Наурыз - жыл басы!

Наурыз - жыл басы! «Асылай» бөбекжай балабақшасы
«Наурыз – жыл басы»
Әжелер сайысы
Дайындаған балабақша әдіскері
Минажева Айман Сейтжановна
Наурыз 2016 жыл

Тақырыбы: Наурыз - жыл басы!


Түрі: Әжелер сайысы
(Роза Рымбаеваның «Наурыз- думан» әні жүріп тұрады).
Залда мерекеге сай безендірілген киіз үй орнатылған. Мерекеге дайындық жүріп жатқан ауыл көрнісі.
Мақсаты: ұлттық мәдениетке қызығушылықты арттыру, халықтың салт-дәстүрін құрметтеуге, қазақ халқының әдет-ғұрпын өсіп келе жатқан ұрпақ санасына сіңіру, ұлттық өнерге баулу.
Жүргізуші: Армысыздар, халайық.
Бармысыздар халайық.
Наурыз тойын жұп жазбай,
Жылда бірге қарсы алайық!
Наурыз – жыл басы болып саналады. Ата-бабаларымыздың салтымен ұлттық мерекені той-думанмен, ойын-күлкі, қуанышпен өткізеді. Кез-келген игі істе, жақсылыққа аналар мен әжелер құрт,кәмпит, күміс тиіннан шашу шашады. «Той тойға ұлассын» деген ниетпен, бүгінгі мерекеде әжелердің өнерін тамашалайық. Сіздерді Наурыз – жыл басы мерекесімен құттықтаймын!
(Сырттан дауыстар естіледі. Әжелер жиналып абыр - сабыр болып, құшақтасып, көрісіп, шашу шашып залға енеді

Жүргізуші: Жаңғырар дәстүр салтымыз,
Көзделсін бұлақ жалғасы.
Қастерлі менің халқымның,
Мереке Наурыз – жыл басы.
Бүгін біздің ортамызда ақ жаулықты әжелеріміз біздерге қазақ халқының салт-дәстүрін ала келіпті. Олай болса, әжелер сайысын бастайық.Сайысымызды бастамас бұрын сайыстың әділ өтуін қадағалау үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық. Олар:
1. Балабақша меңгерушісі С.Тулегенова
2. Кітапхана меңгерушісі Н. Куталиева
3. МАД тобының тәрбиешісі М. Габдрашиева

Сайыс бөлімдерімен таныс болыңыздар.
1. «Мен - анамын, ұрпағын әлдилеген» - таныстыру сайысы
2. «Сегіз қырлы, бір сырлы» - шұлық жамау, ұршық иіру,
ою қию сайысы
3. «Өнерлінің өрісі кең» - өнер сайысы
4. «Қазақы дастархан» дәм-думан сайысы
5. «Жақсы сөз, жарым ырыс» бата беру сайысы
6. «Қазақтың салт-дәстүрі»- қол өнер сайысы
Жүргізуші: Наурыз тойы бітпейді,
Келер жылы тағы да күт дейді.
Алтынмен аптап көңілді,
Күміспенен күптейді – таныстыру бөлімі

Жүргізуші: Ал, әжелер тұрайық,
Ою-өрнек сызайық.
«Түйетабан», «Ботакөз»,
«Қой ізі» мен «Қос мүйіз»,
Ою өрнек әлемі, Сәнді өрнек ояйық- деп сегіз қырлы, бір сырлы әжелеріміздің шұлық жамау, ұршық иіру, ою қию сайысын тамашалайық.

Жүргізуші: Наурыз күні той думан,
Ортамызды ашайық.
Ән мен жырды төгілтіп,
Биден шашу шашайық,
Өнерлінің өрісі кең дегендей келесі кезекті өнер сайысына жолдаймыз.


Наурыз - жыл басы!

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив