Халықаралық құқық туралы жалпы түсінік

Пән Құқықтану

Сынып: 11 «Б»                                     Сабақ: 5                            Күні:

Тақырыбы: Халықаралық құқық туралы жалпы түсінік

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға халықаралық құқық туралы жүйелі білім беру

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;

6)іздені,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі:1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен  жұмыс; 6)проблемалық;

7)ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар: оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өткен тақырып бойынша сұрау

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

Құқық – бұл мемлекет кепілдік беретін және санциялайтын, нормативтік –құқықтың актілерде көрініс табатын, қоғамдық қатынастарды реттейтін жалпыға бірдей міндетті, ресми белгіленген заң нормаларының жүйесі. Құқықта екі тарапты бөліп көрсетеді:

  1. Жария құқық-бұл мемлекеттік істер саласы, яғни, мемлекеттің билік пен бағыныштылық, субординация негізінде құрылған барлық жария институттарының жария билік ретіндегі құрылысы мен қызметі
  2. Жеке құқық-бұл жеке істер саласы, яғни, ерікті жеке тұлға, субъектілердің автономиялығы, заң алдыңдағы теңдігі, олардың өзара бағынышты болмауы негізінде құрылған институттар мәртебес

Халықаралық құқық – бұл мемлекеттер мен халықаралық қатынастардың және басқа да қатысушылары арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін заң қағидалары мен нормаларының жиынтығы. Бұл нормалар шарттарда, конвенцияларда, пактілерде көрініс табады және ынтымақтастық пен күрес жағдайында мемлекеттердің қарым-қатынастарын реттейді

Бекіту – «ратификациялау» - мемлекеттік биліктің жоғарғы органының халықаралық шартты бекітуі. Қазақстанда барлық халықаралық шарттарды Парламент бекітеді.

Халықаралық жария құқық – мемлекеттер мен мемлекеттік – құқықтыұ сипаттағы саяси құрылымдардың, сондай – ақ мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың арасындағы қатынастарды реттейді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаты-халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау, агрессия мен бейбітшілікті бұзу актілерін басу, бейбітшілікті бұзуға алып келетін даулар мен қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу, халықтар арасындағы достық қарым-қатынастарды дамыту және т.б.

Халықаралық жеке құқық – бұл әр түрлі мемлекеттерге тиесілі субъектілердің арасында туындайтын азаматтық – құқықтың, отбасылық, еңбек қатынастарын не шетелдегі объектілерге қатысты қатынастарды   реттейтін құқықтың нормалардың жиынтығы.

Сабақты қорытындылау: халықаралық құқық қандай да бір ұлттық құқық жүйесін кірмейтін және ұлттық құқық нормаларын кіргізбейтін құықтың нормалардың ерекше жүйесін білдіреді

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: §30, 165-169  бб. мазмұндап келіңдер және сұрақтарға ауызша жауап беріңдер

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив