Қатынас

Ергалиева Клара Жонисовна

БҚО, Зеленов ауданы, Жаңатаң

жалпы бастауыш білім беретін мектебінің

жанындағы «Балдырған» шағын

орталығының тәрбиешісі

 

Білім беру саласы: Қатынас

Оқу іс-әрекеті: Тіл  дамыту

Тақырыбы: «Қасқыр мен жеті лақ» орыс халық ертегісінің қойылымы

Мақсаты: Балаларға ертегінің мазмұнын баяндау, кейіпкерлендіру арқылы түсіндіру, тіл байлығы, сөздік қорын молайту. Сұраққа толық және нақты жауап беруін қадағалау. Сонымен бірге жағымды, жағымсыз кейіпкерлерді ажырата білуге үйрету. Ертегі бойынша көрсетуде балаларды дауыс ырғағы дұрыс келтіріп, сөйлей білуге жаттықтыру.

Қолданалатын көрнекілік құралдар: ешкі, лақтар, қасқырдың кейіпкерлерінің атрибуттарының бейнелері.

Қос тілдік компонент: волк-қасқыр, козленок-лақ, коза-ешкі.

Әрекет кезендері

Тәрбиешінің іс әрекеті

Балалардың іс әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбері.

Балалар бір-бірімен амандасып, жылы лебіздерін білдіреді.

Шеңбер болып түрайық,

Алақанды ашайық.

Күннің нұрын алайық.

Таза ауаны жұтайық.

Жүрекке жылу салайық,

Мейірімділік шоғын алайық.

Жиналған жылы шуақты.

Қонақтарға шашайық.

Тосын сәт.

Әндетіп бауырсақ кіреді (әуен ойналады бауырсақ домалап келеді). Бауырсақ: сәлем балалар. Балалар мен сендердің қасқыр мен жеті лақ ертегісінің қойылымын көрейін деп едім. Сендер қалай қарайсыңдар?

Балалар бір-бірімен амандасып, жылы лебіздерін білдіреді.

 

Алақай бауырсақ келді. Сәлем, бауырсақ.

Көріңіз

Ұйымдастырушылық ізденістік

 

Балалар біз қандай ертегілерді білеміз? Бүгін біз жеті лақ пен қасқыр ертегісін ары қарай жалғастырып тыңдаймыз. Өздерің сол ертегі кейіпкерлерінің атрибуттарын киіп, сахналайсыңдар.

Театрландырылған көрініс.

Қатысушылар:

Лақтардың анасы –

Лақтар:

Қасқырлар:

Тәрбиеші: Ерте заманда бір ешкі болыпты оның жеті лағы бар екен. Ол орманда әдемі үйінде балаларымен тұрады екен. Ешкі күнде тоғайға барып, тамақ жинап әкеледі екен. Ешкі тоғайға барарында есікті ішінен бекітеді менен басқаға есік ашпаңдар деп кетеді екен. Ал енді балалар «Қасқыр мен жеті лақ» орыс халық ертегісін қойылымын рөлге кіріп ойнайық.

Лақтар музыка үнімен ортаға шығып билейді, секіреді. Осы кезде өз әнімен анасы кіреді. Лақтарын жақсы көріп бастарынан сипап жаным, лағым, шұнағым дейді. Лақтары анасын ортаға алып «Ақ мамам» әнін айтады.

Бауырсақ, Шалқан, Дос іздеген Бота, Жалқау мысық

Ертегілерін білеміз

 

 

 

 

 

 

 

Лақтар туралы тақпақ айтып беру.

Шөре, шөре лағым,

Тентек болма шырағым.

Рефлексиялық түзетушілік

Балалар ертегіден не түсіндіңдер? Қай кейіпкерлер ұнады? Балаларды мадақтап, еңбектеріне қарай ойын түрінде бағалау.

Ешкі, лақтар

Күтілетін нәтиже:

Балалардын білуі: «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісі мазмұнын таныстыру, мәнерлеп оқып беру.

Балалардың менгеруі:Кейіпкерлердің сөздерін жаттау.

Балалардын жасай алуы: Ертегіні толық түсіну үшін оны рөлдерге бөліп ойнату.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив