мҰҒАЛІМНІҢ ӨЗ БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОСПАРЫ

«Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі
Теңіз негізгі мектебі» ММ

Қазақстан тарихы, тарих, Адам. Қоғам. Құқық
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Мусина Балдырған Әлиқызының
өз білімін көтеру
жоспары
Мектептің әдістемелік тақырыбы:
Оқу үрдісінде жаңа технологияларды қолдана отырып, жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту және қалыптастыру
Гуманитарлық пәндер әдістемелік бірлестігінің тақырыбы:
Жас жеткіншекті жан-жақты тәрбиелей отырып, білім беру барысында озық технологияларды тиімді пайдаланып, оқушылардың ойын, логикалық ойлау қабілеттерін арттыра түсу
Мұғалімнің әдістемелік тақырыбы:
Оқушылардың жазу арқылы тіл дамыту жұмыстарын дамыту.
: Өз білімін көтеру тақырыбы:

«Оқушылардың байланыстырып сөйлеу қабілеттерін дамыту»

Өздігінен білім алудың мақсаты:
1. Оқу және тәрбие әдістерін жетілдіру және кеңейту мақсатында жалпы педагогикалық және психологиялық білімдерін жетілдіріп, кеңейту;
2. Өз пәнінің саласы бойынша терең білім алу;
3. Озық педагогикалық тәжірибелер мен педагогикалық ғылым жетістіктерін меңгеру;
4. Мұғалімнің жалпы біліктілік, білімділік деңгейін жетілдіру,

Мұғалім туралы мәлімет

Аты жөні Мусина Балдырған Әлиқызы
Туған күні 29. 08. 1979 ж.
Білімі жоғары
Оқу орны Ар МПИ 2000ж , ҚМУ 2012ж
Мамандығы тарих пәнінің мұғалімі, филология бакалавр
Еңбек өтілі 13 жыл
Педагогикалық өтілі 11 жыл
Санаты екінші
Апталық жүктеме 25 сағат
Сынып жетекшісі 8/9 сыныптар



Басталуы: 2016 жылы
Аяқталуы: 2019 жылы

Бағыттары: сөзбен жұмыс, сөз тіркесі мен сөйлеммен жұмыс, байланыстра сөйлеу.

Күтілетін нәтижелер:
1. Сөз бен сөйлемнің ерекше белгілерін білу.
2. Сөз тіркесі мен сөйлемнің ерекше белгілерін білу.
3. Сөйлем ішіндегі сөздердің байланысын білу.
4. Сөйлемнің негізгі мүшелерін, олардың сұрақтарын білу.

Істей білу:
1. Сөйлем құрастыру.
2. Сөздердің мағынасын өзгертіп, сөйлем құрастыру.
3. Сөйлемнің негізгі мүшелерін табу.
4. Мәтіннен хабарлау, сұраулы, лепті сөйлем табу.
5. Сөйлемнің әр түрін құрастырып жазу.
6. Сөз – адамдардың арасындағы жанасушылық тәсіл. Сөз адамның ойына, сезіміне және тәртібіне әсер етеді.
7. Мәтіннің негізгі ойын табу.


Өз білімін жетілдірудің бағыттары

Негізгі бағыттар Өткізілген жұмыстар Орындалу мерзімі
Кәсіби 1. Пәндік баспалар мен
Интернет арқылы жаңа педагогикалық технолог - иялармен танысу
әрдайым
2. «Қазақ тілі мен әдебиеті»
журналын жазғызу
әрдайым
3. Сол журналдардан
мақалалар тізімдемесін жүргізу
әрдайым
4. Пән бойынша
курстарында біліктілігімді арттыру
2015-2016жж.
Психолого-педагогикалық 1. Қазіргі психология
мен педагогика облысын -да өз білімімді жетілдіру
әрдайым
Әдістемелік 1. Негізгі сыныптарда
рының қазіргі білім мазмұ ны бойынша білімді жеті лдіру
әрдайым
2. Оқытудың жаңа
әдіс, тәсілдерімен танысу әрдайым
3. Гуманитарлық пәндер әдістемелік
бірлестігінің жұмысына белсенді қатысу
әрдайым
4. Дарынды оқушыла-
рмен жұмысты ұйымдастыру және сайыстарға, ғылыми конференцияларға, олимпиадаларға қатыстыру
2016-2017 жж.
2017-2018жж.
2018-2019жж.
5. Өз мектеп мұғалім -
дерінің тәжірибелерімен танысу
әрдайым
6. Әріптестердің сабақ
тары на қатысу және тәжі - рибемен алмасу
әрдайым
7. Өз жұмысымды
Талдау
2018 ж.
8. Жақсы сабақтардын,
әдістердің базасын құру
әрдайым
9. Ашық сабақтар
Өткізу
жылына 1,2 рет
10. Өз білімін жетілдіру
бойынша баяндамалар оқу жоспар бойынша
Ақпараттық-технологиялық 1. Педагогика, психо -
логия және пән бойынша ақпаратты Интернетте шолу
Әрдайым
2. Мастер-класстар
Өткізу 2017ж.


Өз білімін көтеру жұмысының
негізгі кезеңдері

Кезеңдері Жұмыстың мазмұны Мерзімі Сарамандық қызмет

Диагностикалық 1. Мәселе бойын-
ша әдебиеттік басы - лымдарды зерттеу
2016-2017 1. Мұғалімдердің білімін
жетілдіру курстар
2. Мектептің әдістемелік
бірлестігінің мәжілісінде сөйлеу
3. Әдістемелік әдебиеті- не жазылу
4. Өз тақырыбы бойын-ша әдебиетті зерттеу
Болжау кезеңі 1. Тақырыптың
мақсаты мен міндет - терін анықтау 2016 1. «Шығарма – оқу –
шылардың тілін дамыту тәсілі» тақырыбымен әдістемелік бірлестігінің мәжілісіне қатысу
2. Жоспар құру 2016
3. Нәтижелерін
Болжау 2016
Сарамандық 1. Жұмыстың
тәжірибесін енгізу 2017 1. Педагогикалық кеңесте баяндама оқу
2. Әдістемелік
кешенін құру 2017 2. Конференцияларға,
олимпиадаларға, конкурс - тарға қатысу
3. Жұмысты
Түзету 2018 3. Ашық сабақтар өткізу
4. Тілектестермен байла-
нысу үшін электрондық пошта құру
Жинақтау кезеңі 1. Жұмысты
Қорыту 2018 1. Баяндамалар мен
есептерді ортаға салу
2. Аудандық конферен -
цияларға, олимпиадаларға қатысу және олардың қоры - тындысы
3. Жұмыстың қо -
рытындысын рәсім – деу 2018 4. «Қазақ тілі сабақта-
рында оқушылардың байла- ныстырып сөйлеу қабілетте- рін дамыту» тақырыбына мастер-класс
5. Оқушыларға кеңестік көмек көрсету
Енгізу кезеңі Тәжірибенің таратылуы 2019 1. Тәжірибені басылым -
дарға жазу
2. Тақырыптың нәтиже -
лерін мектептің сайтына орналастыру


Тіл негізі - ой дамыту

Тіл негізі - ой дамыту
Тіл адамзаттың бір - бірімен пікірін, түсінуін қамтамасыз ете келіп, тілдік қарым - қатынасты іс жүзіне асырады.
Халқымыз мәнді сөйлейтіндерді, «сөзі мірдің оғындай екен» деп дәріптейді. Ал Жүсіп Баласағұн «ақыл - ойдың көркі – тіл, тілдің көркі – сөз» деп айтқан екен.

Қазіргі таңда оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, дара қабілеттігін дамытуға мүмкіндік беретін бағдарлы білім беруге жол ашатын Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандартына сәйкес оқыту мазмұнын қоғам талабын ескеріп, жаңарту қажеттігі - оқушыларды ауызша және жазбаша сөйлеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге, өз бетінше міндетті және мүмкін деңгейлерді игере білуге үйретуді көздейді.

Тіл дамыту жұмысы – күрделі де творчестволық процесс. Бала тілін дамытуда басты назар аударылатын – олардың орындаған жаттығулардың мазмұндылығы, жүйелігі, анықтығы, мәнерлігі, тазалығы, өрнектей, түрлендіре алушылығы және грамматикалық, орфографиялық, пунктуациялық, орфоэпиялық қатесіздігі.

Тіл дамыту - ойдың жұмысына негізделіп, ойлауды іске асырады. Көптеген зерттеулерге қарағанда, нашар оқитын балалардың көпшілігінің тілдері нашар дамыған, ойларын дұрыс жеткізе алмайды. Керісінше, тілі жақсы дамыған бала ойын да дәл, шебер жеткізеді, оқуы да ойдағыдай меңгереді, олардың табиғат пен қоғамдағы күрделі байланыстарды дұрыс тану мүмкіндіктері де мол болады. Тілді меңгеру барысында бала қорытынды жасайды, жалпылау, нақтылау, абстракциялау сияқты ойлау операцияларын қолданады.

Сөйлеу арқылы бала тек басқа адамдармен қарым - қатынас жасап қоймайды, сонымен бірге айналасын да таниды. Сөйлеуді меңгеру - шындықты меңгеру. Тіл дамыту үш салаға бөлінеді: 1. сөздік жұмыс; 2. сөз тіркесі және сөйлеммен жұмыс; 3. байланыстарда сөйлеуге үйрету жұмысы. Бұл жұмыстар бір - бірімен байланыстырыла, қатар жүргізіледі. Әсіресе байланыстыра сөйлеуге үйрету жұмысында қалған екеуінде үйренген білім, икемділік, шеберліктері ұштасады, яғни ойлау, жүйелеу, текст құрастыру, материал жинау, орфографиялық шеберліктері іске асырылады.

Жалпы сөйлеу дегеніміз өзі адамның ойын, білгенін, сезімін екінші біреуге жеткізу үшін, яғни қарым – қатынас жасау үшін тіл арқылы байланысу болып табылады.
Тіл дамыту балаға тек жаттығулар мен мазмұндама, шығарма жұмыстарын орындау арқылы ғана емес, сонымен қатар сөйлеу баланың өзін көрсететін құралына айналып, оны қуантып көңілін шарықтататын болуы керек. Балалардың ойын дамыту үшін негізінен мынадай жұмыстар іске асырылады.
1. Бақылау, тіл дамытудың қайнар бұлағы. Бақылау арқылы жинаған материалдарын сөйлемдер, мазмұндама, шығарма етіп жазуға, сол сияқты түрлі жаттығуларға пайдаланады.
2. Шығарма жаздыру. Ш. Кәрібаев:« Шығарма жаздыру жұмысы оқытушының үнемі басшылық етіп отыруына талап етеді. Оқушылармен тиісті әңгіме жүргізіп, байқап сұрастыра отырып, шындыққа үйлесетін, шамасы келетін, жақсы білетін материалды жаздырған дұрыс» - дейді.
негізгі сыныптардажүргізілетін тіл дамыту жұмысы мынадай мақсаттарды көздейді: 1. Оқушылардың байқағыштық, ойлау қабілеттері мен тілін, дүниетанымын дамыту, әр нәрсені салыстыра талдап, өз бетімен қорытынды шығара білуге үйрету.
2. Қазақ әдеби тілі нормасына сай, өз сезімін, ойын дұрыс жазып бере алатындай дағдылап беру.
3. Ана тілін сүюге, оның алтын қорын, тамаша сырын, көркем де нәзік сөз байлығын қолдана білуге тәрбиелеу.
4. Жазу тілін дамытуға септігі тиетін мазмұндама мен шығарма жұмыстарының оңай да тиімді түрлерін іріктеп ұсыну.


Өз білімін
жетілдіру

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив