«Ұлттық мереке - Наурыз»

«Ұлттық мереке - Наурыз»
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы,
"Аудандық көркемсурет лицейі" МКҚК-нің
композиция, мүсін, сәндік қолданбалы өнер, дизайн пәні мұғалімі
Тактабулатова Айнур Хамидуллаевна

«Ұлттық мереке - Наурыз»


Өткізілген күні: 07.03.2014ж
Сыныбы: 1, 29 топ
Сабақтың тақырыбы:«Ұлттық мереке – Наурыз»
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:
Дамытушылық:
Тәрбиелігі: Оқушылардыұлтжандылыққа,имандылыққа,инабаттылыққа.
халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеуге,сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ –жауап,сергіту сәті,жұмбақ шешу,
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың көрнекілігі: тақырып жазылған плакат, 4 кезең бойынша салынған
плакат, криптограмма
Құрал-жабдықтар: қарындаш, альбом, А3, қаламұш, гуашь т.б.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
1. Сабаққа керекті құрал-жабдықтарды әзірлеу.
2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Жаңа сабақтың тақырыбы, мақсаты,түрімен таныстыру.
Олай болса оқушылар бүгінгі біздің сабағымыз «Ұлттық мереке – Наурыз» жайлы өтеміз. Наурыз мерекесі жайлы кеңінен мәлімет ала отырып, Наурыз мерекесіне композиция орындаймыз.
«Наурыз» деген сөздің өзіне тоқталатын болсақ,бұл көне парсы сөзі.Қазақша аударсақ, алғашқы буыны нау-жаңа, рыз-күн деген ұғымды білдіреді. Сонда жаңа күн деген сөз шығады екен. Наурыз-жаңа күн,яғни жаңа жылдың алғашқы күні-жыл басы.Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлттық мейрамы, Наурыздың 22-інде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп көктем келеді. Тіршілік басталады, ол тіршілік арқауы-тамақ, малының қыстан аман шығуы, оның өсіп - өніп төлдеуі. Қазақ халқы үшін үлкен мейрам-жаңа жыл болып саналған. Наурыз мейрамы қазақтың -төл мейрамы, яғни қазақтың жаңа жылы. Мұнда бүкіл қазақ халқы Наурыз мейрамын ерекше атап өтеді. Наурызда әрбір үйде наурызкөже істелініп, дастархан толы түрлі дәмді тағамдармен толтырылады. Салт-дәстүр бойынша бұрын Наурыз мейрамын бүкіл ауыл-ел болып, әсіресе жастар жағы түгелдей таң шапағатын қарсы алудан - тазаланған арықтарға су жіберуден, ағаш отырғызып, гүл егу рәсімін өткізуден бастайтын. Ызғарлы қыстың кетіп,жан иесі өмір қуатын туғызған жыл,жаздың келетіндігіне барлық жаратылыспен қатар қазақ елі де қуанатын.Наурыз көженің дайындау түрі мұнда жеті түрлі тағаммен әзірленеді.Оған қосылатын тағамдар: бидай, кеспе, күріш, айран, тұз, су, т.б. Бұл өте дәмді болып шығады. Наурызда ұлттық ойындар ойналады,мысалы:алтыбақан, көкпар, бала күрес, алтын сақа, хан талапай т.б. ойын түрлері ойналады. Наурызда қазақтың ұл-қыздары әдемі қазақша киімдерді киіп, алтыбақан тебуге шығады. Ауылдың ақсақалдары наурызкөжеден дәм татып,батасын беріп, көпшілікті разы қылады.
Осылайша адамдар наурызды ерекше көңіл-күймен қарсы алады екен. Олай болса оқушылар «Ұлттық мереке-Наурыз» атты ашық сабағымызды бастаймыз. Мына менің қолымда тұрған дорбаның ішінде асықтар бар,сол асықтарда сандар жазылған сол сандар арқылы мен сіздерге сұрақтар қойямын.
ІІІ.Сұрақ-жауап
1. Аталарыңнан қалған «үш арсыз» деген сөз бар.Соны кім айтып береді?(ұйқы арсыз,күлкі арсыз, тамақ арсыз)
2. Бұқа тартыс дегеніміз қандай ойын түрі?(жекпе жек күш сынасатын ойын түрі)
3.Табиғат көрінісі бейнеленген көркем шығарма?(пейзаж)
4.Ағаш аяқ дегеніміз не?(қазақтың ежелден келе жатқан ұлттық ойындарының бірі)
5.Аударыспақ ұлттық ойынның қай түріне жатады?(қазақтың кәдімгі ұлттық спорт ойыны)
6.Наурыз көже неше түрлі дәмнен жасалады? (7 немесе 9)
7. Әз жүруі деген қандай ұғымды білдіреді? (Наурыздың 20-22-де әз кіреді деген ұғымды білдіреді)
8.Жеті атаны ата? (ата,әке,бала,немере,шөбере,шөпшік,немене)
9. Хан талапайды кімдер ойнайды? (қыздар)
Ой жарайсыңдар оқушыларым! «Атаның сөзі-ақылдың көзі» деген. Көне көздерден қалған ұлағатты сөздерді біледі екенсіңдер.
ІV. Қызығушылығын ояту
Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді.
Соны тойлар ел енді.
Наурыз тойы – салтымыз,
Көгерсін деп халқымыз,
Көшеге тал егеміз.
Көрініс. Күн мен Түн шығады ортаға.
Күн: Сәулесі мол Күнмін,
Түн: Жұлдызы көп Түнмін.
Екеуі бірігіп: Бүгін біздер бірдей боп,
Теңелеміз бүгін біз.
Түн: Ал ертең, күн ұзақ,
Күн: Түн қысқарар бірақ.
Екеуі бірігіп: Ұйқы қанбай қалып,
Жүрмендер тек бірақ.
Олай болса оқушылар біз күн мен түн жайында білдік, жұмысымызды әрі қарай жалғастырайық.
V.Сергіту сәті.
Салдық, салдық өзіміз,
Талып қалды қолымыз.
Аз ғана демаламыз,
Көркем етіп саламыз.
Ал балалар Ұлыстың ұлы күні «Наурыз жыры» айтылатынын өздеріңіз жақсы білесіздер, ал қанекей оқушылар «Наурыз жырын» айтайық,қанекей кім дайын?
Нұрсауле:
-Ұлыс күні кәрі-жас,
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өріскен.
Меруерт:
«Сақтай гөр»,-деп терістен,
«Кел, таза бақ, кел!»-десіп.
«Ием, тілек бер!» -десіп,
Аталар бата беріскен.
Толғанай:
-Ұлыс күні қар еріп,
Сай-салалар гүрілдер.
Көк шөбі шығып желкілдеп,
Дүние біткен күлідер.
- Күлімдер дүние,ойнарсың,
Күрен тайың ат болып.
Бәйгеге қоссаң,келерсің,
Жұрттан жеке тақ болып.
Мұғалім сөзі: Ой жарайсыңдар оқушылар,талаптарыңа нұр жаусын!
VІ.Ой-қозғау.
Ал енді осы сабаққа байланысты мен сіздерге жұмбақ жасырайын.
Ана ауылдың бурасы,
Мына ауылдың бурасы
Желкілдейді шудасы.
(түтін)

Боп-боп борпылдақ,
Борпылдақта қызыл тақ.
Қызыл тақта үш бұтақ.
Үш бұтақта қара тақ.
Қара тақта жайдақ тақ,
Жайдақ тақта бес тармақ.
(қақпақты ұстаған адамның бес саусағы)

Жер астында жездемнін қамшысы жатыр
(жылан)

Қаз қанатын жайды,
Үйрек мойнын созды,
Төбесіне аққу қонды.
(киіз үй,кереге,уық,шаңырақ)

Талға таяқ сүйедім
(шашбау)

Жабық астында жарты күлше
(ай)

Екеуі елеңдесіп келеді,
Төртеуі төбелесіп келеді.
(аттың екі құлағы мен төрт аяғы).

VІІ.Наурыз тойының тағы бір басты кәделерінің бірі ол-Наурыз айтыс, ал ендеше соны тыңдайық.(Ортаға оқушылар шығады)

VІІІ. Қорытындылау
Оқушылардың жұмыстарын қарап салыстырмалы түрде бағалау.
Криптограмма

(Қазақ алфавитінің 42 әрпінен сөйлем құрау)

28 16 37 24
20 19
3 20 16 24 37 18



17 20 16
3 20 16 24 37 18

1 15

3 1 23 24 1 15

25 1 13 7 1
10 20 16

3 20 16 24 37 18


28 16 37 24
1 15 27 37
3 20 16 24 37 18


Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын.
Қайда барсақ,жол болсын!
Ұлыс ақты болсын!

Аудандық көркемсурет лицейі

«Ұлттық мереке - Наурыз»

Өткізген: А.Х.Тактабулатова

«Ұлттық мереке - Наурыз»
«Ұлттық мереке - Наурыз»

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив