Қорғаныстағы сарбаз, жаумен тікелей қақтығысқа түспей қорғану кезінде ату позициясын(оқ ататын орынды) таңдау жəне орналасу

Сабақтың тақырыбы: Қорғаныстағы сарбаз, жаумен тікелей қақтығысқа түспей қорғану кезінде ату  позициясын(оқ  ататын  орынды)  таңдау  жəне  орналасу.  Жатып  атуға арналған оқпананы жабдықтау жəне жасыру.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға қорғаныстығы жауынгердің міндеттерін түсіндіру, білімдерін жетілдіру.

Дамытушылық: Әртүрлі білім көздерімен жұмыс жасауды дамыту.Оқушылардың өз беттерінше жұмыс істеп,шығармашылық ойларын өсіру.Өз ойларын еркін айтып,қортынды жасай білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік –еңбек тәрбиесін, патриоттық тәрбиесін беру, оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиетін қалыптастыру,

 Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы,оқпана, саперлық күрек,бейне филъм.

Сабақтың барысы:


а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.
жауынгер командирден тапсырма алған соң нені білуі керек?

  • ұрысқа дайындалар кезінде жауынгер нені тексереді?
  • «Шабуылға дайындал!» пәрмені берілген кездегі жауынгердің іс-әрекетін айтып беріңдер.
  • «Шабуылға алға!» пәрмені бойынша жауынгердің әрекетін айтыңдар.

ядролық жарылыс кезіндегі жауынгердің іс-әрекетін айтып беріңдер

І. Үй тапсырмасын тексеру.

Ауызша үй тапсырмасын сұрау:

 

 

 


б) Негізгі бөлім – 25 минут.
Қорғаныстағы сарбаз.

сарбаз  қорғаныста өз бөлімшесінің құрамында қимыл жасайды. Оның негізгі міндеті - өз қаруын, жергілікті жерді, оқпана мен орларды, сондай – ақ инженерлік бөгеттерді тиімді пайдалана отырып, басқа сарбаздармен бірлесе қарсыластың шабуылдаушы жаяу әскері мен танкілерін мүмкіндігінше көбірек жойып, олардың шабуылдарына тойтарыс беріп, бөлімше бекінген бекіністі ұстап тұру. Жауынгер қорғаныста өзінің орнын тек командирдің бұйрығымен ғана тастап кете алады.
Қорғаныстағы жауынгер қарсыластың қайда тұрғанын және қандай қимылға бет бұрғанын, бағдарларды, бөлімшелер мен взводтардың міндеттерін, көршілердің қайда екенін және олардың атысты қай бағытта жүргізіп жатқанын білуі тиіс. Сонымен бірге хабарлау мен нысананы көрсету белгілерін, қай кезде өз бетінше немесе командир пәрменімен атыс бастауы, бөлімше командирінің орнын білуі қажет.
Бөлімше командирінен тапсырма алған соң, жауынгер оны анықтап алып, берілген жерде өз алдындағы жерді көруі және командир нұсқаған бағытта алыс қашықтықтан қарсыласқа қарсы көздеу атыстарын жүргізе алатындай болып орналасуы қажет. Содан кейін жатып ату үшін оқпана қазады. Егер жағдай мүмкіндік берсе тізеден ату үшін оқпананы 60см-ге дейін, ал тұрып ату үшін 110см-ге дейін тереңдетеді.
Оқпана қазу және жабдықтау кезінде, сондай-ақ ұрыс барысында, жауынгер үздіксіз қарсыласқа, жергілікті жерге бақылау жасайды және өз байқағанын командирге баяндап отырады.

Қарсылас шабуылға шығар алдында атыс дайындығын жүргізеді, кейде ядролық соққы жасауы да мүмкін. Ядролық жарылыс жарығын байқаған сәтте оқпананың түбіне бетті жерге қаратып, дереу жатуы қажет, ал ядролық соққы толқыны өткеннен кейін қарсылас шабуылын тойтаруға дайындалу қажет. Қарсыластың атыс дайындығы басталған кезде егер жауынгер бақылаушы болып тағайындалмаса, онда ол командир пәрменімен бөлім мен взвод бекінісінде жабдықталған жертөледе, тесікте немесе оқпана түбінде тасаланып, шабуылға тойтарыс беру үшін тез орнына ие болуға дайын болуы керек
Қарсылас шабуылға шыққан кезде жауынгер ұрысқа дайындалады. Қарсыластың шабуылдаушы жаяу әскеріне командирдің пәрмені бойынша, ал қарсылас өз қаруының нақты атыс қашықтығына жақын келгенде өз бетімен оқ атады.
Егер оқпанаға танкілер жақындаса, жауынгер оны 15-20м қашықтыққа келгенше күтеді де, ыңғайлы сәтте танкінің шынжыр табаны астына гранатты лақтырады. Егер танкіге, оқ тимей оқпанаға тақап келсе, сарбаз секіріп шығып, оның неғұрлым осал бөлігіне гранатаны лақтырады. Танкіні зақымдағаннан кейін жауынгер өз қаруынан атып, танк соңынан келе жатқан жаяу әскерді жояды. Зақымдалған танк экипажын шынжыр табанды жөндеуі немесе машинаны тастап кетуі кезінде автоматтан ату арқылы жояды.
Қарсыластың жаяу әскері оқпанаға 30-40м жақындаған кезде, жауынгер оларға қарсы гранаттар лақтырып, оларды өз қаруынан атып жояды. Егер қарсыластың жекелеген жауынгерлері қорғаныстың алдыңғы шебіне шықса, жауынгер оларды атыспен, гранатпен, сондай-ақ сүңгімен және дүмбімен жояды. Көршілер бекінісіне жақындаған қарсыластың жаяу әскерін жауынгер қапталдан және тылдан атыс жүргізу арқылы жояды.

в) Қорытынды бөлім – 10 минут.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
- қорғаныстағы жауынгердің негізгі міндеттері қандай?
- қорғаныстағы жауынгер нені білуі керек?
- ядролық қаруды қолдану және қарсыластың атыс дайындығы басталуы кезіндегі жауынгердің іс - әрекеті туралы айтыңдар.
- қарсыластың жаяу әскері мен танкілері қалай жойылады?

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив