Ер -елінің қорғаны

Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы «Ертөстік»балабақшасы МКҚК тәрбиешісі
Жеделова Жұмагүл Қойшыбайқызы
Тақырыбы: «Ер – елінің қорғаны»
Мақсаты: балалардың патриоттық сезімдерін ояту, ер азаматтардың еңбектерін бағалай білуге үйрету, Отанын сүюге және оны қорғай білуге тәрбиелеу
Армысыздар, ардақты азаматтар,
Отбасының тірегі, елді бастар.
Құтты болып мереке баршаңызға
Бақ-береке әкелсін отбасыңа!

Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Біз осындай жандардың ержүрек істеріне сай сый-құрмет көрсете отырып, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, еңбекте жеміс пен шығармашылық табыстар тілейміз. Бүгінгі 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мерекелеріңіз құтты болсын!.
Ағалар біздің кең арқау асқарымыз,
Жолын қуар солардың жастарымыз.
Абзал жанды ақылгөй ағаларға
Ілтипатпен иілген бастарымыз.
Еңбектерің жемісті қиыр шың боп,
Шапағатты шуақ - нұр құйылсын көп.
Шын жүректен құттықтап біз тілейміз:
Бар жақсылық, бар бақыт бұйырсын деп.
Меңгертетін бейімдеп мамандыққа,
Үйрететін жақсылық, адалдыққа,
Балғын жасты баулитын болашаққа,
Зор құрмет, ұстаз - ер-азаматқа!
Бүгінгі сый-құрмет тек сіздерге арналады.

Бүлдіршіндердің 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған шағын мерекелік ертеңгілігін тамашалаңдар.

Ән: Ақ көгершін

Нұрзат:
Бақытты боп жүргенім
Сенің арқаң, Ұлы Отан.
Елім менің –тірегім,
Құшағында гүл атам.

Абылай:
Шығысыңнан арайлы,
Күліп атқан құба таң.
Сенен бақыт тарайды
Баршамызға Ұлы Отан.

Жәдігер:
Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен, Отан.
Мәңгі соғып тұратын
Жүрегімсің сен, Отан!

Тәрбиеші:
Бүгінгі мерекеде жар салады,
Құрметтеп замандасын қарсы алады.
Қуаныш жырға бөлеп жүректерін
Билейді, ойнап күліп, ән салады.

Би: Қара жорға


Ермек:
Күнді құшқан қас қыран,
Аясында қалқыған
Аспан түсті туым бар
Көк теңіздей шалқыған.

Айкөркем:
Көкірек жауар шымқай өң,
Көрген жерден елітер,
Көркем өрнек, кең көңіл
Көл пейілге кенелтер.

Нұрасыл:
Тәжім етіп бас иер,
Туы елімнің егемен.
Тұтастығым куәсі
Туғандай бір енеден.

Мансур:
Елдігімді әлемге
Паш ететін байрағым,
Тұнық менің көгімдей
Әуеде мәңгі жайнаған!
Ер-азаматтардың орны қашанда бөлек. Олардың күш-жігеріне, ақыл-парасатына бүкіл әлем бағынған, бағынады да! Сондықтан халқымыз «Жердің қорғаны, елдің тұтқасы» деп ерекше ардақтаған. Ал ақын Мұхтар Шаханов: ...Жердің аман тұрғандығы, Сол намысқой еркектердің арқасы... Немесе ...
Қайғы келсе жеңілмейтін,
Бақыт келсе, семірмейтін,
Ер мінезін қадірлейтін,
Еркектердің даңқы артсын!- деп жырға қосқан. Арыстан келбетті, жолбарыс жүректі, қырандай қырағы, намысқой, ер мінезді азаматтарымызға жігерлеріңіз мұқалмасын, асқақ шыңдарды бағындырып, қонар тұғырларыңыз биіктей берсін!Осымен 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған шағын мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды. Келіп,көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.
Ер-азаматтар сіздер аман болыңыздар! Қорытынды сөз.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив