ҚОШ КЕЛДІҢ ЖАҢА ЖЫЛ!!!

ҚОШ КЕЛДІҢ ЖАҢА ЖЫЛ!!!
Ақтөбеоблысы Алға қаласы
№1 Алға мектеп-бақшаның тәрбиешісі
Оспанова Бекзат Сериковна


Қош келдің Жаңа жыл

Қош келдің, Жаңа жыл!
Залдың іші Жаңа жыл ертеңгілігіне арнайы безендірілген. Ортада ойыншықтар ілінген жап-жасыл шырша. Жаңа жылға арналған көңілді әуенмен бүлдіршіндер залға кіріп, шыршаны айналып тұрады.
Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды арайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн,
Қанаттана кең алқапта тарайды.
Құрметті ата-аналар, қонақтар «Дарын» тобының бүлдіршіндерінің Жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілігін тамашалауға қош келдіңіздер!
Ән: «Жаңа жыл» хормен
Тақпақтар:
Әділхан
Қызық думан күн келді,
Жасыл шырша түрленді.
Аяз сүйіп терледі,
Үйге кірді төрледі.
Сылдырлайды моншағы,
Шыршамыздың мол шамы.
Аида
Лебі мұздай ызғарлы,
Алып келді қыс қарды.
Қысқа түндер ұзарды,
Ұзақ түндер қысқарды.
Мансур
Шыршаға бардық,
Ойынға қандық.
Аяз атадан
Сыйлық алдық.
Аружан
Аяз сүйіп қарсы алған,
Жердің аппақ сұлбасы.
Міне, осы қаңтардан,
Басталады жыл басы.
Асылұлан
Келді тағы Жаңа жыл,
Қуантумен біздерді.
Құтты болсын қуаныш,
Құттықтаймыз сіздерді.

Жүргізуші: Балалар, біздің шыршамызға кімдер жетіспей тұр?
Балалар: Аяз ата мен Ақшақар
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, балалар. Ендеше, осы Аяз ата мен Ақшақарды ортаға шақырмаймыз ба?
Бәрі бәрге: Аяз ата! Ақшақар! Аяз ата! Ақшақар! Аяз ата! Ақшақар!
Аяз ата: Құтты болсын, балалар,
Келген жаңа жылдарың.
Алаңдамай өсіңдер,
Еркелеп ұл-қыздарым.
Өткен жылы келіп ем,
Бәріңді де көріп ем,
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп – ем.
Ақшақар: Япыр-ау, мен қайда келіп қалдым! Қандай әдемі шырша, әсем киінген балалар!
Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады қатады,
Жып-жылтыр боп жатады.
Аралайды бақшаны,
Үзілмейді жақсы әні.
Аяз ата: Мына әсем шыршаның шамын жағайық.
Қуант, бізді таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат.
Бір, екі, үш.
Ән: «Шырша әні»
Жүргізуші: Балалар, Аяз атамыз бен Ақшақар алыс сапардан шаршап келген екен. Олар біздің өнерімізді тамашалағылары келеді екен. Ендеше, аянып қалмайық.
Жаңа жыл келді жеріме,
Жаңа жыл келді еліме.
Шаттыққа бөлеп әр үйді,
Жаңа жыл шықшы төріме.

ҚОШ КЕЛДІҢ ЖАҢА ЖЫЛ!!!

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив