Тақырыбы: Әдепті бала – арлы бала

Қарағанды облысы.  Сәтбаев қаласы

№31 «Балапан» б\б  тәрбиешісі КМҚК

ІІ-санатты тәрбиеші Жанабатырова А.А

 

                 Тақырыбы: Әдепті бала – арлы бала

 

Білім беру саласы: Қатынас, әлеуметтік орта

Бөлімі: Тіл дамыту, айналамен таныстыру, қоршаған орта

Мақсаты :  Балалардың коммуникативтік әдетін қалыптастыру.                                         

Білімділігі:. Жақсы мен жаман әдет қалыптарын ажырату. Дамытушылығы: Тіл байлығын, логикалық ойлау, көру, сезіну қабілеттерін дамыту. Халқымыздың  салт – дәстүріне деген қызығушылығын арттыру. Тәрбиелілігі: Адамгершілікке , кішіпейілдікке, ұқыптылыққа баулу. Көрнекіліктер: Суреттер, дидактикалық ойын «Жаман мен жақсы», сыйлықтар.

Әдіс тәсілдері: Әңгімелеу, ойын ойнату,тапсырмалар,көрсету.

Тәрбиеші: -Балалар қарандаршы бізге көп қонақтар келіпті, кәнеки балалар қонақтармен амандасайық

-Сәлеметсіздерме!

Балалар орындыққа отырады

Тәрбиеші: Балалар алыста  не дауыс естіліп жатқан?

Тәрбиеші : Балалар бұл кім екен?

Мысық: Қой дедім ғой мен саған.

Ит : Р-р-р-р саған не керек! Қандай ұсқынсыз едің!

Мысық: -Не дедің? Мен бе ұсқынсыз? Өзіне қарашы, жылайды

Тәрбиеші:-Сәлеметсіздерме сіздер кім боласыздар? Сендерге не болды ?

Мысық: Мынау барғой мені ылғи кемсітіп, мазақтай береді

Тәрбиеші: Бұларын енді дұрыс емес, сендер балабақшаға келдіңдер кішкенең,қарандаршы біздің балалар қандай әдепті, тәртіпті балалар, бізге көп қонаққтар келіп отыр олармен амандасу керек

Мысық: ой біз амандасуды білмейміз мяу-мяу .

Ит: Амандасу деген не?р-р-р

Тәрбиеші: Ендеше сендер білмесеңдер біздің балалар көрсетеді, ендеше келіңдер шеңберге тұрыңдар біздің балалармен амандасуды үйреніңдер.

 Ал балалар тұрайық,

 Үлкен  шеңбер құрайық,

 Үлкен  шеңбер құрған соң,

Әдептілік  сақтайық.

Шаттық шеңбер:

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылсын

Құтты қонақ келіпті

Төрімізге еніпті

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің басы ғой.

Ал, кәнекей, бәріміз

Сәлем берейік, үлкенге

Сәлеметсіздер ме?!

Амансыздар ма?!

Есенсіздер ме?!

Ит: р-р-р қандай керемет біз білдік амандасудың не екенін.

Тәрбиеші: Кәне балалар отырайық. Мысық ,ит біздің балалар әдептілік туралы көп  тақпақтар біледі.

Медина: Кім үлкенді сыйласа,

               Кім үлкенді тыңдаса,

               Үлкен болған кезінде

                Сыйлы болмақ өзі де.

Жандос: Атам маған өмірде

               Әдепті жан бол деген.

                Ата сөзі санамда,

              Жасы үлкенге жол берем.

Меруерт: Сәлеметсіз бе, ағай деп,

                   Сәлетсіз бе , апай деп,

                 Ұл-қыз сәлем береміз,

                Өнегелі өренбіз.

Мирас:  Дастарханның басында,

             Әдептен біз озбаймыз,

               Үлкендердің қасында

              Қолды бұрын созбаймыз.

 Амина: Нан қоқымын шашпаңдар,

              Жерде жатса баспаңдар.

              Теріп алып қастерлеп,

                Торғайларға тастаңдар

Тәрбиеші: балалар біздің мысық пен иттің көңіл күйлері болмай тұрған сияқты, кәне оларды ортаға шақырып бір көңілді ойын ойнайық.

Тікіриіп құлағы

Менен бұрын тұрады.

 Бойын жазып керіліп

Бетін қолын жауады. Мяу-мяу-мяу

 Қасымнан бір қалмайды.

 Көзін қысып алады,

Ұйқта десең ұйқысы ,

Ұйқысы оның қанбайды. Мяу-мяу-мяу.

Мысық : Балалар сендерге көп рахмет әдептіліктің не екенін түсіндік.

Ит: рахмет балалар р-р-р ,мяу-мяу

Мысық ,ит : Балалар рахмет сендерге, біз енді әдепті боламыз сау болыңдар!

Тәрбиеші: Балалар сендер саяхатқа шыққанды ұнатасыңдарма?  Орманға  тез жету үшін ән айтып барайық.

Аяз-қысып, өрнек сызып

Терезені торлайды.

Кейде ұлып, кейде ысқырып,

Ұйтқып боран сағады.

Бөбектерім айтындаршы,

Бұл қай кезде болады?

-демек, балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Дұрыс (Қыс)

Тәрбиеші: Балалар біз орманда әдептілікті сақтау керекпіз! Қоқыстарды тастауға болмайды, бұтақтарды сындырмаймыз, құстарды атпаймыз, ұяға тейіспейміз.

Музыка: торғай, өзен, жел т.б

Орманшы: Талдарды бақылап жүреді, бұтақтар сынып жатқан жерде

тұрады, басын шайқап.

Тәрбиеші: балалар қарандаршы, алыста орманшы тұр кәне амандасайық

Сәлеметсізбе орманшы

Орманшы: амандасады

Тәрбиеші : сізге не болды көңіл күйініз жоқ қой?

Орманшы : ия балалар қарандаршы орман іші көңілсіз талдарға, шыршаларға зиян келтірген. Балалар шыршаның бұтақтарын сындыруға болама?  Табиғатқа зиян келтіруге болама? Біздің табиғат құрып бара жатыр жабайы жануарлар да азайып кетіп бара жатыр. Ох- ох

Тәрбиеші: Ия балалар, табиғатты біз аялауымыз керек.

Тәрбиеші: Балалар біздің орманшы өте көңілсіз екен, кәне балалар ормандағы жабайы жануарларды еске түсіріңдерші, орманшының көңілін көтерейік, бір ойын ойнайық орманшы біз балалармен ойын ойнап көңілінізді көтеруге қалай қарайсыз?

Орманшы : -Жарайды балалар ойын ойнайық

Тәрбиеші: жабай жануарладың қимылдарын өлең арқылы қозғаламыз.

Аю маң-маң басқан,

Қоян үркіп қашқан.

Қасқыр ылан салады,

Түлкі бұран қағады.

Орман іші көңілді

Бұтақтаң қар түседі.

Жарайсыңдар балалар жабайы жануарлады жақсы біледі  екенсіңдер . Онда балалар орманның сулулығын тамашалайық.

Орманшы: -Балақай сен нестеп жатсың?

-Балалар торғайды атуға бола ма?

- Жоқ!

Тәрбиеші:  -Балақай құстар біздің досымыз, біз оларға қамқорлық жасауымыз керек. Қыс кезінде торғайларға қорық табу өте қиын сондықтан біз оларға жем беруіміз керек.

Кәне, балақай біздің балалармен шеңберге тұра ғой, орманшы сізде тұрыңыз әдепті туралы  «Жақсы ,жаман» деген ойын ойнайық.

Ойын  шарты: Мен жақсы туралы айтқанда қолдарынды шапалақтайсыңдар, жаман туралы айтқанда аяқтарынды топылдатасыңдар қымылдар көрсетесіндер.

 -Бір бала құстың ұясын бұзып жатыр екен, ол қандай бала?

 -Үлкен кісіге орын берген бала, қандай бала?

-Атасына терек егіп көмектесіп жатқан бала қандай бала?

- Жерге құлап қалған балапанды ұясына салып жатқан қандай бала? Тәрбиеші: орманшы ағай біздің балалар  әдепті туралы мақал -мәтелдер біледі  соны тыңдаңыз.

Мақал мәтелдер:

-Әдепті бала балабақшада

- Әдепті бала көшеде,

-Әдепті бала үйде.

-Әдепті бала ата- анасын мақтатар,

- Әдепсіз бала ата- анасын қақсатар.

-Жақсыдан үйрен,

Жаманнан жирен.

Орманшы: өте керемет жарайсыңдар, балақай көрдің бе әдепті бала қандай болу керек!

Бала: ия орманшы балалар енді мен тентек бала болмаймын әдепті бала боламын. (қолындағы садақты береді)

Орманшы: жарайсың балақай күзде жинаған алмамнан тату етем, ала ғой.

Бала: балалар орманшы рахмет сау болыңыздар!

Тәрбиеші: Балалар балабақшаға кайтатын уақыт келді.

Орманшы: Балалар сендер қандай әдепті баласындар көп тақпақ, мақал-мәтелдер біледі екенсіңдер, әдепті туралы (балалардың бастарынан сыйпайды орманшы)

Сендерге базарлығым бар апайларына берейін балабақшаларына барғанда үлістіріп береді.

Балалар: -Сау болыңыз орманшы !

Тәрбиеші:- Балалар балабақша тез жету үшін ән айтып барайық

Мен әдепті баламын,

Әдепті мен сақтамын.

Жас үлкенге жол берем,

Мен тәртіпті баламын.

Балалар біз орманға бардық. енді көңіл көтеріп бір ойын ойнайық

 «Біздің топта кім жақсы»

Тәрбиеші: Кәне балалар отырайық әдепті туралы сурет тамашалайық кәне балалар қарандаршы

-Балалар суретке қараңдаршы мына бала не істеп жатыр?

 -Талдың бұтағын сындырып жатыр ма?

-Ол әдепті бала ма, әлде әдепсіз бала ма?

-Балалар құсты садақпен атып жатыр? Олар қандай бала?

-Балалар автобуста орын бермей тұрса? Ол қандай бала?

 -Енді мына суретке қарайықшы.

Суретте бала не істеп жатыр?

-Бұл бала құстарға жем беріп жатыр?

 -Ол әдепті бала ма, әлде әдепсіз бала ма?

-Құстарға бидай беріп жатқан қандай бала?

Үлкен атамен амандасып тұрған  қандай бала?

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар біз қандай баламыз қолмен балалар жақсы баламыз деп белгі көрсетеді.

Қоштасу шеңбері

Орнымыздан тұрайық

 Үлкен  шеңбер құрайық

Келген  қонақтармен қоштасайық.

 Кездескенше күн жақсы, сау саламат болайық, сау болыңыздар!

                                              

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив