Жол атасы-бағдаршам.

Жол атасы-бағдаршам.

Сабақтың негізгі мақсаты:

Сөздік қорды дамыту, сабақтың мазмұнына қарай танымдық, дамытушы ойындарды, заттарды бір-бірімен салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажырату және оны танып білу.

Басты міндеттері:

-өмірдегі қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғымын кеңейту.

-патриоттық сезімін арттыру.

-Ұлттық тәрбиеге ықылас қою.

 

Сабақтың әдіс-тәсілі:

-бағдаршам, жол ережесі жөнінде мағлұмат беру

-тақырып бойынша сұрақтар-жауаптар.

-дидактикалық материалдарды, көрнекілікті тиімді пайдалану

-бой сергіті жаттығулары.

 

Сабақтың көнекілігі:

Бағдаршам, жол ережелеріне байланысты суреттер, таспа, қатырма түрлі түсті қағаздар, желім, ойыншықтар.

 

Сабақтың өтілу барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Балдырғандардың зейінін, ықыласын табиғат мүйісіне аударып:

-балалар, күнтізбеге қарайық, бүгін аптаның қай күні екен?

-Жұма күні.

-Әрине, бүгін аптаның бесінші күні-қасиетті жұма күні. Ендеше далаға көз салайық, ауа райы қандай екен?

-Күн жылы, аспанда күн жарқырап тұр.

-Балалар, таңертең балабақшаға келерде ауа райы қандай болды? Не байқадыңдар?

-Апай менің қолым тоңды.

-Аружан дұрыс айтады, әлі күн жылына қоймады. Балалар топтың ішінде ненің иісі аңқып тұр? Кім айтады?

-Бауырсақтың иісі.

-Шелпектің иісі.

-Шелпекті мұсылмандар қай күні пісіретін еді?

-Жұма күні.

-Ия, қасиетті жұма күні-мұсылмандар ниет етіп, ата-бабаларына бағыштап 7 шелпек пісіреді. Нұрлыбектің анасы 7 шелпек пісіріп алып келіпті. Мен сендерге сабақ соңында үлестіріп беремін.

 

Тәрбиеші:

Ал ендеше тыңдалық!

Жер жасарып көгерер,

Ағаштар әсем бөр бөрер,

Наурыз көже ішетін

Аталар бата беретін,

Айтыңдаршы балалар,

Бұл қай кезде болады? (көктем мезгілі)

 

Алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болған. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған. Ал оны көше қозғалысына ыңғайлап, қайта жасаған ағылшынның инженері-механигі Д.Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты. Аппарат ортасында газды шам орнатылады. Өкінішке орай, газ жарылып , кезекте тұрған полицей қаза болады. Содан бағдаршам жарты ғасыр бойы ұмыт болады.

Тек 1914 жылы Американың Кливлену қаласында , сосын Нью-Йорк қалаларында қайтадан пайда болады. Бұл жолы екі түсті (қызыл, жасыл) электрлі бағдаршам қайтадан болды. Ал 1918 жылдан бастап үш түс қолданысқа енді.

Кеңес Одағы бойынша көшелерінің қиылысынан орын алды.

Тәрбиеші: Балалар, бағдаршам алғашқы кезде қанша түсті болыпты?

Балалар: Екі түсті.

Тәрбиеші: қандай түсті?

Балалар: Қызыл, жасыл түсті.

Тәрбиеші: Ал біздің көшелердегі бағдаршамның неше көзі бар?

Балалар: Үш көзді жасыл, қызыл, сары.

Тәрбиеші: Шетелдердегі бағдаршамға – 131 жыл болыпты , ал біздің бағдаршамға – 75 жылдай болыпты.

Балалар: ол кәрі ата сияқты екен.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасың, «Бағдаршам –жол атасы» деп бүгінгі сабағымызды тегінен тегін атамадық.

Сабақты одан әрі белсенділік орталықтарында жалғастырады. Жеке-жеке орталықтарға жұмыс тапсырылады.

Өнер орталығы: балалар бағдаршамның суретін салып, түрлі түсті қарандаштармен бояйды.

Құрылыс орталығы: қатты қатырма қағаздан бағдаршамның үш түрлі көзін кесіп бағдаршам жасайды.

Үстел үсті ойындары орталығы: жолдың макетіне тиісті жол белгілерін тиісті жерлерге қояды. Онда көліктің қолда бар түрлері қойылады. (жедел жәрдем жүк машинасы машина автобус өрт сөндіруші машиналар)

 1 топ. Суреттен не көргенін айтып беру.

2 топ. Көлік аттарын атау.

3 топ. Қай көлік (транспорт) қайда асығып барады?

 

Ойын –сабақ.

Халық педагогикасының бөлімдері бойынша жұмыс жүргізе отырып, патриоттық сезімдерін, сүйіспеншілігін арттыру, еңбексүйгіштікке, бауырмалдылыққа тәрбиелеу.

Тәрбиеші: балалар сендер бәрін білесіңдер данышпансыңдар. Менің жұмбақ жасырғым келіп тұр. Зейін қойып тыңдалық.

Ақ пен қара сызығы,

Жолақ жолақ сызылған.

Адамға жоқ зияны,

Аямапты ақ пен қара сияны.

Ол қандай жануар, Сафариде жайылған?

Балалар: Ол «зебра» деген жануар.

 

Тәрбиеші: Данышпандарым, дұрыс айтасыңдар. Сол зебра жануарының үстіндегі ақ, қара жолақтары сияқты біздің көщелер бойында жаяу адамдар, яғни жолаушылар жүретін «зебра жол» деп аталатын арнайы жолаушыларға арналған жол бар. Қараңдаршы ұқсайды ма екен?

Салыстыру жұмысы. (көшедегі жолақ сызығы бар суретті және зебра жануарының суреті)

Бой сергіту жаттығуы: (магнитофоннан баяу әуезді әуеннің дауысы естіледі)

Күне жасап жаттығу,

Қан жүгіртіп алалық.

Керек мұны қатты ұғу,

Жасап биік саналық.

Үшінші кезеңінде баяу әуенмен балаларды қатар-қатарға тұрғызып, желілі-рольді орталығындағы балалар сахналық көрініс қояды.

Сюжеті: 3 бала- жеңіл машинасы.

            1 бала – бағдаршам.

            2 бала – автобус көлігі.

            3-4 бала жолаушылар болады.

Балалар белгіленген орындарға барып тұрады. Көше қиылысы машиналар зуылдап өтіп жатыр, жолаушылар бағдаршамға қарап тосып тұр. Дәл осы кезде жедел жәрдем машинасының сиренасы естіледі.

Тәрбиеші: балалар, мынау қай көліктің дауысы?

Балалар: Жедел-жәрдем.

Тәрбиеші: Ойпыр-ай, енді қай көлікті бірінші жібереміз?

Балалар: Жедел жәрдем машинасын жібереміз.

Тәрбиеші: неге?

Балалар: Жедел-жәрдем машинасында ауырып жатқан кісі бар.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, балалар, Жедел-жәрдем машинасын бірінші жіберу керек. Себебі, олар адам өмірін құтқаруға асығып барады.

Сахналық көіріністі өз желісімен жинақтап, аяқтау.

Тәрбиеші мұқият тыңдағаннан кейін сұрақтар қою арқылы келесі жолы неге көңіл аудару қажеттегін айтады, ұсыныстар жасайды. Балалардың жасаған еңбектерін бағалап, сәтті шыққан жұмыстарға назар аударып, мадақтайды. Сөзі анық, мәнін мазсұнды айтқан, сабаққа белсенді қатысқан балаларды мақтау.

Сабақтың 4 кезеңі бағдаршамға арналған өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын талдау.

 

Бағдаршам. Жасыл жанды.

Өте бер. Бағың жанды.

Ал егер сары жанса,

Кідір тұр, жолды байқа!

Қызыл жанды қып-қызыл от сияқты

Қолыңды күйдірете шоқ сияқты

Бағдаршамды әрқашан есте сақта!

Қызыл түс жанғанда аялда, тоқта!

Қызыл-байқа, машина жоқ па?!

Сары-қозғалма, асықпа, тоқта!

Жасыл –жол сенікі осыны есте сақта!

Тәрбиеші бағдаршамның үш түсті көзінің атқаратын қызметін 2-3 балаға қайталап айтқызады.

 

Жұмбақ.

Менің үш көзім бар,

Бір көзім кідір,- дейді,

Бір көзім жүгір, -дейді,

Бір көзім абайла, -дейді,

Қарап ал, маңайға, -дейді.

Шешуі: бағдаршам.

 

Бағдаршам.

Қызыл көзін ашқанда,

Сынық сүйем баспа алға!

Сары көзін ашқанда

Қарап қалма аспанға

Жасыл көзін ашғанда

Өте бергін жасқанба!

Көзін ашып жұмады

Бағыт сілтіп тұрады.

Расында бұл не балалар?

Хормен: бағдаршам ғой!

 

Жол белгілерімен таныстыру.

Көше қиылысында тұратын бағдаршамның қызметі, көшеден қай белгінің қасынан өтеміз (жер асты жолы, жер үсті жолының белгісі), аурухана белгісі, жолаушылар жүретін қандай жол екенін айту, зебра жолақ жол сызығы  т.б. жол белгілерімен таныстыру.

-балалар мына суретке мұқият қарайықшы, не байқадыңдар?

-Бала жолан дұрыс өтпеді.

-Оны машина қағып кетеді.

-Бағдаршамнан өту керек.

-бәрекелді, дұрыс айтасыңдар, бала жолдан дұрыс өтпеді.

Бағдаршамнан өтуі тиіс, сонда өз тағдырын сақтап қалады. Ал сендер осылай жолдан өтесіңдер?

-Жоқ, апай өтпейміз.

Тәрбиеші суреттер бойынша ой түйіндеп, сабақты қорытындылайды.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив