«Қош келдің, Жаңа жыл» балаларға арналған ертеңгілік

«Қош келдің, Жаңа жыл» балаларға арналған ертеңгілік
Атырау қаласы
Мектептен тыс жұмыс орталығының
Мәдени шаралар ұйымдастырушысы Нұрбике Қазиханқызы

«Қош келдің, Жаңа жыл» балаларға арналған ертеңгілік

Жүргізуші: Барлық жандар бір білікке қосқан үн
Бақытты боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той деп жаңа жыл
Құтты болсын жаңа бақыт достарым
Жүргізуші: Құрметті балалар, ата-аналар, ұстаздар,қонақтар. Жаңа жыл мерекесіне арналған
« Қош келдің,Жаңа жыл» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Жүргізуші: Құрметті жамағат жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек,арманшыл данаұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы Түсіпқалиева Айзада Мұғиқызына береміз.
Жүргізуші: Осындай ғажап тілектен біз енді ертегілер еліне саяхат жасап, жаңа жылымызды әрі қарай мерекелейік.
1 Сайқымазақ: Армызыздар, Халайық!
2 Сайқымазақ: Жақсы жайғастыңыздар ма, қымбатты достарым? Бәрі естіліп, көрініп тұр ма? Бәріне орын жетті ма?
1 Сайқымазақ: Сендермен кездескендерімізге өте қуаныштымыз. Біз бүгін жаңа жылдық мерекені тойлағалы отырмыз.
2 Сайқымазақ: Бүгінгі мерекемізді көңілді әуенмен шыршаны айналып өтуден бастайық.
Хоровод ән
1 Сайқымазақ: Біз мында жай отыру үшін емес,ән айтып, би билеуге келдік. Сондықтан көңіл көтерейік.
2 Сайқымазақ: Мен сендеге шығыстың түнін қандай болатынын көрсетейін бе? Оны көру үшін бір көзіңді жұмасын, ал екінші көзіңмен мына жәшіктегі тесікке қарайсын. Сонымен, ғажайып басталады.....
( Ойынға қатысушының үстіне қара плащ жабады, ойыншы тесікке қарайды, бірақ ештеңе көре алмайды.)
1 Сайқымазақ: Қалай көрдің бе?(ойыншы ештене жоқ деп жауап береді.)
1 Сайқымазақ: (ашуланып) Бұны қалай түсінуге болады.
Бұл не сұмдық сен ештене көрген жоксынба? Сен қараңғылықты көріп тұрсын. Ғажайып,жұмбақ шығыс түні дегеніміз енди кара сонда көресін жәшіктке карайды.
(аржағынан биші кыздар шыға келеді.)
Жүргізуші; Бұрыннан болған екен Аяз ата
Тосады екен балалар қысқы уақытта
Ақшақарды Қасына ертіп алып
Жер бетін шарлайды екен дамыл таппай
Жүргізуші: Бәріміз қосылып бар дауысымызбен Аяз ата мен Ақшақарды ортаға шақырайық.
2 Сайқымазақ: Кәне бәріміз қол шапалақтап қарсы алайық!
(Аяз ата акшакарымен бирге кіріп келеді.)
Аяз Ата: Аяулы ата-аналар, ардақты ұл қыздарға
Бүлдіршін балаларға бір сәлем!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың
Асулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан
(Балалармен амандасады.)
Ақшақар; Амансыздар ма, балалар, ұстаздар, ата-аналар. Өздеріңді сағынып келдік,жаңа жылдырыңыз құтты болсын, Өтіп кеткен Жылан жылымызға аман есен саулық тілеп, келер жылымыз Жылқы жылына табыс жыл, береке, бірлік әкелсін деп, тарих жыл болсын деймін.
Ақшақар; Аяз ата қарашы,балалардың киімі қандай әдемі. Шырша да әсем безендіріген екен. Бәрі де сұлуланып кетіпті.
Шырша шамын жағайық, Жаңа жыл тойын ашайық. Барлығымыз «Шырша жан» «Шамдарыңды жарқырат» деп айтайық. (Барлығы айқайлайды, шырша шамдары жағылады.)
Аяз ата: Бәрекелді балалар! Шыршамыз жарқырап,айналаға қуаныш сыйлауда. Шыршаның құрметіне ән айтып, шыршаны айналып өтейік.
Би
(билеп жатканда ескі жыл шыгады,)
Жылын жыл: Мен ескі жылмын сіздерге молшылық, бақыт әкелдім.Мына келер жылға айтар тілегім.
Қуанышты ортамыз сазға ұласқан
Тілегім болсын мәңгі ашық аспан
2014 жыл қадам басқан
Гүлденіп көркейе бер Қазақстаным.
Келесі жыл бастауын жылқыға берем
(Сақнаға жылқы шығады,)
Жылқы: Сәлеметсіздер ме, кешікен жоқынба,мен сондай асықтым, сондай жүгердім, кешігем деп қатты қорықтым, уақытында жеттім бе?
Жылын жыл: Мен тағы бір қонақпын
Он екі жылда оралар
Үлкендерге ақ ниет
Сіздерге де ақниет
Сіздерге де мың рахмет.
Барлығы: Қош бол,жылан,қош бол.
Ақшақар: Қош келдің жаңа жыл.
Аяз Ата: Ал айналайын жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін. Мынау менің ұлдарыммен қыздарым, мынау халқым саған аманат. Он екі ай бойы бағып қағу сенің мойныңда. Жақсы жыл бол, жаңа жыл.
Ән «Қош келдің жаңа жыл»
( шыршаны айнала билейді.)
Би
Аяз ата; Бәрекелді жаңа жылым. Төрімізге шық. Бірімізге жаңа бақыт ,жаңа қуаныш ала кел.
Жылқы; Құрметтеріңізге рахмет.Шын көңілмен жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын. Байқаймын барлықтарыңыз да мерекеге жақсы дайындалыпсыздар.
Жүргізуші:Иа, барша балалар жаңа жылды қарсы алуға келіп тұр.
Аязата: Ал енді біз келместен бұрын бүлдіршіндеріміз бізге тағы не әзірледі екен соны көрейік.
Жаңа жылдық би_______________
Жаңа жылдық әнмен шыршаны айналу
Жүргізуші: Қане балалар Аязатамызды ортаға алып өзіміздің дайындаған тқпақтарымызды айтайық.
Ақшақар: Қанекей балалар біріміздің артымызға тұрып алып Аязатаға арнаған тақпақ, олен шумақтарымыз болса айтамыз.
( аязата ортада отырып балалардың өлен шумақтарын тындап сыйлықтарын береді)
Ән:
Аязата: Жаңа жылдарыңызбен достар,шанамызға мінейік, ақшақарым, Алда барар ауыл, жыл қуантсын баршаны.
Ақшақар: Жаңа жылда сіздердің барлығыңызға жақсылық тілеймін.
Барлығы: Қош бол, Аязата, Ақшақар,Аязата ақшақар......
Ән
Би
1 Сайқымазақ: Міне, қымбатты балалар, бірлесіп, достасып өткізген мереке қашанда қуаныщты өтеді,достық,бірлік бәрне де жеңеді. Аспанымызды бұлт торламасын. Көктегі күніміз сөнбесін.
2 Сайқымазақ: Барлық жандар бір тілекке қосқан үн
Бақыт боп бастады жыл дастанын
Қувнышпен келді той боп жаңа жыл.
Құтты болсын жаңа бақыт достарым.
Жаңа жылдық ән бұл мерекенің соңы сәтті болады.
Жүргізуші: Жаңа жылдырыңыз тағы да құтты болсын.
Соңы.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив