Ақтөбеде соңғы қоңырауда облыс әкімін күткен мектептен шу шықты

Ақтөбеде соңғы қоңырауда оқушыларды тыс қалдырып, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевты күткен мектептен шу шықты. Салтанатты жиынға балалары шақырылмай қалған ата-аналар бүгін өкпелерін айтты.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Ата-аналардың сөзінше, оқушыларды алалаған мектеп кешегі жиынға тек үздіктерін ғана шақырған екен. Ал қалалық білім бөлімі болса бұл жағдайды мектепте баланың көптігімен түсіндіріп отыр.

Балаларымыз соңғы қоңыраудың сыңғырын естімеді деген ата-аналар облыс әкімін күткен мектептің бұл әрекетіне наразы. Әсіресе соңғы салтанатты шараға мектеп әкімшілігі балаларымызды не үшін қатыстырмай қойғанын түсінбейміз дейді.

“Немерем 2 -класта оқиды, жақсы оқиды. Бірақ соңғы қоңыруға барған жоқ. Келмей-ақ қойыңдар деген бұларға. Барған жоқ. Отличнигі де басқасы да бәрі де барған жоқ. Дұрыс емес қой. Негізінде соңғы қоңырау болған соң бүкіл бала қатысу керек”, – деді тұрғын Ырыс Рамазанова.

Балалары соңғы қоңырауға қатыса алмай қалған ата -аналардың назын мектеп оқушылары да біледі екен. Айтуларынша мектепке облыс әкімі келеді деген соң қатысушы балалардың саны азайтылыпты.

“8 -кластан бастап бардық мектепке соңғы қоңырауға. Сосын 1 – кластың кейбір балалары барды. Кеше әкім келді соған бала көп болмасын деп істегені ғой”, – дейді оқушылар.

Бұл болған жағдайды қалалық білім бөліміндегілер де жоққа шығармайды. Айтуларынша, мектепте баланың көптігінен соңғы қоңырау салтанатына тек жоғарғы сынып және үздік оқитын оқушылар ғана шақыртылған. Басшы сөзінше, соңғы қоңырауға мектептің барлық оқушысы бірдей қатысуға міндетті емес көрінеді.

“25 май соңғы қоңырау мерекелік шара барлық мектептің бүкіл оқушылары сап түзеп тұру керек линейкіде деген қатып қалған қағида жоқ. Сондықтан ол мектеп өзінің ішінен шешіледі”, – деді Ақтөбе қалалық білім бөлімінің басшысы Индира Бексұлтанова.

Қаладағы нөмірі 55 орта мектеп ұжымы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың келуіне қатты дайындалған сияқты. Өйткені, ата-аналар сөзінше, соңғы қоңыраудан шеттетілген өзге сыныптың үздік оқушыларын бір күн бұрын құттықтап, тіпті мақтау қағаздарын да табыс етіпті.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив