25 мамыр. «Алтын ұям, сені қия алмаймын...»

25 мамыр. «Алтын ұям, сені қия алмаймын...»
25 мамыр күні еліміздің барлық мектептерінде соңғы қоңырау үні сыңғырлайды

Алда – жаз маусымы, артта – 9 айлық еңбек. Әрбір оқушы бұл күні әртүрлі ойда болады. Қандай?

Бастауыш сыныпта оқитын бүлдіршіндер әлі оқудың ауырлығын көре қоймағандықтан, мектеппен жылап қоштасып жатады. Олар үшін барлық пәннен беретін бір мұғалімі – екінші анасындай болып кетеді. Сол себепті үш ай бойы ұстазын көре алмайтынын түсінетін бала бұл күні гүлін құшақтап, апайының жанындағы орын үшін таласады.

Төменгі сыныпта оқитын оқушылар енді ата-анасынан тығылмай ойын ойнай алатынына риза болып, мектеп формасын соңғы рет киіп, қуана-қуана келеді.

Ал жоғары сыныпта оқитын оқушылар мен түлектер екіұдай сезімде жүреді. 9-сынып пен 11-сынып оқушылары алдында күтіп тұрған мемлекеттік емтихан мен ҰБТ-ны уайымдап, бар ойы сол жақта болады. Дегенмен бұл сыныптастарымен өтетін соңғы қоңырау екенін түсінетін түлектер бір-бірін қимай құшақтасып, жылап жатады.

Әйгілі «түлек лентасы» бұл күннің басты элементі. Көк лентаны тағынған оқушылар алғаш мектепке келгендегі дәстүрді қайталап, қыз-бала болып жұптасып, қол ұстасып соңғы вальске шығады. Қыздар ақ бантиктерін тағып, жігіттер костюмдерін киіп, бұл күні уақыттың тез өтпеуін тілейді.

Көк лента күннің соңында көк сияға толып, естелікке айналады. Бұл күнді ешбір түлек ұмытпайды.

«Мектебім – сағынышым, балалығымның тәңірісің,
Шуақты күндерді, жұлдызды түндерді сәуледей болған жарығысың...» деген әнді қосылып айтып, теңселе қол шапалақтап, көңілдерін қиымастық сезімі тербейді. Себебі ол бүгіннен бастап – жас түлек, болашақ студент атанады.

Құрметті оқушылар, биылғы оқу жылын сәтті аяқтағандарыңызбен құттықтаймыз! Алдарыңызға қойған мақсаттарыңыз сүрінбей жетіп, барлық емтихан, сынақтардан өтіп, қалаған бағаларыңызды алуларыңызға тілектеспіз!

massaget.kz

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив