Болымды және болымсыз етістік

Жалпы білім беретін Шежін орта мектеп-балабақшасы

Салахитденова Гульнура Талаповна

бастауыш сынып мұғалімі                                                                                                                    

                                                                                                 

Сыныбы: 3

Пәні: қазақ тілі

Күні:  

Сабақтың тақырыбы: Болымды және болымсыз етістік

Сабақтың мақсаты: Етістік бойынша алған білімдерін пысықтау және сөйлем ішінен етістіктерді тауып талдай білуге, оларды бір-бірінен ажырата білуге үйрету, етістік түрлерін меңгертуге, сөз құрамына талдап, қосымша түрлерін ажыратуға үйрету. Қазақ тілінің байлығы арқылы оқушылардың тіл байлығын дамыту. Олардың сабаққа деген белсенділігін, іздену, ойлау, талдау, салыстыру қабілеттерін дамыту. Оқушыларды ұқыптылыққа, іздемпаздыққа, жинақтылыққа, сауаттылыққа, әріпті көркем жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру,

Көрнекіліктер: Интербелсенді тақта, кесте, жұмбақ, карточкалар.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық

Күлім қағып қолымды,

Бір,екі,үш деп соғайын.

Қарап тұрған көршіме,

Қолымды мен бұлғайын.

Жылы-жылы жүзбенен,

Маңдайынан сипайын.

Жылы-жылы сөзбенен,

Жүрегімді сыйлайын.

Ыстық алақаныммен,

Қолыңды бер қысайын.

Амандасып өзіңмен,

Құшақтап бір қысайын

 

І. Қызығушылығын ояту.

Заттың қимылын білдіретін сөз табы  (етістік)

Етістіктің    сұрақтары  (не істеді? не қылды?  қайтті?)

Құрамына қарай (дара және күрделі)

Тұлғасына қарай  (негізгі және туынды)

Іс-әрекеттің орындалуына қарай  (болымды және болымсыз)

Сөйлемде қандай қызмет атқарады? (баяндауыш)

  • Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Болымды және болымсыз етістік» болмақ.

ІІ. Мағынаны ажырату.

 

  1. «Наурызкөже» тапсырмасы

  Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін дәстүрлі наурыз көжесіз елестету мүмкін емес. Бұл күні әрбір үйде қазан оттан түспей, уыз қатырылып, сорпа сапырылады, наурыз көже дайындалады. Ырымшыл қазақ халқы әу бастан киелілікке, қасиетті сандарға мән берген. Сол себепті бұл тағамды жеті түрлі тағамнан жасап, молшылық болсын, береке болсын деп ниет еткен.

  1. 1-жаттығу (ауызша оқушылардың жауабы)

  Берілген сөздердің ішінен болымды етістіктерді бір бөлек, болымсыз етістіктерді бір бөлек көшіріп жаз.

Болымды

Болымсыз

табылды, жалғастыр, жетеле,

қастерлейді, оралды, тұрғыз

қайнамады, айқайлама, секірме, ашылма, ұмытпа, шаршама, жабырқама

 

Дәптермен жұмыс

 Көркем жазу минуты:

Ее Ее Ее  Ее Ее Ее Е

Е әрпі кездесетін етістіктер жазыңдар

Қолға қалам алайық,
Салақтықтан қашайық.
Дәптерімізді ашайық,
Көркем етіп жазайық._

  1. «Көкпар» ойыны

  Көкпар жігіттің күш-жігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады. Сонымен қатар – аттың қалай бапталып үйретілгенін, жүйріктігін де сынайтын спорт. Көкпар жаппай және дода тартыс болып екіге бөлінеді. Жаппай тартыста әркім серкені өзі ғана иеленуге тырысады. Дода тартыста құрамы бірдей екі топ сынға түседі. Мұны кейде марта тарту деп те атайды. Қазір кәсіби ойында осы екінші жолмен көкпар тартады.

  2-жаттығу Сөйлемдерді оқып, тек болымсыз етістігі бар сөйлемдерді көшіріп жаз. Тақтаға орындалады.

 Айдын, балаларды сатыдан секіртпе. Әлжан мен Бота бүлдірген термеді. Балалар ағашты жармайды. Нанды бір қолмен үзбе.

 

  1. «Бәйге» ойыны

  Қазақ халқының ұлттық спорт ойынының бірден-бір көп тарағаны — бәйге мен аламан бәйге. Спорттың бұл түрінің өзгеше бір ерекшелігі сол — жарыс тек жазық жерлер мен ипподромдарда ғана өтіп қоймайды, спортшының өзі мен оның атына жоғары талап қойылатын ойлы-қырлы, жасанды, бөгесінді жерлерде де өткізіледі. Бәйге мен аламан бәйге табандылыққа, батылдыққа, тапқырлыққа үйрететін ұлттық спорттың бағалы түрі болып табылады.

3-жаттығу
 Жыр үлгісіндегі нақылды түсініп оқы
Бір сөз айтсаң жақсыға,

Аталы сөзге тоқтайды.

Бір сөз айтсаң жаманға,

Өмірінде ұқпайды.                   Жанқұтты шешен

 

(хормен оқу, тізбектеліп оқу, бір-бірден оқу, қатармен оқу)
Сергіту сәті

  1. 5. «Қыз қуу» ойыны

  Ерте заманда күйеу жігіт батылдығы мен күшін, ептілігін көрсететін әр түрлі сыннан өтетін. Сондай сыннан мүдірмей өткен жігіт қалыңдықты алу үшін ат жарысында қызды қуып жетуі тиіс болатын. Кейін бұл ұлттық спорт ойынының арнайы ережелері жасалып, бір жүйеге келтірілді. Қыз қуудан Қазақстандағы алғашқы спорттық жарыстар - өткен ғасырдың 23 жылы ұйымдастырылды. Қыз қуу ұзындығы 300 — 400 метр, ені 30 — 40 метр болатын тегіс жерде өтеді. Айналып қайтар жерге жалауша қойылады. Қыз жігіттен 10 метр қашықтықта тұрып, төрешінің белгісі бойынша жарысты бастайды. Егер жігіт айналып қайтатын жерге дейін қызды қуып жетсе, оны ат үстінде құшақтап сүйеді. Бұл жігіттің жеңгені болып есептеледі. Ал қуып жете алмаса, қайтар бағытта қыз жігітті және оның атын қамшының астына алады. Бұл қыздың жеңгенін білдіреді.

 

 

4-жаттығу
 Түгенде, жаз етістіктерін болымсыз етістіктерге айналдырып, көп нүктенің орнына жаз.

 

Мен .....

Сен .....

Сіз .....

Ол .....

  1. «Айтыс» өнері тапсырмасы

Айтыс – халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі. Айтыс өнері – қазақтың ауызекі әдеби - музыкалық өнерінің көлемді және аса құнды салалардың бірі. Суырып салма ақындық өнерінің желісі болып табылады. Айтыста халықтың әдет - ғұрпы, салт - дәстүрі, дүниетанымы, эстетикалық рухани және әлеуметтік көзқарасы, қалыптасу байқалады. Айтыс атауы - айтысу деген сөзден шыққан. Ол өлең сөзбен жарысу, сайысу, дауласу, тартысу, сынасу, мағынасында қолданылады. Айтысу қара сөзбен де, күй тарту арқылы да, суырып салма өлеңмен де болуы мүмкін.
Айтыс өнерінің бірнеше түрлері бар.
Ең ежелгі, көне түрі «Бәдік» айтысы. Белгісі бір аурудан малды емдеу үшін, айтылатын арбау өлең.
Жар - жар»айтысы – қыз бен жігіттің үйлену тойы кезінде орындалады.
«Ақындар» айтысы – атақты белгілі ақындар арасындағы айтыс.
«Қыз бен жігіт» айтысы көбінесе ойын - тойларда айтылады

 

Шығармашылық тапсырма

        Ұйқасын тап

      Сабақтан мен.......

      Жаман бала............

      Жақсылармен..........

      Айтқан серттен.........

      Үлкендерді..........

      Айтқандарын.........

      Көмектесем..........

      Көріңдер,мен.........

 

Ой толғау   Сабақты бекіту

  1. Өзбетіндік жұмыс

Жұмбақ шешу

Көзге көрінбейді,

Қолға ілінбейді.

Кейде сипап өтер,

Кейде ұйпап өтер.

(Шешуін тап, етістіктерге сұрақ қой)

Сабақты қорытындылау

Бүгін сабақта --------    үйрендім.
Бүгін сабақта ---------   қызықты болды.
Бүгін сабақта ---------   қиын болды.
Келесі сабақта білгім келеді.

Үйге тапсырма

 

Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық.
Бүгінгі  алған білімді,
Ұмытпай есте сақтап алайық

 

Бағалау           5 – жаттығу  51 бет

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив