dle
Rss
Сайтта жарнама
marketgid1
САБАҚ ЖОСПАР
marketgid2
Сауалнама
Сайтта көбірек қандай материалдар болғанды қалайсыз?
Ашық сабақтар
Тест сұрақтары
Аттестация сұрақтары
Сценарийлер
Тәрбие сағаттары

Жарнама
Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік сайт sabaqtar.kz » Шығармалар » 30 ТАМЫЗ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ
  • Жариялады: admin
  • |
  • Пікірлер: 0
  • |
  • Оқылды: 270
30 ТАМЫЗ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ
30 ТАМЫЗ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ

Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы Қазақстанның Жоғары Кеңесінің IX сессиясында 1993 жылғы 28 қаңтардағы XII шақырылымында қабылданды
. Құрылымы преамбуладан, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрады[3]. Конституция мемлекеттік тәуелсіздік алған күнінен бастап көптеген құқықтық нормаларды қамтыды: халық тәуелсіздігі, мемлекеттің тәуелсіздігі, билікті бөлу қағидаттары, қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде мойындау, Президентті мемлекет басшысы ретінде мойындау, сот органдары -Жоғары, Конституциялық және Жоғары Арбитраждық соттар және басқалар. 1993 жылғы Конституцияның негізіне парламенттік республика моделі жатады.
Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы 1995 жылғы 30 тамызда бүкіл халықтық референдумда қабылданды. Бұл күн мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні. 1998 және 2007 жылдары Конституцияға Президенттің өкілдігін кеңейтетін елеулі өзгерістер енгізілді. 2007 жылы Парламент қабылдаған өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін Ата Заңымыз жаңа сипатқа ие болып, еліміздегі демократиялық реформалар тереңдей түсті. Мемлекетіміз президенттік-парламенттік басқару тұрпатына көшті. Енді елімізде партиялық сайлау жүйесі енгізіліп, Парламент Мәжілісінің сайлауы жаңа сайлау ережелері бойынша жүзеге асады.
Әлемдiк тәжiрибеде Конституцияны қабылдау күнi Тәуелсіздiк күнi, Республика күнi мерекелерiмен қатар ұлттық патриотизмдi тәрбиелеуге, халықтың құқықтық мәдениетiн арттыруға ықпал етуге тиiс мемлекеттiк мереке болып табылады.
«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, мемлекеттiк мерекелер – қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғаларға арналған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары дәстүрлi түрде атап өтетiн мерекелер болып табылса, 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мемлекеттік мерекелер тізіміне енгізілген.
Негiзгi заңда Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырып, оның ең қымбат қазынасы ретінде – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары белгіленді. Конституцияның қабылдануымен мемлекеттiк биліктiң пәрмендiлiгiн қамтамасыз еткен, маңызды әлеуметтiк-экономикалық өзгерiстердi жүргiзудi жеделдетудi қамтамасыз етуге мүмкiндiк берген тетiк жасалды.
Конституциямыз Қазақстан Республикасын президенттiк басқару нысанындағы біртұтас мемлекет ретінде қалыптастырып, республикада мемлекеттік билік біртұтас екендігін, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылатындығын айқындады.
Прокуратураның мәртебесі де бүкілхалықтық референдумда қабылданған Конституциямызда белгіленіп, республикамыздың мемлекеттік органдары жүйесінде өзінің конституциялық орны бекітілді.
src=/media/6_clip_image004.jpg
Конституцияның 83-бабында сәйкес, прокуратура мемлекет атынан Республиканың аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президентi жарлықтарының және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәлме-дәл әрi бiркелкi қолданылуын, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтау мен тергеудiң, әкiмшiлiк және орындаушылық iс жүргiзудiң заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады, заңдылықтың кез келген бұзылуын анықтау мен жою жөнiнде шаралар қолданады, сотта мемлекет мүддесiн бiлдiредi, сондай-ақ Республика Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдар мен басқа да құқықтық актiлерге наразылық бiлдiредi.
Прокурорлық қадағалау қызметтері жоғарыда көрсетілген бағыттарда жүзеге асырылса, осы салаларда заңдылықты қадағалау тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының салалық бұйрықтарының талаптарына сәйкес, әр сала бойынша заңдылықты қадағалаудағы басымды бағыттар адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету қағидаларымен басталады.

30 ТАМЫЗ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ
загрузка...

Пікір қалдыру

Есім:* E-Mail:*
Суретте көрсетілгендей екі сөзді еңгізіңіз: *