Бытыратқаннан біріктірген абзал

 Бытыратқаннан біріктірген абзал

   Әр халықтың ұрпақ тәрбиелеудегі  көптеген ғасырларға  созылған өзіндік тарихи тағлымы, ой-пікір қорытындылар түйіні бар. Ол жазу, оқу құралынан, ауыз әдебиетінен, ұлттық өнер тағлымынан, халықтың дәстүрі мен салт-санасынан, әдет-ғұрпынан, мәдени мұраларынан байқалады. Өткеннің тәжірибесін тал бойына дарытқан  озық өнегелі дәстүрсіз, ұрпақтар сабақтастығынсыз тәрбиелеу үрдісін елестету мүмкін емес.Әлеуметтік мұра неғұрлым  бай болса, өткені мен бүгінгінің  мәдени мұралары жарасымды жалғасып жатса, солғұрлым өміріміздің мағынасы терең, мақсатымыз айқын болады. Сонда ғана біз өнегелі, парасатты ой  толғаныстары күшті қауым тәрбиелейміз.     
      Тәрбиенің мәнісі, біріншіден, қоғам үшін саналы, белсенді, ізгіленген, іскер азаматты қалыптастыру болса, екіншіден, жеке адам үшін – оны өмір сүре білуге, өзін қоршаған ортамен қарым – қатынас жасай білуге үйрету.Олай болса тәрбие процесі деп – қоғамның талап – тілектеріне сай әрбір жеке тұлғаның ақыл – ойын, сана сезімін, ерік – жігерін, мінез – құлық ерекшеліктерін жүйелі түрде қалыптастырып, дамытудағы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара бірлескен әрекетін айтамыз.Адамды  Жасаған жаратса да, қоғам әрбір жеке адамның қабілетін дамыту үшін, бәріне бірдей жағдай жасап, ортақ тәрбие беруге тиіс.Бүгінгі материалистік педагогика осы ортақ тәрбиені әр қалай негізге сүйеніп,жиырмадан астамға бұтарлап,тым тереңдетіп қарастырғандықты танытып,әрбіріне сәйкес тәрбиелеу құралдары мен жолдарын саралап көрсетуді мұрат тұтып,жүзеге асырып келеді.Мұның нәтижесі,жеткен жетістігі, баршамыздың көз алдымызда,кемшілігі көпшілік назарында.айқын  тұр.Ал, тәрбие туралы,оның құрамдас бөлігі жайлы пайым өткен шақта тым өзгеше болған екен.Мысалы, Мағжан Жұмабаевтың  педагогикасында тәрбие:
 «... 1.Ақыл тәрбиесі, 2. Құлық тәрбиесі, 3. Сұлулық тәрбиесі, 4. Дене тәрбиесі.»-деп көрсетілген. : «Егер адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны. Егер де ол ыстық, суық, аштық, жалаңаштық сықылды тұрмыста жиі ұшырайтын күштерді елемейтін мықты берік денелі болса, түзу ойлайтын, дұрыс шешетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы әуен, әдемі түрден ләззат алып, жан толқындырарлық болса, жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын құлықты болса ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы. Балам адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын…».Осы түйінді материалист педагогтар былай түсінген. «Тәрбиенiң бұдан басқа да бiрнеше түрлерi бар. Автордың төрт тәрбиеге баса көңiл бөлуi сол заманның талабынан туған көзқараспен астасып жатыр. Бүгiнгiдей экономикалық, экологиялық және құқықтық тәрбие ол жылдары (1930) онша актуальды мәселе болмаса керек».(Қазақ топырағында алғаш рет экологиялық тақырыпта өлең жазған ақынның ондай тәрбиенің өзектілігін елемеді деу тым орынды емес-ақ!) Мәселенің мәні ол шақта тәрбие дегенді қалай түсінгенінде болып тұр. М.Жұмабаев: «Жер жүзіндегі басқа жан иелерімен салыстырғанда,адам баласы туғанда өте әлсіз, зағиып,осал болып туады...Адам баласы –туғанда іңгәлаған айғайы мол бір кесек ет.Ақыл,есі жоқ.Денесі тым әлсіз.Өсуі ұлғаюы тым сараң,тым шабан.Мінеки,адам баласы осылай өте әлсіз болып туып,аса сараң өсетіндігінен,оның денесіне, жанына азық беріп,өсуіне көмек көрсетпей,яғни оны тәрбия қылмай болмайды,»-деген екен.    Яғни,тән мен жанға азақ беруді тәрбие деп түсінген.Жанға берілетін азықты өте мол көрсетіп, «түзу ойлайтын, дұрыс шешетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы әуен, әдемі түрден ләззат алып, жан толқындырарлық болса, жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын құлықты болса,..»-деп, асқақтатып жіберген.Сонда,қалай осы күндегі көп айтылатын еңбек тәрбиесі,саяси тәрбие,адамгершілік тәрбиесі,патриоттық тәрбие т.б. тәрбиелеу  соншама маңызды болмағаны ма?Жоқ!Оның себебін А.Байтұрсынов былай түсіндіреді.«Қасқыр күшігін жеуге баулығанда, қорадан қозы ұрлап апарып баулиды. Мысық баласын тышқан ұстауға баулығанда, тышқанды тірідей әкеп беріп, қашырып ұстатып, баулиды. Қазақтың ескі жырларынан, ескі сөздерінен батыр болғандарды қалай баулып батыр қып өсіргендерін көреміз, батырлар басқалардың балаларын қалай баулып өсіргенін көреміз. Мәселен, Шыңғыс ханды жасында баулыған Шолақ қол батыр тас атудан бастап, садақ пен құс атуға дейін баулыған. Адам арқасына мініп қару қылудан бастап, ат арқасында қару қылуға дейін баулыған. О заманда би болғандар би мектебінде баулынған, яғни биге атшы болып, бірге жүріп, бірге тұрып, бітірген істердің ішінде бірге болып, баулынып, би болған. Үйрету бастапқы кезде қайда да болса, "БАУЛУ" түрде болған.» Біздің ұлы-кәрілеріміз,абыз аталаларымыздың:«еңбекке баулу,өнерге баулу,тәлім беру,тәртіпке баулу,әдепке баулу,іске баулу»- деп айтып келген тәмсілін ұмыта қойған жоқпыз.Онда,немене,баулу дей ме,тәрбиелеу дей ме,дұрыс жіктеп,ашық саралап атқару жолын,жүзеге асыру амалын тиянақтап берсе болды емес пе?         Олай түсіну мына жайларды ескермегендік болады.Баулу дегенде,аталмыш іс-әрекет арқылы,оның машық-дағдысын игерту түсініледі.Мысалы,көркем мінез,биязы әдепке баулу,үлгі-өнеге көрсетіп,ақырында көркем мінез бен биязы әдептердің әдет –машығын игерту деген сөз.Ал,тәрбиелеу дегеніміз Фараби ғұламаның айтуы бойынша:«Оқыту адамдар мен халықтарда теориялық қайырымдылық дарыту болады, ал тәрбие-білім-білікке негізделген өнер арқылы оларға этикалық қайырымдылық дарыту тәсілі. Оқыту сөз арқылы жүзеге асырылады, ал тәрбие кезінде адамдар мен халыққа белгілі қимыл-әрекет дағдысын егеді...»Қорқыт Ата бойынша: «Тәрбиелеу дегеніміз үлгі өнеге көрсету, әдеп, өнер ұқтыру. Өнердің алды –әскери өнер және музыкалық өнері»-дейді.Баласағұн бабамыз: «Тәрбиелеу дегеніміз-адамдарды адамгершілік мектебінде оқыту»-деген.Тәрбиелеу ғұмыр бойы үзілссіз, әрі мәңгі жүріледі.Ал,баулу,адамның белгілі жасында,сәйкесті уақытта,арнайы түрде жүрілетін педагогикалық әрекет.Мысалы,жібек мінез,бияз әдепті жас ұрпақ 5-13(15)жас аралығында игеруге тиіс.Ол дағды машықты осы жаста игермесе,мінездің баюы.әдептің күлтеленуі қиынға соғып,тіптен кей жағдайда басқа арнаға түсіп кететін қаупы бар.Біз тәрбиелеу мен баулуды бірдей көріп,тәрбие туралы толассыз білім бергендіктен,кәзіргі жағдайымыз алабөтендікке алып келді.Ғылыми педагогикада тәрбие саны жиырмаға жетсе «Ағаш бесіктен жер бесікке дейін» (Өнер.А.,2011) деген кітапта екі жүзге барған.         Тәрбие тарыдай шашылып,ұндай ұнтақталып кетті.Болмағанда жұмаш көжедей өзара басын біріктіріп кесектеп,алғашқы мәніне алып келмесек,онан ары бытырай берсе шамамыз жетпей,арсалақтап қайсысына жүгірерімізді болжай алмай қалуымыз әбден мүмкін

 

 

 

 

                                      Қ.Қабдыразақұлы(ғалым-жазушы)
                                      Д.Ілесбекқызы (пе дагогика магистрі)
                                                                                  15.желтоқсан 2017                                                

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив