Таным

Сагизбаева Жадыра Жораевна

Маңғыстау облысы            

Түпқараған ауданы

С. Шапағатов ауылы «Айналайын» балабақшасы

Тәрбиеші                                                                                  

 

Білім беру саласы: Таным                                                                                                 

Оқу қызметі:  Қоршаған ортамен таныстыру                                                                                    

Тақырыбы:  Біздің өлке - бай өлке!                                                                                    

Мақсаты:Білімділік: Отан,Туған өлке туралы түсініктерін нығайту. Өлке байлықтарын ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық:  Туған өлкеге деген қызығушылығын арттыру. Саусақ маторикасын дамыту.                                                                                                   

Тәрбиелік: Өлке байлықтарын бағалай білуге, табиғатын қорғауға,сүюге,Отансүйгіштікке тәрбиелеу.Ұжымдық жұмыс барысында   ауызбіршілікке,ұқыптылыққа,тазалыққа тәрбиелеу.                                                                                                          Билингвальды компонент: Балық-рыба,мұнай-нефть

Сөздік жұмыс:  Өлке байлықтары.                                                                                                           Көрнекіліктер:Теледидардан көрсетілетін суреттер,ұжымдық жұмыс көрнекіліктері.

Шаттық шеңбері.

Бейбіт таңдар арайланып атады,

Туған жерді аймалайды шапағы.

Байтақ  елім - Қазақстан

Ең бақытты балалардың Отаны.

Тәрбиеші:Бәрекелді,балалар,ендеше табиғат аясында тыныстап,оқу-қызметімізді бастайық.

Топқа велосипедпен саяхатшы келеді.

Саяхатшы:  Сәлеметсіздер ме,балалар!

Балалар:  Сәлеметсіз бе!

Саяхатшы: Көңіл-күйлерің қалай?

Балалар: Тамаша.

Саяхатшы: Мен Қазақстанның қалаларын,аудан-облыстарын аралап келемін.Мен осы қайда келдім?

Тәрбиеші: Сіз Республикамыздың даңқын әлемге танытқан,қазына қоймасы,мұнайлы өлке ( балалармен бірге) Маңғыстауға келдіңіз.

Саяхатшы: Е-е-е солай ма?!

Тәрбиеші: Балалар,саяхатшыға өз өлкеміз туралы таныстырайық.

-Біз қай елде тұрамыз?

-Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.

-Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?

-Астанамыз Астана қаласы.

-Біздің елбасымыз кім?

-Біздің елбасымыз Н.Ә.Назарбаев.

-Біздің Республикамызда қанша облыс бар?

-Біздің Республикамызда 14  облыс бар.

-Біздің облыс қалай аталады?

-Біздің облысымыз Маңғыстау облысы деп аталады.

Саяхатшы:Ендеше өз  өлкелерің туралы таныстырып өтіңдерші.

 1 Бала:Каспийдің көгілдір айдынын орап жатқан ,осынау түбекті кім таныстырмайды,әрине таныстырамыз.

2.Бала: Маңғыстау түбек,мөлдір бұлақ,

              Қарт Каспийдің жағасы.

              Айналасы таулы қырат,

              Форт-Шевченко қаласы.

3 Бала: Маңғыстау- біздің елдің жайлаған жер,

              Қара орман  қалың дәулет айдаған жер,

              Ғасырдан он жетінші бермен қарай

              Қонған ел қонысынан таймаған жер.

Тәрбиеші: Бәрекелді,саяхатшымызбен бірге табиғаттың таза ауасын тыныстап,  киелі өлкеміз Маңғыстаудың байлықтарын әңгімелеп отырайық.(Тыныс алу жаттығуларын орындау)

Тәрбиеші:Маңғыстау-өте бай өлке. Байлығымыз деп нені айтуға болады?

4 бала.     Қара алтынымыз-мұнайды айтуға болады.

 5 бала.  Өлкеде мекендейтін  - жан-жануарларды айтуға болады.

 6 бала. Қиқулап ұшқан- алуан құстарды айтуға болады.

7 бала .Көгілдір Каспийдің  байлығы –балықтарды айтуға болады.

Саяхатшы: Көпшілік айтушы еді,Маңғыстау мұнайлы түбек деп,сол рас екен гой!

8 Бала: Қыз-қыз қайнап ұдайы,

            Өндірістер мекені

           Атқылаған мұнайы,

           Сан жылдарға жетеді.

Тәрбиеші: Міне,біздің өлке  мұнайымен әлемге әйгілі. Мұнайдан көптеген шикізаттар алынады.Мұнай-нефть

 (Құстардың дыбысы естіледі)

Саяхатшы: Балалар,мынау ненің дыбысы?

9 Бала: Бұл  құстардың  дыбысы.  (Теледидардан көрсетілген суреттерді айтып,таныстырады  аққу,шағала,қоқиқаз,бүркіт,торғай)

Саяхатшы: Достар,Маңғыстауда үй жануарлары мен  дала жануарлары мекендейді ме?

10 Бала:Әрине мекендейді.

Маңғыстау халқы үй жануарларын өсірумен айналысады. Олардың сүтін, етін, жүнін, терісін пайдаланады.(түйе,қой,ешкі,сиыр,жылқы)

11Бала.:Дала жануарлары:Қарақұйрық,қасқыр,қарсақ,арқар,киік,қоян,түлкі.

Тәрбиеші: Каспий теңізінің суретіне қарап,балалар,саяхатшыға  теңізіміз туралы да  таныстырайық. Жол –жөнекей сергіп алайық.

Сергіту жаттығуы.

Қоян,түлкі,қасқыр,құстар қимылымен шеңбер бойында екі рет айналып жүреді.

Тәрбиеші: Міне, теңізіге де  жақындадық, теңіз жағасындағы тастарды да табанымызбен басып өтейік. (Жалпақтабандылыққа қарсы жаттығу)

Тәрбиеші: Бәрекелді, біздің теңіздімізқалай аталады?

Балалар: Каспий теңізі -деп аталады.Теңізде нелер тіршілік етеді? Балалар балықтың қандай пайдасы бар,балықтың дене құрылыстарын кім айтып береді?

(Балалар балық туралы айтып береді)

Тәрбиеші:

-Саяхатшы,сен балық  түрлерін  білесің бе?

Саяхатшы: балық аулап білемін,бірақ аттарын білмеймін.(Мұңаяды)

Тәрбиеші: Сен ренжіме, балалармен бірге балық аулап,аттарымен де  танысасың. (Саяхатшы балалармен  балық аулайды,сазан,кефаль, бекіре,майшабақ,мұңгірт)

Саяхатшы: Мен сендермен саяхаттап,Маңғыстау туралы көп нәрсе білген сияқтымын.Жарайсыңдар!

Тәрбиеші: Өлкеміздің күннен-күнге көркеюі, біздің бақытты өмір сүруіміз тәуелсіздігіміздің арқасы.

Саяхатшы: Сендер Отан туралы,Тәуелсіздік туралы не білесіңдер?

12 Бала  .Отан –оттан да ыстық.   Отан үшін отқа түс,күймейсің.

13 Бала.Биыл Тәуелсіздігімізге 25 жыл толып отыр.

 14бала   Біз тәуелсіз мемлекетпіз!

  15бала   Тәуелсіздік-тәңірден келген тәтті сый.

          

16 бала.Тәуелсіздік оңайлықпен келмейді,

               Бізге оны ешкім аяп бермейді.

               Тәуелсіздік-Қайрат,Ляззат,Ерболдың,

               Тас көшеде,тас-талқан боп өлгені.

 Саяхатшы:Бәрекелді,жарайсыңдар, мен де тәуелсіздікке арнап тақпақ арнаймын. (Саяхатшы тақпақ оқиды)

Тәрбиеші: Қандай керемет! Тәуелсіздік алған күн әр қазақтың жүрегінде мәңгі сақталады.

Саяхатшы:Балалар, елімізді қорғау үшін ,қолдау қолдау үшін,сақтау үшін не істей алар едіңдер?

Балалар ұжымдық жұмыс орындайды.

1 топ  Теңіз әлемін әшекейлеу.Қима суреттерді орындарына

            орналастырады.

2 топ Жан-жануарларды  табиғат аясына орналастырады.

3 топ  « Туған жерді гүлдендірейік» тақырыбында  жұмыстанады.

4топ  Мұнай құрылғыларын,ұшақтарды орналанастырады.

Балалар ауызша жұмыстарын қорғайды. Сұрақтарға жауап береді.

Тәрбиеші: Балалар,ендеше, саяхатшыға «Туған өлкем» әнін орындайық.

Балалар «Туған өлкем» әнін орындайды.

Тәрбиеші:   Саяхатшы сіз алыс жолдан келдіңіз.Бізде қонақ болдыңыз.Маңғыстаудың дәмін татып,сыйымызды да қабыл алыңыз.

(Шұбат,бауырсақ ұсынып, үстіне шапан жабады)

Саяхатшы қоштасады.

 

Күтілетін нәтиже: Білуі керек: Туған жер,Отан, өлке туралы білуі керек.                                                                      

Нені игереді: Өлке байлықтарынының атауын атай біледі                                                                                                                                                      

Нені білді: Өлке байлықтарын қорғау керек екенін

                                                                                  

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив