Үсудің алдын алу шаралары жəне үсік кезінде көрсетілетін алғашқы дəрігерлік көмек, күн тию туралы түсінік

Сабақтың тақырыбы: Үсудің алдын алу шаралары жəне үсік кезінде көрсетілетін алғашқы дəрігерлік көмек, күн тию туралы түсінік, оның алдын алу шаралары жəне күн тиген кезде көрсетілетін алғашқы дəрігерлік көмек, өкпені жасанды желдендіру жəне жүрекке жанама массаж жасау əдістері.

əдістері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларды   Үсудің алдын алу шаралары жəне үсік кезінде көрсетілетін алғашқы дəрігерлік көмек, күн тию туралы түсінік, оның алдын алу шаралары жəне күн тиген кезде  көрсетілетін жәрдем түрлерімен таныстыру.

Дамытушылық:Оқушының сабаққа белсенділігін арттыру мақсатында ойлау, сөйлеу және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілік:Оқушыларды   адамгершілікке, бас гигиенасын таза ұстауға тәрбиелеу.

Көрнекілік құралдар:  АӘД оқулығы.

Сабақтың барысы:

    а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

        Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі –  7 минут

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1.Сыну дегеніміз не?

2.Сынудың түрлері?

3.Соғып алу дегеніміз не?

  1. Иммобилизация дегеніміз не?

 

Жаңа сабақ.

Үсудің алдын алу және осы кезде алғашқы медициналық көмек көрсету

Төмен температураның үзақ уакыт өсер етуі салдарынан адам ағзасында тіндердің зақымдануы пайда болады. Тіндердің шектеулі түрде зақымдануы — үсу, ал ағзаға төмен температураның жалпы әсер етуі кезінде органдар мен тіндердегі терең өзгерістер жалпы мүздау деп аталады.

 

Үсік шалудың төрт сатысы бар:

1       - терінің, қан айналымының бұзылуы: тері қызаруы немесе көгеріп, қанқызыл түске енуі, жансыздану.

2 - 4 – тері бозаруы, жансыздануы

 

Жалпы мұздаудың (цатудың) белгілері: калтырау, шаршау, үйқы басу, соңында үйыктап кету. Жалпы, мүздау кезінде адамның денесі сіресіп, тыныс алу мен жүрек жүмысы өлсірейді. Миға кан жетпей, акырында, ми ісігінен адам қайтыс болады.

Арагідік үсу кезінде көбіне аяктың, оның ішінде башпайлардың үсуі жиі кездеседі. Арагідік үсу белгілері бойынша оның төмендегідей дөрежелері ажыратылады. Бірінші дәреже — тері бозарады, оның сезгіштік кабілеті жоғалады, жылыткан кезде тері ашып ауырады, қызыл күрең түске боялып, ісінеді және ауырады. Екіниіі дәреже — жоғарыда көрсетілген өзгерістерден басқа іші сүрғылт қан түсті сүйыкқа толған күлдіректер пайда болады. Үшіншідәреже — барынша ауқымды және терең өзгерістер төн: тіндер сезгіштік қабілетін жоғал-тады, кара көк түске еніп, жансыздану белгілері пайда болады. Төртіпші дәреже—үсіғен тіндер өлі еттеніп, сезгіштік қабілеті барынша жойылады.

Үсуге шалдығу кезінде алғашқы көмек.

Алғашқы көмек тоңуды тоқтатудан, аяқ-қолды жылытудан, суыққа шалдыққан ұлпаларда қан айналымын қалпына келтіру мен инфекцияның алдын алудан тұрады. Үсуге шалдығу белгілерін байқаған кезде бірінші – зардап шегушіні жақын маңайдағы жылы жерге апару, қатып қалған аяқ киімді, шұлықты, қолғапты шешу керек. Алғашқы көмек іс-шараларын өткізумен бір уақытта дәрігерлік көмек көрсету үшін тез дәрігерді, жедел жәрдемді шақыру қажет.

І дәрежелі үсікке шалдығу кезінде тоңған жерлерді қызарғанға дейін жылы қолмен, жеңіл уқалаумен, жүн матамен ысқылаумен, деммен жылыту керек, содан кейін мақта-дәкемен орау керек.

ІІ - IV дәрежелі үсікке шалдығуда тез жылыту, уқалау мен ысқылаудың қажеті жоқ. Зақымданған жерді жылу өткізбейтін таңғышпен ораңыз (дәке қабатын, қалың мақта қабатын, тағы дәке қабатын, үстіне клеенка немесе су жібермейтін мата). Зақымданған аяқ-қолдар қол асты құралдарының көмегімен бекітіледі (тақтайша, фанера сынығы, тығыз картон), оларды таңғыштың үстіне салып дәкемен орайды.

Зардап шегушіге ыстық сусын, ыстық тамақ, аз мөлшерде алкоголь,  1 таблеткадан аспирин, анальгин,  2 таблетка «Но-шпа» және папаверин береді.

Ауруды қармен ысқылауға кеңес берілмейді, өйткені саусақтар мен табандардың қан тамырлары өте нәзік болады, сондықтан оларға зақым келуі, теріде пайда болған кішкентай жарықшақтар инфекция түсуіне жол береді. Үсінген аяқ-қолды отқа жылдам жылытуға, бақылаусыз жылытқыштар мен сол сияқты жылу көздерін қолдануға болмайды, өйткені үсіну барысын қиындатады. Алғашқы көмектің тиімсіз және қабылданбайтын жолы – май, жануар майын жағу, терең үсіну кезінде ұлпаны спиртпен ысқылау.

Күн тию. Белгілері: әлсіреу, жүрек айниды, құсқысы келеді, тері бозарып, жабысқақтық пайда болады, тыныс алуы жиілей түседі және тамыр соғысы жиелейді, әлсіз. Бас ауырады, айналады, естен тануы мүмкін, сіңірі тартылады. Сенің әрекеттерің: -Зардап шегушіні салқын, жақсы желдетілген жерге, желдің өтіне жатқыз. Үйде желдеткішті қолдан. - Басы мен жүрек төңірегін суық сумен салқындат; суық тартуды шат төңірегіне, қолтық астына және мойынға қой. - Аяғын сәл көтеріңкіре. Тар киімнің түймелерін ағыт. - Алдын ала тұз салып су бер (1 литрге 1 шай қасық тұз). - Егер зардап шегуші есінен танып, тыныс алуы тоқтаса, "ауызды ауызға" әдісімен жасанды дем алдыр.

Қорытынды бөлім – 10 минут.

 

Үй тапсырмасы:

Бағалау:

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив