Коммуникация

Утесинова Оразгул Джумагазыевна 

Маңғыстау облысы

Түпқараған ауданы

С. Шапағатов ауылы

«Айналайын» балабақшасы

Тәрбиеші

                                                                                            

Білім беру саласы:  Коммуникация                                                                                              

Оқу қызметі:  Сөйлеуді дамыту                                                                                   

Тақырыбы: Ауылым-алтын бесігім!                                                                                     

Мақсаты:Білімділік:  Ауыл туралы білімдерін тиянақтау. Өз ауылы туралы,ондағы ғимараттармен таныса отырып , сол туралы өз ойларын жеткізе білуге үйрету.

Дамытушылық:Балалардың ой-өрісін,белсенді сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелік: Туған жерге, қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.Үлкенді тыңдай білуге, адам еңбегін бағалай білуге  тәрбиелеу.                                                                                                          

Билингвальды компонент:  ауыл-село                                                                                            

Сөздік жұмыс: әкімшілік, емхана, төлдер, енесі                                                                                                                       Көрнекіліктер: Теледидармен жұмыс, үй жануарлары макеті,ауыл көрінісі

Шаттық шеңбері.

Қол алысып кәне біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы дос болу,

Саяхатта бірге бару.

Тәрбиеші:Балалар,саяхат демекші,бүгінгі оқу-қызметіміз саяхат туралы болмақ.Ендеше,ауылға саяхаттауға қалай қарайсыңдар?

Балалар: Ауылға барайық.

Біздің ауыл  кішкентай,сондықтан жаяу жүріп жетіп алайық.(С.Ибрагимовтың «Жаяу» әнімен ауыл аралайды)

-Міне,балалар ауылға келіп жеттік.

-Біздің ауылымыз қалай аталады?

-Біздің ауыл- С.Шапағатов ауылы деп аталады.

-Мынау үлкен ғимаратымыз  қалай аталады?

-Біздің ауылдың әкімшілігі.

-Дұрыс айтасыңдар, әрбір ауылда,қалаларда  әкімшілік болады. Ауылды басқаратын әкімнің жұмыс орыны. Бұл орында да көп адамдар жұмыс істейді.

-Балалар,саяхатымызды жалғастырайық.

-Ал бұл қандай жұмыс орыны деп ойлайсыңдар?

Балалар: Бұл  біздің емханамыз.

Тәрбиеші: Емханада кімдер жұмыс істейді?

 Балалар:Дәрігерлер көп болады. Адамдар ауырса  емханаға келеді.Дәрігерлер емдеп жазады.

Тәрбиеші:Бәрекелді, дұрыс айтасыңдар. Ең нағыз адамның байлығы-денсаулық. Сондықтан да ауырмау керек. Ауырмайтын жол іздеу керек.

Балалар: Мұздай зат ішпеу керек.Жылы киіну керек. Шынығу керек.Тоңып қалмау керек. Балмұздақ жемеу керек.т.б.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, біздің ауылдың теңізі де адам денсаулығына пайдалы. Сондықтан да теңізге қарай жол тартайық.

-Қандай керемет,балалар сендерге теңіз ұнай ма?

-Кім теңізге барып көрді?

-Теңізге қай мезгілде адамдар шомылады?

(Балалардың жауабы)

-Теңіздің таза ауасын тыныстап бір сергіп алайық.

Сергіту жаттығуы. Әуенмен орындау.

Тәрбиеші: Балалар,біздің ауылға жақын маңда мал шаруашылығымен айналысатын ауыл бар. Онда Қазбектің ата- әжесі тұрады. Ата- әже ауылына барып көреміз бе?

-Ата-әже ауылына барайық.(Балалардың жауабы)

-Сәлеметсіз бе,ата-әже! (Балалар амандасады)

Тәрбиеші: Ата,әже біз сіздерге қонаққа келе жатырмыз.Бұл балалар Қазбек немереңіздің достары.

Әже: Бәрекелді,балғындарым,амансыңдар ма? Қош келдіңдер.Төрлетіңдер!

Тәрбиеші: Ата,әже  балаларға  үй жануарлары,қазақ халқының  төрт түлігі туралы таныстырып жіберсеңіз.

Ата: Ендеше маған еріңдер, мал қорасына  барайық.Ежелден қазақ халқы мал шаруашығымен айналысқан. Қой,ешкі,түйе,жылқы,сиыр. Өйткені малдың адамға көп пайдасы бар.Ет,май ,сүт, қымыз,шұбат, аламыз.Жүнінен киім тігеміз. Жылқы,түйе сияқты малды көлік ретінде қолданған. Үй жануарларының төлдері болады. Қараңдаршы, төлдер өте көп.

Ата:Балалар, маған көмектесесіңдер ме?

Балалар: Әрине көмектесеміз.

Ата: Ендеше,мал төлдерін ажыратып енесінің қасына қосып беріңдерші.

Д/О: «Төлдерін ажырат»

(Балалар ойынға белсене қатысады,тапсырманы орындайды)

Ата: Жарайсыңдар балалар,рахмет! Малды жайлап болдық,енді әжеге барайық,сендерге арнап тәтті дайындап қойған шығар.

Әже: Балалар,сендерге арнаған дәттілерімнен дәм татыңдар.Апайларыңа берейін,өзі үлестіріп берер.

Тәрбиеші: Ата,әже балалар сіздерге арнап ән орындап бергісі келіп тұр.

(«Қошақан» әнін орындайды)

(Ата-әже балаларға бата береді)

Тәрбиеші: Рахмет ата,әже. Мал ауыл туралы балалар көзбен көріп көп нәрсе білді. Біз енді балабақшаға қайтамыз.Сауболыңыздар!(Балалар да қоштасады)

Тәрбиеші: Балалар бұл қандай ғимарат?

Балалар: Бұл мектеп қой.

Тәрбиеші: Мектеп –білім ошағы.Мектепте балалар не істейді?

Балалар: Мектепте балалар сабақ оқиды. Менің апам мектепке барады. Күнде «бес» деген баға алады.Сабақты жақсы оқу керек. Апайдың айтқанын тыңдау керек.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар,сендер де үлкен болып өсіп, балабақшаны аяқтаған соң мектепке барып білім аласыңдар! Сондықтан да тәртіпті, ақылды бала болу керек. Мектепке жақын орналасқан біздің балабақшамыз қалай аталады?

Балалар: «Айналайын» балабақшасы.

Тәрбиеші: Біздің топтың аты қалай аталады?

Балалар: Біздің тобымыз «Жұлдызша»

Тәрбиеші: Балабақша сендерге ұнай ма?

Балалар: Әрине ұнайды.

Тәрбиеші: Ендеше, орындыққа жайғасайық.

-Балалар біз қайда саяхат жасадық?

-Біздің ауылда қандай ғимараттар бар екен?

- Кімнің ауылына қонаққа бардық?

Үй жануарларына нелер жатады,кәне төлдерін де ажыратайық.

(Теледидардан  көрсетілген үй жануарларын атайды)

-Бүгінгі саяхатымыз ұнады ма? (Ұнады)

 

Жарайсыңдар,Сендер де маған ұнадыңдар,оқу-қызметіне де өте жақсы қатыса білдіңдер.

 

Күтілетін нәтиже: Білуі керек:   Өз  ауылдары туралы білімдерін кеңейтеді                                                                                                               

Нені игереді:  Ауылдағы жұмыс орындарын ажыратады                                                                                                                                                

Нені білді: Үй жануарлары туралы,олардың төлдерін ажыратады

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив