Ел болашағы-білімді ұрпақ

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің «№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

бастауыш сынып мұғалімі АЛЬЖАНОВА САУЛЕ ГАЙНЕТДЕНОВНА

 

«Ел болашағы-білімді ұрпақ»

(бастауыш сыныптардағы онкүндік қорытындысы)

  1. Бейнебаян
  2. Би «Ата толғауы»

Армысыздар құрметті ұстаздар мен білім алушылар!

              Оқытудың озық технологияларын меңгере отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын жас ұрпаққа заман талабына сай жаңаша білім беруді және оқушылардың сыныпта алған, меңгерген білімін, жеке пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру мақсатында өткен «Функционалдық сауаттылық-сапалы білім берудің кепілі» атты «Балбұлақ» әдіс бірлестігінің мектепішілік онкүндігі аясында жүргізілген жұмыстардың қорытындылау сәтіне қош келіпсіздер!

Бүгінгі «Ел болашағы-білімді ұрпақ» атты іс-шараның мақсаты: Онкүндікте жасалған жұмыстарды қорытындылау және іс-шараларға белсене ат салысқан білім алушыларды марапаттау.

  1. Тақпақтар

1-оқушы

Ой-сананы арттыру

Бүгінгі күн талабы

Біле білсең бұл дәуір

Білімділер заманы

2-оқушы

Білім деген биік шың

Бақытқа сені жеткізер

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер

3-оқушы

Білім аққан сел дейді

Бірақ, оңай келмейді

Ала білсең білім көп

Ақыл –ойға кең дейді

4-оқушы

Талаптанып, қанаттанып

Өмір сырын ұғамыз

Білім алып, тұлғаланып,

Азамат боп шығамыз.

5-оқушы

Керемет бұл бала шақ

Оқушы кез тамаша

Білімді бол, достарым

Біз-кейінгі болашақ

6-оқушы

Оқу, білім-жанған шырақ ойласаң

Үйренерсің, іздеп көрсең, қоймасаң

Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал

Пайда аларсың үйренуге тоймасаң

7-оқушы

Білім деген таусылмайтын қазына

Құлаш ұрдым не де болса жазыла

Бұлағына қана бергім келеді

Сапар шегіп өнер –білім бағына

8-оқушы

Білім деген таусылмайтын бұлақтай

Білім деген желкілдеген құрақтай

Қарсы алдыңнан сәуле шашып тұратын

Білім деген ай мен жұлдыз шырақтай

9-оқушы

Ақыл азбас, білім тозбас кен,-дейді

Іздемесең-білім өзі келмейді

Ғылым жолын таба білсең ерінбей

Ол жаққан от өмір бойы сөнбейді.

10-оқушы

Үлгі бізге аталардың ерлігі

Ұлағатты, өнегесі, еңбегі

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі

 

Ән: «Біз- болашақ иесі»

 

Әрбір мемлекеттің болашағы ол жастардың қолында. Болашақта ел тізгінін ұстайтын азаматтар бүгінгі ұрпақ. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт болашағы-білімді ұрпақ қолында» дегені жарқын істерге апарар жолды меңзеп тұрғандай. Расында, бүгінгі жас-ертеңгі ел тірегі, келешектің келбеті емес пе? 

Ендеше ортаға болашақта ел тізгінін ұстайтын жігіттерімізді шақырайық, «Туған жер» әнімен

(жетістіктерді айтып өту)

 Оқушылардың меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, білімді, жан-жақты болуға үйрету мақсатында өткізілген бастауыш сыныптар бойынша мектепішілік пәндер олимпиадасының жеңімпаздарын «Үздік білім алушы» номинациясы бойынша марапаттау үшін сөз --------------------------------------------беріледі.

Ән: «Балдәурен» Асхат Айдана 2 «А»

 Мектебімізде ұйымдастырылған онкүндікте білім алушылардың барлығы дерлік жоспар бойынша өткен іс-шараларда белсенділік көрсетті. 4 сынып білім алушылары-білімділігі, дарындылығы, байсалдылығы, ізденімпаздығы, еңбексүйгіштігі, талаптылығы сияқты игі қасиеттерімен белестерден көріне білсе, 3-сынып нағыз өнерлілер мен дарындылар ордасы. Олардың арасынан шығармашыл, адамгершілігі мол тұлғалар шығатынына сеніміміз мол. 2 сыныптарда  өте қабілетті, дарынды және креативті балалар бар. Олар өздерінің қызығушылығына қарай   үйірмелер мен спорттық секцияларды таңдаған.

 1 сынып білім алушылары жаңадан сынып ұжымы болып қалыптасып жатқандықтарына қарамастан белсенді, тату өздеріне деген жауапкершілікті сезінеді және мектепішілік іс-шараларға қатысуға деген құлшыныстары өте жоғары.

«Белсенді сынып» номинациясы бойынша марапаттау үшін сөз--------------------------------------------------------- беріледі.

      Бастауыш сынып білім алушыларының кітап оқу арқылы функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған Облыстық «Қызыға оқу» әлеуметтік педагогикалық жобасы.

 

Сатиралық көрініс «Баласы басын изеді» Көпен Әмірбек

Дүниенің сырын білуге есік ашатын алтын кілт-білім. Дана балаларымыз «Күш-білімде, білім-кітапта немес мұхит басы-бұлақ» деп бекер айтпаған.

        Ендеше білімді, тәрбиелі, өнерлі болып өсу үшін данышпан бабаларымыз жазып қалдырған ғибрат пен өнегеге толы кітаптарды, ақын жазушыларымыздың шығармаларын қызыға оқу барысында жетістіктерге жеткен «үздік оқырман» байқауының жеңімпаздарын марапаттау үшін сөз------------------------------------------------- беріледі.

   Ән «Ұлытауым»  Ақбота мен Салтанат

«Сәнді сурет сүйсіне көрмекке жақсы, ал мәнді сурет белгілі бір мәнді, суретшінің сезімі мен іңкәрлігін, әрекеті мен мінезін, табиғи дарынын білдіреді»-деген сөздің жаны бар екендігіне біздің білім алушылырымыздың салған суреттері көз жеткізеді десек артық айтпаған болармыз.

     Олай болса «шебер суретші» байқауының жеңімпаздарын марапаттау үшін сөз-------------------------------------------- беріледі.

Өлең «Кітап менің жолшырағым, серігім» Маменова Назерке 4 «А»

Шығарма адамның бүкіл ой қиялын, сыр мінезін түгел баурайды: қуантады, сүйсіндіреді, тыңдатады, күйіндіреді, жылатады, күлдіреді.

Шығарма жазу барысында білім алушылар көргендері мен бақылау нәтижелері бойынша ой түйіндейді.

«Кітап-рухани, баға жетпес қазына» атты «үздік шығарма» байқауының жеңімпаздарын марапаттау үшін сөз--------------------------------------------------беріледі.

 

Айтыс: Жарас пен Жанерке

Өлеңге әркімнің –ақ бар таласы

Сонда да солардың бар таңдамасы

Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын

Қазақтың келістірер қай баласы, -деп ұлы ақы Абай атамыз жырлағандай ақындық жолына түсу және «ар ақыны» болу алдымен тума таланттың, содан соң еңбектің, уақыттың әміріндегі із. Біздің «жас ақын» байқауының жеңімпаздарын марапаттау үшін сөз---------------------------------беріледі.

  

 Бүгінгі ұрпақ болашақ Қазақстанның жанды бейнесі. Елімізде әрбір ұрпақтың алаңсыз білім нәрімен сусындауына барлық жағдай жасалған. Сондықтан ел алдындағы, аға ұрпақ алдындағы жауапкершілікті ұмытпайық. Ерінбей, жалықпай білім алайық. Себебі ел болашағы мына сендердің қолдарыңда.

    Нұрлы болашақтың даңғыл жолында шабысы қатты тұлпардай жүйткіген бүгінгі ұрпақ текті ұлттың ұрпақтары екеніне келер күн мен атқан таң бірден бір куәгер болсын!

Көрермендермен ойын «Белсенді көрермен»  

(Көрерменге викториналық сұрақтар қою)

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив