Шежін топырағының қасиеті мен ерекшелігі

ЖББ Шежін орта мектеп-балабақшасының 3 «Б» сынып оқушысы
Жаскайратова Әдемі Байжанқызы

Жетекшісі: Салахитденова Гүлнура Талапқызы
Секция:    өлкетану

Тақырыбы: Шежін топырағының қасиеті мен ерекшелігі

Мақсаты: Топырақтың құрамы мен қасиетін зерттеу арқылы ауылымның топырағын анықтау

Міндеті:
1.Топырақтың  маңызы мен оның пайдасы жайлы ұғым беру.
2.Топырақтың қасиеттерін анықтау.
3. Ауылдағы топырақтарды жинап,сол топырақтарға  сипаттама беру.

Зерттеу болжамы:

  Топырақ түрлерін сипаттау.Топырақтың механикалық құрамын және маңыздылығын тәжірибе жүзінде дәлелдеу.
Жұмыстың зерттеу әдістері:

 Зерттеудің негізгі әдіс -тәсілдері : зерттеулер, салыстыру, бақылау.сарамандық жұмыс, тәжірибе.

Өзектілігі:

   Топырақтың адамзат қоғамы үшін маңызы өте ерекше. Ең алғашқы қауымдық құрылыс кезінде адамдар жабайы өсімдіктерді мәдени өсімдіктерге айналдыра бастады. Құнарлы топырақта өнімді өте көп алатынын адамдар сол кезде-ақ білген.
 Адамзаттың бүкіл өмірі осы топырақпен байланысты. Адамдарға азық – түлік пен жануарларға қоректі өндіру үшін қажетті жағдай тек топырақ арқылы ғана жасалынады.

Топырақ – барлық материалдық игіліктердің көзі. Ол азық- түлік, малға жем, киім үшін талшық, құрылыс материалдарын береді.
   Кіріспе

Топырақ дегеніміз-жердің өсімдік өсетін құнарлы, үстіңгі қабаты.

Топырақтың құрамын құм, саз, майда иастар, өсімдіктер, ұсақ жануарлардың шіріген қалдықтары (қарашірік) құрайды.

Топырақтың түсі оның құрамындағы осы шіріндіге байланысты өзгереді.Топырақта неғұрлым шірінді көп болса, соғұрлым ол құнарлы болып, өсімдік жақсы өседі.

Топырақтың ең басты қасиеті-құнарлығы.Ол үшін топыраққа минералдық тыңайтқыштар қосу керек.

 Өсімдік жақсы өсу үшін топырақта азот, фосфор, калий жеткілікті болуы қажет.

Топырақтан қоректенуде азоттың орны ерекше.

Өсімдікке азот жетпесе өте баяу өсіп, жапырақтары бозара бастайды.Ағаштардың жанама бұтақтары дамымайды.

 Фосфор жасуша қабықшасын түзуге қажетті элемент.

Өсімдікке фосфор жетіспесе жемістің түзілуі баяулап, Салмағы кемиді.

 Калий жеткіліксіз болса, өсімдік аласа, сабағы әлсіз болады.Түйнек, тамыр жақсы даму үшін де калий керек.

 Егін егерде алдымен жерді жыртып, тырмалайды.Ал ауламызда топырақты күрекпен қопсытамыз.

Топырақтың қасиеттерін анықтау

Тәжірибе жасау.

Топырақтың қасиеттері:  құм, саз, су, шірінді, микробтар, ауа, тұздар.

1-тәжірибе. 1 кесек топырақты суға салайық. Не байқадық? Көпіршік шықты?
Бұл ауа. Ол қайдан шықты?
А У А
2-тәжірибе. 1 уыс топырақты темір қалбырға салып, отқа қыздырып, бетіне шыныны ұстайық?
Не көрдік? Шыны бетіндегі су тамшысы.
С У
3 -тәжірибе. Топырақты одан әрі қыздырдық. Көкшіл түтін шығады. Бұл не?
Өсімдік қалдық, тамыр жанды.
Ш І Р І Н Д І
4- тәжірибе. Шіріндісі жанып біткен топырақты салып араластырдық.
Лайланған суды тұндырып қойдық.
Стақан түбіне құм, бетіне саз шөгеді.
Қ Ұ М
С А З

Топырақтың орналасу деңгейі (әр қабаттың)

Қарашірік- 13 см

Құмайт-21 см

Сазды-26 см

Әктас-9 см

    Зерттеу бөлімі:

   Сарамандық жұмыс       

   Топырақ құрамын анықтау

Топырақтың құрамын анықтау үшін әр қабатынан бір уыс топырақ алып, аздап су септім.

  • Сазды топырақ қамырша иленіп, есуге келеді.
  • Саздақ топырақтан есілген ширатпа үзіліп қала береді.
  • Құмайт топырақ есуге келмейді.Құмды топырақтың басы бірікпей, қобырап жатады.

Тәжірибе

Шыныдан жасалған 3 үңгі құйғыштың түбін дәкемен бітеп,1-не саздан, 2-не құмайт, 3-не қарашірік топырағын салып, үстіне бірдей  мөлшерде су құйдым.Мақсатым топырақтың қай түрі суды тез өткізетінін, қайсысы аз өткізіп бойына сіңіріп қалғанын және қайсысы мүлдем өткізбегенін байқау.Өсімдіктің өсуі үшін топырақтың суды сіңіруі және бойында ұстап тұру қасиетінің маңызы зор.

  Тәжірибеден байқағаным, сазды топыраққа су сіңбей, кілкіп тұрады.Құмайт топырақ суды жақсы сіңіргенімен, бойында ұстап тұра алмайды да, тез кеуіп қалады.

   Өсімдіктің өсуіне қарашірігі мол топырақ қолайлы.

Қорыта айтқанда, топырақ- өмірдің нәрі, ол - өмірдің өзі, сондықтан да оны аялау, оны көзіміздің қарашығындай сақтау – бәріміздің табиғат алдындағы азаматтық борышымыз. Табиғат тепе-теңдігі табиғаттың міндетті заңдылығы, оны оқып-үйрену, танып білу әрбір адамның жоғары саналы, экологиялық мәдениеті қалыптасқан тұлға екендігінің белгісі.

  • Орманда, далада,өзен жағалауында өсетін ағаштарды жыл сайын кесіп азайту зиян. Өйткені,жылда ағаштың сынып түскен бұтақтары, жапырақтары, жемістердің қалдықтары топырақты минералды заттармен байытады.
  • Топырақты шайылудан сақтау үшін көбірек ағаш отырғызып, көгалдандыру жұмысын жүргізу керек деп ойлаймын.

 

Топырақтан өмір иісі шығады,

Оны денең тиіп кетсе ұғады.

Еңбегіңді есесімен беретін

Жақсылық та топырақтан шығады.

 

 

                             ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Асқарова Ұ.Б. “Экология және қоршаған ортаны қорғау”. 2005 ж.
2. “География және табиғат” журнал. №2, 2006 ж.
3. Дүниетану оқулықтары  2-4 сынып  «Алматыкітап»

  1. Ғаламтор

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив