Туған өлкеге құрметпен қарау отан алдындағы міндеттердің бірі

Қарағанды облысы

                                          Қарқаралы ауданы

                                          ЖББ № 22 орта мектебіКММ

                                          Тарих-география мұғалімі

                                          Казиева С.У

Туған өлкеге құрметпен қарау отан алдындағы 

         міндеттердің бірі

Тұлға болып қалыптасуға  кез келгеніміз үшін өмірдің мәні тек қорғаныс, тамақ табу және ұрпақ жалғасы ғана емес,  келешекте Қазақстанның патриоты болу.    Бұл арада туған жеріне деген  құрметпен қарауға тәрбиенің де ықпалы зор. Қазіргі өркениетті елдердің қатарына қосыламыз деп тұрған елдің білім деңгейімен  бірге тәрбие  ісі қатар жүр.  Тәрбиедегі   рухани қазынамыз - әдет-ғұрып, салт-санамыз болып келеді. Рухани мұра – рухани құндылық. Рухани құндылықтарға Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік, отбасын құрметтеу, әділдік, шыншылдық, ата мұраға деген сый, дәстүрлердің жандануы   жатады. Халқымыздың ұлттық ерекшелігінің бірі мақал-мәтел арқылы жас өрендерді адамгершілікке, елін сүюге, достыққа, бірлікке тәрбиелеу. Туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілік сезімін оятуда «Жекен жерінен көгерер, ер елінде көгерер», «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас», «Сағынған елін аңсайды, сары  ала қаз көлін аңсайды», «Өз елімнің басы болмасам да, Сайының тасы болайын», «Елінен безген ер оңбас, Көлінен безген қаз оңбас», «Отансыз адам – ормансыз бұлбұл», «Отан үшін отқа түссең де күймейсің», « Отан оттан да ыстық», «Отаны бірдің, тілегі бір, жүрегі бір» т.б мақал-мәтелдердің құндылығы зор.

Әрбір адамның туған жері – бәрінен де қымбатты. Өйткені ол сол жердің топырағында өсіп, суын ішіп, ауасымен тыныстады, табиғатымен біте қайнасып, адам болып қалыптасты. Сондықтанда әрбір адам туған жерін қорғайды, аялайды,  күтеді, қастерлейді. Ақын Мұхтар Шаханов ағамыз  айтқандай: - «Қазақтың әр төбесі, әр белесі, ертегі, топырағын басып қалсаң бір ертегі шертеді» - демекші туған жердің, табан астындағы топырақтың тарихын біліп жүрген қандай жақсы.

Қазақ  ұлтының соңғы  жүз жылдықтағы парасаттылық деңгейін орыс ғалымы Ф. Щербина «Киргизская народность в местах крестиянских поселений» (ХІХ ғасырдың 30-40 ж.) еңбегінде былай деп мөлшерлепті.

  1. Діни фанатизімі жоқ, тәңіріне табынған жұрт
  2. Сауда және экономикалық қатыста таза, айтқан сөзінен айнымайды.
  3. Озық ой мен әдепті тез қабылдағыш, зердесі биік.
  4. Өте көрікті - көрнекті – «Екі иығына екі кісі мінгендей»
  5. Ішімдікті, тіпті сусын суды да татып алмайды.
  6. Балаларды жақсы көреді.
  7. Күнделікті қатынаста қарапайым.
  8. Үлкен ақсақалдарды халқының ерекше құрметті адамдары ретінде сыйлайды.
  9. Табиғатына ақынжанды, тегі ол табиғат пен етене қатынастар болар.
  10. Ән айтуды әңгіме аңызды айтуды ұнатады.
  11. Конституциясы берік, денсаулығы мықты және қайратты.

Тарих көзімен қарасақ аз ғана уақыт өтті. Ұлтымыздың бойындағы осы

қасиеттердің барлығы жоғалып кетпеген болар. Ендеше тарихымызды жалғастырушы жас ұрпақтың бойындағы бар қасиеттерді дұрыс жолға қою , оларға бағыт- бағдар беруде жергілікті мәдени – танымдық   туризмнің маңызы зор.

Қазақ халқының көне тарихын, мол мұрасын оқып үйрену жаңа буын оқулықтарында , стандарт талаптарында көрсетілген. Соған қарамастан, қазіргі тарих оқулықтарында жергілікті өлкеміздің тарихы аз жазылған, толық зерттелмеген мәліметтер көп. Жас ұрпаққа бабаларымыздың ерлік ісін, ұрпақ сабақтастығын терең танытатын тарих немесе жеке зерттеу еңбектер көптеп жазылса, білім кеңейе түсер еді. Қазіргі және кейінгі ұрпақ алдындағы парыз   өтелген болар еді. Осы бағытта азда болса ізденіс жасауға, тың деректер табуға қазіргі жастарға ой салуға  өлкетану бағыты көп көмегі бар. Әлі де ауыл, аудан немесе өлкеміздің көне тарихы толық зерттеліп жазылмағаны рас. Өлкеміздің шежіресін зерттеп көптеген салалар бойынша тың деректер табуға жастар алдында міндеттер қою қажет.  Жасөспірімдер бойында ұлтжандылық, отаншылдық рухты қалыптастырудың бір жолы – тарихты оқыту кезінде тәрбие мәселесіне жете мән беріп, ұлт тарихындағы тарихи қайраткерлердің елжандылық қырларын жастарға үлгі – өнеге етіп оқыту мен тәрбиелеу.

         Әрбір адамда құпия жарық күші бар, туған өлкемізді көркейте түсуге, оны керемет таңқаларлық ғажап ету үшін ол адамның дамуына және жарқырай түсуіне еркіндік беру керек. Тәрбие мен білім егіз жүрсе бала тәрбиесі қай –қайсымызды болмасын толғандырмай қоймайды. Қазақтың даналығында: «Бұлақ көрсең – көзін аш» дейді. Осындай парасатты сөздерді басшылыққа ала отырып  өлкетану бағытында ізденіс жұмысын жүргізуші жасөрендерге өте қажет.          

                  Әркімнің Отанына деген сүйіспеншілігі өзінің туған жерінің  тұлғаларын құрметтеуден басталатыны анық . Туған өлкесінен  шыққан  тұлғаларды танып білу, өз үйінің төрінен шыққан алтынның қадірін түсіну кез келген азаматтың парызы деп білемін..

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив