dle
Rss
Сайтта жарнама
marketgid1
САБАҚ ЖОСПАР
marketgid2
Сауалнама
Сайтта көбірек қандай материалдар болғанды қалайсыз?
Ашық сабақтар
Тест сұрақтары
Аттестация сұрақтары
Сценарийлер
Тәрбие сағаттары

Жарнама
  • Жариялады: Сауле88
  • |
  • Пікірлер: 0
  • |
  • Оқылды: 33
Сабақ мақсаты: оқушылардың әсемдік,жан сұлулығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеті:
Білімділік :оқушыларға қоршаған ортаның әсемдігі,адамның жан сұлулығы туралы түсінік беру;
Дамытушылық :оқушылардың эстетикалық талғамдарын дамытуға ықпал ету;
Тәрбиелік : Оқушыларды сұлулықты,әсемдікті сезініп,бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңi. 2 мин.
Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.
2.Тыныштық сәтi. 3 мин.
«Арманымның суреті». Барлығымыз көзімізді жұмып, қандайда бір арманымызды көз алдымызға елестетеміз. Ең маңызды армандарыңды таңдаңыздар. Енді көзімізді ашып өздеріңнің армандарыңның суретін саламыз.Соңында суреттері бойынша өз ойларын сұрап шығамын.
3.Үй тапсырмасын тексеру. 5 мин. Егер сендер суретші, сазгер,ақын,мүсінші болсаңдар сұлулықты
қалай суреттер едіңдер?
Сұлулықты,әсемдікті біз қайдан аламыз?

4.Дәйексөз.
Оқулықта Ж.Баласағұнидің төмендегідей қанатты сөзі берілген. «Адамда жақсы қасиет болмаса,
Оған бақ та,бақыт та қонбайды.»
5.Әңгiмелеу (сұхбат). 3мин. Әдеп,әдеп сақтау,әдептілік деген не?Әдептілік адамның іс-әрекетінде қалай көрініс табады?
Оқушылардың жауптары тыңдалады
6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 12 мин.
Ойын. «Әдепті сөздер»
Балалар жартылай шеңберге отырып,допты лақтырып-қағып алу арқылы бір-біріне әдепті сөздер айтады.
Балалардың жауаптары төмендегідей болуы мүмкін:
-Рахмет.
-Сәлем!
-Амансыз ба?
-Қош келдіңіз!
-Сізді көргеніме өте қуаныштымын!
-Кешіріңіз!
-Айып етпеңіз.
-Ғафу етіңіз.
-Оқасы жоқ.
-Кешірім өтінемін.
-Қош болыңыз!
-Көріскенше!
7.Дәптермен жұмыс дәптердегі 1-тапсырманы тексеру.

8.Топпен ән айту. 3 мин.

9.Үй тапсырмасы. 2 мин.
«Қыз Жібек» жырының үзіндісінен Жібектің сұлулығы суреттелген сөздерді тауып,өз ойларын түйіндеу.
10.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.
Балалар, енді бір сәт тынышталайық.
. Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, бір-бірлеріңе жылы лебіздеріңді білдіріңдер.Аңсаған армандарларыңа жетулеріңізге тілектеспін. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, ойларыңды жеткізе білдіңдер. жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!
загрузка...

Пікір қалдыру

Есім:* E-Mail:*
Суретте көрсетілгендей екі сөзді еңгізіңіз: *