Жаңа жыл - шығыс елінде

Жүргізуші:Даламызға,қаламызға,
Жаңа жыл кіріп келеді.
Қартыңызға,балаңызға
Жалынды сәлем береді.
Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар,
Таңырқанып тұрмаңыздар.
Сәнді шырша шақырады.
Шырша жырын жырлаңыздар.
Келіңіздер,келіңіздер,
Би де билеп беріңіздер.
Қызығы мол жаңа жылдың
Тамашасын көріңіздер.

Құрметті қонақтар шығыс еліндегі Жаңа жыл тойына қош келдіңіздер. Жаңа жылдарыңызбен!
Келіңдер жас ұландар,
Ертегімді тыңдаңдар.
Ертегімде сан қилы
Қызық-қызық сырлар бар.
Сонымен,шығыс елінің жұртшылығы Еліміздің Ханы мен оның қызы Жасминді ханшайымды қарсалыңыздар.
Музыка ойналады, Залға ханмен оның қызы жасмин кіреді.
Хан: Салеметсіңдерме жұртым! Жаңа жылдарыңмен! Жаңа жыл жаңа бақыт әкелсін!
Балалар: Салеметсізбе Хан ием
Жасмин: Жаңа жыл тойы керемет, шыршамызда әп әдемі, ойыншықтары қандай десеңші! Тек біздің Шыршамыз жарқырап шамдары жанып тұрған жоқ!
Хан: Қызым көңіліңді түсірме, Уа көмекшім маған мына шыршаны жарқырататын адамды тауып әкел.
Жүргізуші: Құп болады ханием елімізде алтын шамы бар бір жас жігіт бар аты Алладин! Алладинді шақырайық қонаққа!
Хан: Шақырыңдар Алладинді
Музыка ойналады, залға Алладин кіреді, қолында сиқырлы шамы бар
Алладин: Салеметсіңбе хан, Амансыңдарма шығыс елінің жұрты
Хан: Қош келдің Алладин! Мына жұрттың айтуынша сиқырлы шамың бар екен ғой! Распа? Шамың шынымен сиқырлыма?
Алладин: Иа Ханием шамымның бар екені рас. Сиқырлы екеніде өтрік емес. Бұл шамның ішінде сиқырлы Жын отыр, мен бұл шамды тауып алғаннан бері ол менің барлық тапсырмаларымды орындайды.
Хан: Қанекей дәлеле де!
Алладин шамды сүртеді, шамды сүрткен кезде музыка ойналады залға жын кіреді
Жын: Сәлеметсіңбе Шығыс елі, Амансыңба Аллдин, Ханием. Алладин мені шақырғаның бекер емес, тапсырмаңды айта бер
Алладин: мен Шығыстың әдемі қыздарының арасында болғанды қалаймын тезірек орында.
Жын:Әміріңізге құлдық.(айналып үш рет шапалақтайды)
Би:Шығыс биі.
Хан: міне керемет! Қандай ғажап шам! Шамның сиқырлы екенін дәлелдедің, енді бізге көмектес мына әдемі Шыршамызды Жарқырат.
Алладин: Жын Ханның айтқанынестідіңбе Шыршаны жарқырат.
Жын: Мен шыршаны жарқырата алмаймын, оны тек қана Аяз ата жарқыратады. Мен сіздердің мерекеліңізге Аяз атаны шақырайын! Деп айналып үш рет шапалақтайды.
Музыка ойналады, залға аяз ата мен ақшақар кіреді
Аяз ата: Салеметсіңдерме Шығыс елі! Салеметсіңбе Хан! Мерекелерің құтты болсын!
Балалар: Салеметсізбе Аяз ата
Аяз ата: Мен сендерге өзімнің немерем Ақшақар мен келдім!
Балалар: Қош келдің Ақшақар!
Ақшақар: Салеметсіңдерме шығыс халқы, салеметсізбе Хан! Айнала қандай әдемі барлығы жарқырап, жайнап тұр. Шыршаларың қандай керемет! Бірақ ата бұл елдің шыршасы жарқырап жанып тұрған жоқ.
Ханшайым: Иа аяз ата бізге Шыршаны жарқыратуға көмектесіңіз!
Аяз ата: Әрине шыршамызды жарқыратайық.
Қуант, бізді, таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! Деп Аяз ата таяғын үш рет қағады, жарықсөнім қайта жанады. Шырша шамдары жарқырайды.
Алладин: Қандай кермет!
Ханшайым: Қане шығыс жұрты Шыршамызға арнап шырша жырын айтайық.
Ән: Шырша жыры
Жүргізуші: Аяз ата сіздің келгеніңіз қандай жақсы болды, шығыс жұртының сізге арнаған неше түрлі өлең жырлары бар соларды тыңда бізбен!
Аяз ата: Әрине мына дорбам тәтті сыйлықтарға толы
Балалар Аяз атаның жанына тұрып тақпақтарын арнайды.
Ақшақар: Шығыс жұрты дарынды ел екен! Аяз ата олармен көңілді бір ойын ойнамаймызба
Аяз ата Дұрыс айтасың қызым көңіл көтеріп ойын ойнайық
Ойын: Қатып қал
Алладин: Менің шамым қайда кетті
Жарық сөнеді жаман музыка ойналады, жарық қосылғанда залда Сыйқыршы тұрады
Сыйқыршы: Амансыңдарма! Әп бәлем жын ұсталдың ба, Шамың менде енді менің барлық тапсырмаларымды орындайсың
Жын: Әміріңізге құлды
Аяз ата: Бұның дұрыс емес қайтар Алладинге шамын,
Сыйқыршы: Қайтар күлкімді келтірмеңдеросындай сәт туып тұрғанда олжадан құр қалмаспын! Қане Жын маған шабармандар керек. Тілегімді орында деп шамды сүртеді
Жын: Әміріңізге құлдық деп айналып 3 рет шапалақтайды.
Би: Шабарманар
Сыйқыршы: Қандай керемет енді менің өз шабармандарым бар. Хан сенің жұртың менің көңілімді көтерсін! Әйтпесе жынның көмегімен аязатаны сыйқырлап тастаймын!
Ханшайым: Қандай жаман едің сыйқыршы
Жүргізуші: Уайымдама Сыйқыршы біздің елімізбен бір ойын ойнауға қалай қарайсың?
Сыйқыршы: Ал көрейік!
Ойын:Кім тезірек жинайды.
Сыйқыршы: Ойындарың керемет көңілім көтеріліп қалды ғой
Аяз ата: Сыйқыршы сенің көңілің көтеріңкі болғанына қуаныштымын. Балаларым маған көптеген тақпақтар әзірледі соларды менімен тыңда.
Балалар тақпақтарын арнайды
Ханшайым: Жарайсыңдар халқым! Сиқыршы сен жынға тапсырма беріп қайтесің одан ша ен Жын бол сонда бүкіл әлем сенің қолыңда болады.
Сыйқыршы: Рас дұрыс айтасың Жасмин! Ақылыңнан айналдым. Қане жын сенің орныңа бару үшін не істеу керек.
Жын: Менің орнымдама Жарайд ендеше Қайтала жын өзіңді босат мені шамның құлы ет.
Сыйқыршы: солай айтсам рас барлық әлемді жаулап аламын ба
Жасмин: Әрине
Сыйқыршы жынның айтқанын қайталайдыда шам мен бірге ұшып кетеді музыка ырғағымен
Аяз ата: Жарайсыңдар Жасмин ханшайыммен жын өте тапқыр айлакер екенсіңдер.
Ақшақар: Ата мына жерде сыйқыршының дорбасы қалып қойыпты. Дорбаны ашады ішінде жыл бас тауық бар екен ғой!
Осы кезде тауық дорбадан шығады
Аяз ата: Қош келдің жылбасы! Жаңа жылда бізге жаңа бақыт әкелетін Жылбасымыз мына қаптың ішіде неғып жүрсің
Тауық: Айлакер сыйқыршы мені ұрлап дорбасына салып алып кеткен еді, осылай осы қаптың ішінде болдым мына қаптың іші қараңғы ештеме естілмейді. Ақшақар саған рахмет мені тауып алдың! Амансыңба шығыс елі! Жаңа жылдарыңымен!
Жүргізуші: Амансыңба Жыл басы! Мерекемізге қош келдің, кел бізбен бірге халқымыздың өнерін тамашала!
Ән:Жаңа жыл
Тауық: Рахмет балалар, әндерің тамаша екен, Аяз ата біз енді Ақшақар үшеуімізс қосылып басқа балабақшаларға бармаймызба, ол жақтада балалар бізді күтуде
Аяз ата: Дұрыс айтасың Жыл басы. Шығыс елі рахмет сендерге, ақылды, өнерлі тапқыр ел екендеріңді дәлелдедіңдер. Мына дорбамдағы сыйлықтар сендерге деген сыйым болсын қош сауболыңдар деп аяз ата ақшақар мен тауық залдан шығып кетеді
Хан: Қандай керемет, аяз ата өте жомарт жан екен, ал енді жұртым сыйлықтарды топтарыңда ашасыңдар,
Ал қазір көңіл көтеріп би билемеймізбе?
Музыка ойналады, ортақ би
Би: Шығыс биі
Хан: Ал халқым жарлығымды тыңдаңдар Жақында мен Жасмин қызым мен Алладинді үйлендіруге шешім қабылдадым. Ал енді біз үйімізге қайтып тойға дайындалайық
Алладин мен жын: Қош сауболыңдар шығыс елі!
Деп барлығы залдан шығып кетеді.
Жүргізуші:Құрметті,шығыс елі 2017 жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Жаңа жыл құтты болсын!Отбасыларыңа тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!
Мерекемізді Жаңа жыл әнімен аяқтайық
Ән: Жаңа жыл

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив