"Қоян және оның сиқырлы жұлдызшасы"

Наренбаева Махаббат Жұмабекқызы
Алматы облысы, Қаратал ауданы
№97 балабақша тәрбиешісі. Қуыршақ театры

«Қоян және оның сиқырлы жұлдызшасы туралы»


1. Жүргізуші
1. Қоян
2. Кірпі
3. Саңырауқұлақ
4. Екі түлкішек
5. Тиін
6. Әр түрлі аңдар

Орман көрінісі, күн шығып тұр. Музыка әуені ойналады. Талдың қуысынан қоянның екі құлағы шығып тұрады.
Жүргізуші:
1 Орманда бір қоян өмір сүріпті , оны ормандағы аңдардың бәрі біледі екен. Бәрімізге белгілі қоянның 4 аяғы, сұр тоны, құйрығы және сиқырлы жұлдызшасы болыпты. Қолына жұлдызшаны алғанды қоян ертенгі болатын жаңалықтың бәрін біліп отырады екен . Кейде ертенгі болатын жаңалықтардың көптігінен қоянның басы ауырып, қолындағы жұлдызшаны тастай салып қарапайым қоянға айналып дем алады екен.
-Мінекей сол қоянның өзі де келе жатыр көрдіңдер ме?

Қоян: Сәлеметсіңдер ме балалар?
Қоянның әуені орындалады.
Мен қоянмын , қоянмын
Қарапайым қоянмын
Ертеңгі күннің сездерге
Жаңалығын айтайын
Түлкі арам пиғылмен
Қасқырды алдап соқсам деп
Отырар мұнда сызданып.
Шырша астында қазына
Бар екенін біздерге
Айтар мекен жапалақ
Құрғақшылық болса егер
Нөсер құйып жауарын
Көмектесер бәріңе
Сиқырлы менің жұлдызым.

Қоян тоқтап тыңдап, айқайлаған дауысты тыңдап, айқайлайды.
- Ой , әне алаңқайға жүгіріп келеді, қараңдаршы.

Томаршаның қасында кірпі көрінеді.
Қоян: Эй! Тікенек, тікенек жүз ине кәне оян!
Кірпі: Фр- фр, кім тарсылдатқан, кім бұл?
Қоян: Оян кәне , тұр ұйқыдан!
Кірпі: Қайырлы таң! Ұрма олай томаршаның үстінен . Бұл саған барабан емес, бұл менің үйім. Ол мені суықтан, жаңбырдан қорғайды, сақтайды.
Қоян: Ал бүгін сені қорғамайды да , сақтамайды да.
Кірпі: Ой! Тоқта сен оны қайдан білесің?
Қоян: Білем, міне солай! Бүгін саған түлкі саған қонаққа келмекші болған, ол
сенің үйіңді бұзып, өзіңді жеп қойғысы келеді.
Кірпі: Ой! Тоқта сен оны қайдан білесің?


Қоян: Сен менің сиқырлы жұлдызшам туралы ұмытып қалдың ба? Мен кеше қолыма алғанда ертен сенің үйіңе келіп не жасайын деген арам пиғылын көріп, таң атқан соң саған айтайын деп жүгіріп келдім. Күліп: Ал енді қайырлы таң!
Кірпі: Бұртиып, тапқан екенсің қайырлы таңды. Олай болса түлкі келмей
қашу керек десеңші.
Қоян: Ойьай қашайық, ! Тезірек!
Екеуі қашып кетеді.

ІІ – бөлім
Ортаға саңырауқұлақ келеді.
Саңырауқұлақ:
Мен сиқыршы саңырауқұлақ
Қорқынышты , қауіпті
Бұл орманда барлығы
Бәрі менен қорқады
Салғыласып, ұрысса
Тисіп маған сөйлесе
Саңырауқұлаққа лезде
Айландырам мен жылдам
Түлкішектер көмекшім
Өсектерді жинайды
Өйткені мен кәрімін
Естімейді құлағым

Ортаға екі түлкішек шығады.

1-ші түлкішек: Ия құлақ ғана емес, ал құлақтар және ол сиқыршы.
Саңырауқұлақ: Не- е –е -,?
1-ші түлкішек : жәй , жәй өзім , ештеңе емес
Саңырауқұлақ: Білем өзімде құлақтар екенін құлақ деген жаңа естіледі.
2- ші түлкішек:Жаңа емес, жақсы
Саңырауқұлақ:Тағыда бастадыңба?
2- ші түлкішек: Болды сөйлемеймін, сөйлемеймін.
Саңырауқұлақ:Ал менің сенімді көмекшілерім тағы не айтасыңдар, қандай
жаңалықтар бар? А А А.... Ааапчхи!!!!
Түлкішектер: Сау болма, сау болма, сау болма Мухамор!
Саңырауқұлақ: Дұрыс айтасыңдар маған сау бол деген ді жек көрем, біреу
сау бол десе болды мен лезде қарапайым саңырауқұлақққа
айналам! Бірақ оны ешкім білмейді ешкімге айтып қоймаңдар.
Балаларға бұрылып: Балалалр сендерде ешкімге айтып қоймаңдар. Тссс! Сендерде қандай жаңалық бар?
Түлкішек: Саңырауқұлақ мырза біздің орманда бір қоян бар оның сиқыршы
жұлдызшасы бар.
2- ші түлкішек: Сол жұлдызша арқылы ол ертеңгі күнді біліп, естіп
отырады.
1- түлкішек: Ия – ия ол бәрін біледі.

Саңырауқұлақ : Маған олай болса сол жұлдызша керек, ертен не
болатынын білгім келеді. Сонда орман тұрғындары менен
қорқатын , силайтын болады. Кәне барыңдарда сол
жұлдызшаны маған әкеліңдер ал мен сендерге сыйлығым дайын.
Түлкішектер: Айтсаң болды Саңырауқұлақ: қоянды табамыз, жұлдызшасын
саған әкелеміз, ал өзін біз жей саламыз.
Саңырауқұлақ: түшкіреді.
Түлкішектер Сау болма, сау болма, сау болма- Саңырауқұлақ
Жүгіріп шығып кетеді.

Ортаға тиын шығады:
Тиін: Мен тиынмын, тиынмын
Ақ мақтадай киімімім
Қонаққа кетіп барамын
Қалін біліп келуге
Қоян деген досыма

Екі түлкішек шығады.
Түлкішектер: Ой – ой – ой біз кімді көріп тұрмыз а? Сәлем Тиын!
Тиін: Сәлеметсіңдерме! Менің анам сендермен сөйлеспе деген!
1- түлкішек: Дұрыс анаңды тыңдау керек!
3- түлкішек: Сен бізбен сойлеспе, тек бізге айта қойшы сиқырлы
жұлдызшасымен қоян қазір қайда?
Тиін: Айтпаймын, тағы не керек! Сендер оны жеп қоясыңдар!
1-Түлкішектер: Не деген ақымақтық! Не болды саған! Шынымызды айтсақ
біз қоянның етін жек көреміз.
Тиін: Олай болса қоян сендерге не үшін керек?
2-ші түлкішек: Сен немене білмейсің бе, бүгін қоянның туған күні емес пе,
біз оған сыйлық алып келе жатырмыз
Тиін: О қандай керемет! Бүгін қоянның туған күні ме? Ал сендер оған не
сыйлайсыңдар?
Түлкішек: Бұл құпия! Егер сен қоян қайда екенін айтсаң сонда ғана көрсете
аламыз!
Тиін: Жарайды айтайын ол орман шетіндегі қайынды үйде.
Түлкішектер: Кеттік жүгір тезірек! (жүгіріп кетеді)
Тиін: Тоқтаңдар сыйлық қайда ? Міне қашып кетті! Қой жүгіріп бәріне бүгін коянның туған күні екенін айтайын.! (жүгіріп кетеді)


Орман шетінде түлкішектер қоянды қоршап алады
Түлкішектер: (бір бірінен жарысып) А міне қоян! Ұстап алайық кане! Ұста
тез тез, құлағынан ұстап ал! Ұстап алдық
Қоян жылайды.
1-ші түлкішек: Енді мен сені тойып жейін!
2- ші түлкішек: Неге сен жеуің керек?
Қоян: Дұрыс емес!
2-ші түлкішек: Не дұрыс емес?
Қоян: Мені кім бірінші көрсе сол бірінші жесін!
1-ші түлкішек: Қоян сен мен ойлағандай ақымақ емес екен сің! Әрине мен
сені бірінші көрген қазір мен сені жеймін!
2-ші түлкішек: Менің де қарным аш, мен де сені жеймін!
Екеуі қоянды ары бері тартып ұрысып жатқанда қоян сып беріп қашып шығып кетеді, бірақ жұлдызшасы түлкішектердің қасында қалып қалады
Түлкішектердің айқайы: Ұста! Қашты! Тез ұста! Сен кінәлісің! Жоқ сен!
2- ші түлкішек: Болды болды не болды сонша қырылысып, ерегесіп қоян
кетсе кете берсін бізде не қалды қарашы? Егер біз жұлдызшаны
апарсақ Саңырауқұлақ бізге сыйлығымызды береді.
1-ші түлкішек: Ия, ия мүмкін жүз қояннан беретін шығар!
2-ші түлкішек: Мүмкін мың қоян берер!
Екеуі бірге: Бол тезірек Саңырауқұлаққа жетейік.
Мухамор: Ия қалайсыңдар? Не әкелдіңдер ме? Менің жұлдызшам қайда?
1-ші түлкішек: Ия, ия қазір, қазір. Барлығы орнында. Сен бізді ң
сыйлығымызді бере берші
2- ші түлкішек: Біздің қарнымыз ашып кетті.
Саңырауқұлақ: Мен сендерге ана қоянды жеңдер деп рұсқат бердім ғой.
1-ші түлкішек: Рұқсат еттім, сол сенің сыйлығың ба?
2- ші түлкішек: Түсінесіңбе, Саңырауқұлақ, ол қоян өте ку екен, ол қашып
біз тек жұлдызшаны ғана алып үлгердік
Саңырауқұлақ: Ой ақымақ, дымбілместер! Өздеріңше ку тілкіміз дегілерің келеді. Сендер қояннан да ақымақ болдыңдар ғой сонда. Кәне тез жылдам менің қолыма жұлдызшаны ұстатыңдар! Сөйтіп тез көздеріңді жоғалтыңдар!
Түлкішектер: Ой Саңырауқұлақ сен қандай қызғаншақсың! (ренжіп)
1-ші түлкішек: Ал сен жаман саңырауқұлақсың!
2- ші түлкішек: Сен тойымсыз өтірікші Саңырауқұлақсың
Түлкішектер бірге: Біз саған жұлдызшаны бермейміз, ертенгі күнді болжап
өзіміз ұстап жүреміз кезектесіп қайтар өзімізге. Ормандағы аңдардың
барлығы бізден қорқатын болады.
Саңырауқұлақ: А солай ма? Чок – чо чок чооооок! Апчхии (түлкі қатып
қалады)

Саңырауқұлақ олардың басына саңырауқұлақтың қалпағын кигізіп қояды. кетіп қалады. Өзі жұлдызшаны алып кетіп қалады.

Қоян жылап отырады.
Қасына екі аңды алып секіріп тиін келеді.
Тиін: Сәлем, Қоян! Біз сені туған күніңмен құттықтаймыз! Мынау біздің
сыйлығымыз! (үлкен сәбізді береді)
Қоян одан бетер жылап: Рахмет...Бірақ бүгін менің туған күнім емес. Мен
үшін бүгін жаман күн! Мені түлкілер жеп қоя жаздады, жұлдызшамды
алып кетті, барлғына алдын ала айтушы едім . ал өзіме осындай қауіп
төнгенін білген жоқпын.
Аңдар! Ай- ай – ай
Тиін: Ол түлкілер маған қоянның туған күні бүгін, біз сыйлық апара
жатырмыз деді ғой. Олар мені алдаған екен ғой! Мен ғой сенің қайда
екеніңді айтқан! Мен екен ғой кінәлі! (қосылып жылайды)
Аңдар: Тыныш- тыныш болды. Көзіңнің жасымен ешнәрсе жасай алмаймыз,
оданда жұлдызшаны түлкішектерден қалай қайтарып аламыз соны
ойланайық.
Мүмкін бізге балалар көмектесер? Саңырауқұлақты қалай қарапайым саңрауқұлақ етуге болады, балалар сендер білмейсіңдер ме? (Балалардың жауабы)
Саңырауқұлақтың дауысы шыққанда аңдар жан жаққа қашып тығылып қалады.
Саңырауқұлақ ортаға шығып жұлдызшаны қолына ұстай бергенде түшкіргісі келіп кетеді.
Саңырауқұлақ:Ап- П – ЧХИИ!
Кірпі: Балалар кәне көмектесіңдер!Бәріміз бірге а Саңырауқұлаққа не
айтушы едік? «Сау бол»
Барлығы бірге: Сау бол!!!
Саңырауқұлақ бір орында қатып, қолынан жұлдызшасы түсіп қалады.
Тиін : Қараңдаршы, қараңдаршы ол қарапайым саңырауқұлаққа айналды.
Қоян: (қуанып) Міне менің жұлдызшам
Кірпі: Тез кәне қолыңа ал ертенгі ауа – райы қандай болады айтшы?
Қоян жұлдызшасын алып ары – бері жүріп
Қоян: Ертен , ертен естідім ашық күн болады!
Барлық аңдар бірге билейді.
Барлығы бірге: Міне ертегімізде аяқталды, ертегіні тыңдаған бала ол ақылды.

0 пікірлер

Пікір қалдыру