Г дыбысы мен әрпі»

Сабақтың тақырыбы: «Г дыбысы мен әрпі»

Сабақтың мақсаты:1.Оқушыларға Г дыбысы мен әрпін таныту,  

                                        сөздегі орны туралы түсінік беру. Ол берілген  

                                        сөздерді оқу және жазуға үйрету.

                                      2.Балалардың сөйлеу мәнерін, байланыстыра сөйлеу        

                                         дағдыларын, сөздік қорларын, жұмбақ шешу, сөз  

                                         ойлау арқылы тіл байлықтарын дамыту.

                                      3.Балаларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа баулу,     

                                         таза, сауатты жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ жауап.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кеспе әріп.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Оқушылармен амандасу, түгендеу
  3. Психологиялық дайындық.

Сыныбымыз тап - таза

Борда дайын тақтада

Денемізді жинақтап

Отырайық партаға

                  ІІ. Өткен сабақты қайталау

Мұғалім: - балалар біз сауат ашудан нені үйрендік?

Оқушылар: - оқуды жазуды.

Мұғалім: - дыбыс дегеніміз не?

Оқушы: дыбысты естиміз, бірақ көрмейміз.

Мұғалім: - әріп дегеніміз не?

Оқушы: әріпті жазамыз, көреміз, оқимыз.

Мұғалім: - дыбыстар нешеге бөлінеді?

Оқушы: дыбыстар екіге бөлінеді, дауысты және дауыссыз дыбыс.

Мұғалім: - әріптерден не құралады?

Оқушы: - сөз.

Мұғалім: - сөзден не құралады?

Оқушы: - Сөйлем.

Мұғалім: - сөйлем қандай әріппен жазылады?

Оқушы: - бас әріппен.

Мұғалім: - сөйлемдерден не құралады.

Оқушы: - мәтін. Өте жақсы.

Мұғалім: - өткен сабағымызда қандай дыбыспен таныстық?

Оқушы: Ү дыбысы. Мұғалім: Ү дыбысы қандай дыбыс?

Оқушы: дауысты жіңішке.

Үкі, Үйрек суреттерін іліп, дыбыстық талдау жасау.

Ә. Табылдиевтің «Кім кінәлі?» диалогын мәнерлеп оқыту, жатқа сұрау, рольге бөліп оқыту.

- Кім сызды мына партаны?- деп ұстаз бізден сұрады. Үсенбек айтты: - Мен емес. Үміт айтты: - Мен емес. Күміс айтты: - Мен емес. Бұған жалғыз кінәлі - Елемес үнсіз тұр әлі.

Ойын: «Кім білгіш?»

Шарты: Буындардан сөздер құрау.

                         III Жаңа сабақ

Мұғалім: Аналарға сыйлайтын,

Аралар бал жинайтын.

Бұл немене балалар,

Үзуге адам қимайтын.

(Гүл)

Мұғалім: балалар гүл дегенде қандай дыбыс естіліп тұр.

Оқушылар Гг дыбысы.

Мұғалім олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Г дыбысы және әрпімен танысамыз.

Мұғалім: Г дыбысы, дауыссыз дыбыс, ұяң дыбыс, сөздердің басында ортасында кездеседі.

Гүлдің суреті. ГҮЛ - гүлді мерекеде, тойда, қуанышта, туған күнде, бір - бірімізге сыйлаймыз.

Бүгінгі сабағымыз ерекше өткелі тұр. Бүгінгі сабақта гүлдер әлеміне саяхатқа шығамыз.Саяхат барысында бірнеше гүлдермен таныстын боламыз.

Түймедағы гүлдің тапсырмасы бағандағы сөздерді оқу.

                     IV.Оқулықпен жұмыс

Е - гін – егіс алқабы, бидай егетін алқабы.

Е - геу - үйге қажетті қолданылатын құрал.

Е - гіз - бірге туған екі адам.

Се - гіз - сан: жетіден кейін келетін, (математикадан алдыңғы уақытта өтеміз).

Ке - ре - ге - киіз үйдің бөлігі «шаңырақ, уық кереге»

Бе те ге «шөптесін өсімдік қазақта «бетегеден биік, жусаннан аласа» деген мақал бар.

Ше ге - күнделікті тұрмыста қолданылады, ағашты бір - біріне біріктіру үшін шеге қағады.

Не - ге - сұрақ.

Шең - гел - тікенді өсімдік.

Мез гіл - уақыт, жылдың төрт мезгілі бар.

Мұғалім: Н. Баймұхамедовтің «Ақ көгершін» өлеңін мәнерлеп оқу.

Оқушыларды - тізбектеп оқыту.

Дәрілік түймедақ – биіктігі 35-40см –ге жететін бір жылдық шөптесін өсімдік. Гүлдері өте көп, себет немесе кәрзенке гүл шоғырын түзеді.. Себеттердің тілше гүлдері ақ түсті, түтікше гүлдерінікі сары, иісі күшті жұпар иісті, дәмі татымды, ащылау.Емдік қасиеті бар

Сергіту сәті                          Шаршағанда ырғалып

                                               Гүлге ұқсап дем алам

                                              Қолымызды қозғалтып

                                              Гүлдей болып жайқалам.

Қызғалдақ гүлінің тапсырмасы.

  1. Дәптермен жұмыс.

-         Ауада жазу, тақтада көрсету.

-          Бас әріп, кіші әрпін жазу.

 

  1. Шығармашылық тапсырма.

Гүл, көгершін сөздерін текшені, бояу.

Қызғалдақ– лалагүлдер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін пиязшықты өсімдік. Қазақстанның далалық аймақтарында жиі кездеседі, 32 түрі бар. Гүл қоршауы ақ, қызыл не сары. Жемісі – қауашақ. Қызғалдақтың пиязшығын күзде гүлі түскеннен кейін жинап алып, оны құрғақ, салқын жерде сақтап, көктемде егеді. Қызғалдақ әсемдік және гүлінен хош иісті зат алу үшін өсіріледі Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.

Келесі тапсырма раушан гүлінің тапсырмасы.

VIІ. Жаңа сабақты бекіту.

Дидактикалық ойын «Гүл теру» ойыны.

Шарты: Гг дыбысы мен әрпіне байланысты тапсырмалар

Раушангүл тұқымдасы— қос жарнақтыларға жататын бұта, ағаш тәріздес бір не екі жылдық өсімдіктер. Жер шарында кең таралған, негізінен, қоңыржай аймақта өседі, 100-ден аса туысы, 3 мыңнан астам түрі белгілі. Қазақстанда 36 туысы, 200-ден артық түрі бар, оның 12-сі өте сирек кездесетін өсімдіктер, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.

VIIІ.Қорытынды.

Мұғалім: қандай дыбыспен таныстық,

Г дыбысы қандай сөздерде кездеседі екен?

«Ақ көгершін» өлеңін жатқа айту.

ІХ.Мадақтау.

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив