары. Түйіспелі және жартылай өткізгіш элементтерінен тұратын айнымалы ток контакторлары шығарылуда. Бұл контакторлардың мынадай артықшылықтары бар: шағын көлемді, қуаты аз, жоғары жүктемелік қабілетті, қолданылуы ұзақ мерзімді, сенімді, қызмет көрсетуі қарапайым.

IV. Сабақты бекіту:
1. Контакторлар дегеніміз не?
2. Контактор қандай элементтерден тұрады?
3. Контакторлар типтерін қандай әріптермен белгілейді және олардың қандай артықшылықтары бар?

V. Үй тапсырмасы:___ Интернеттен мақалалар жинап әкелу. Электрмонтер.
268-269 б Жәнібеков Ж
VI. Оқушыларды бағалау.
загрузка...

Пікір қалдыру

Есім:* E-Mail:*
Суретте көрсетілгендей екі сөзді еңгізіңіз: *