«Б б» дыбысы мен әрпі

Атырау облысы Атырау қаласы

№24 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Аты жөні: Жаңбырбай Гүлмерей Жалғасқызы

Сабақтың тақырыбы: «Б б» дыбысы мен әрпі

 

 

Сауат ашу

 

Сабақтың тақырыбы: «Б б» дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: Б дыбысымен танысу сюжетті сурет бойынша әңгіме құрату арқылы, балалардың ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорларын молайту. Б дыбысына қатыстырып сөздер ойлатып талдауға үйрету. Балаларды ұқыптылыққа, ептілікке тәрбиелеу. Жазу дағдысын қалыптастыру

Көрнекіліктері: ойыншық балға, балта, балық, бүркіт, бұғы, бұзау, балапан, бақа, саңырауқұлақ, кеспе әріптер, текшелер т.б

 

Сабақтың барысы:            І .Ұйымдастыру

  • Балалар, қазір жылдың қай мезгілі және қай ай?
  • Көктем. Мамыр айы.
  • Дұрыс айтасыңдар, көктемнің мамыр айы екен.
  • Аптаның қай күні?

Осы кезде үстелге секіріп бақа шыға келеді?

  • Мынау не екен балалар?
  • Бақа бізге неге келді екен, мен сұрап көрейінші.
  • Балалар бақа бізге қонаққа келіпті, сендермен бірге болғысы келеді?

Балалардан бақаның қимылын жасауын және бақа туралы ән айтып беруді сұрайды.

  • Бақа, бақа, балпақ,

Басың неге жалпақ?

  • Темір телпек көп киіп,

Басым содан жалпақ.

  • Бақа, бақа, балпақ,

Бұтың неге талпақ?

  • Су бетінде көп жүзіп,

Бұтым содан талпақ.

  • Өте жақсы айттыңдар, балалар, таныс емес қай дыбыс?              Дұрыс Б дыбысы екен.

ІІ. Негізгі бөлім.

 

  1. Балаларға ойыншық балға, балтаны көрсету, балалар көрсеткен заттардың аттарын атайды. Олардың ортақ аттары құрал-саймандар екені айтылады. Осылайша басқа да ойыншықтар: балық, бүркіт, бұғы, бұзау, балапан және бақаны көрсетіп, аттарын ататқызады.
  • Осы сөздердің барлығында б дыбысы қай жерде тұр?
  • Шалбар деген сөзде б дыбысы бар ма?
  • Өте дұрыс. Бұл сөзде ортасында естіліп тұр.
  • Енді осы б дыбысын дауыстап айтып көрейікші, не байқадыңдар?

Балалар б дыбысын дауыстап айту кезінде еріндерінің бір-біріне тигенін айтады. Жаңа дыбысты бір-біріне қарап дыбыстатып айтқызу.

  • Б дыбысын созып айтып көрейікші, созып айтуға келе ме екен?
  • Жоқ, б дыбысын созып айтуға келмейді. Б дыбысын ы  дыбысының көмегімен ғана созып айта аламыз.
  • Олай болса б дыбысы қандай дыбыс екен? Дауысты ма, әлде дауыссыз дыбыс па?
  • Дауысты дыбыстар қалай айтылады және оларды қандай текшемен белгілейміз? Ал дауыссыз дыбыстарды қандай текшелермен белгілейміз?

Б дыбысына келетін сөздерді буынға бөлдіріп айтқызу.

  • Балға деген сөзді буынға бөлейік, қане шынтақтарыңды парта үстіне тіреп, саусақтарыңды айқастырыңдар да, айқастырылған саусақтарыңды иектеріңнің астына қойып, бәріміз бірге буынға бөлейік. Бал-ға. Иектеріңе саусақтарың неше рет тиді?
  • Екі рет.
  • Олай болса балға сөзінде неше буын бар екен?
  • Б дыбысы қай буында тұр?
  • Шалбар сөзін де тура осылай буынға бөлейік.
  • Шал-бар
  • Неше рет иектерің саусақтарыңа тиді?
  • Б дыбысы қай буында тұр екен?
  • Олай болса б дыбысы сөздің басында, ортасында және соңында кездеседі екен.
  • Міне балалар біз бүгін сендермен жаңа дыбыспен яғни дауыссыз б дыбысымен таныстыңдар.

ІІ. Дәптермен жұмыс

 

а) Бөрік, барабан, клуб сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы қ дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне б дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетін сөздер ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады.

ә) Жазу жұмысы. Үлгі бойынша б дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады. Торкөздегі б дыбысының орнына қарай сөз ойлап табады. Торкөзді санап, суретті қайталап салады. Торкөздегі «оюды қайталап сал» тапсырмасын орындайды. Сөйлем құрайды.

б) Кеспе әріптен б-ның бас әрпі мен кіші әрпі көрсетіледі. Тақтаға жазып көрсетеді.

  1. Сергіту сәті: Бала-бала, балақан,

                                    Қане қайсы алақан?

                                    Саусақтарың әйбат,

                                    Былай-былай ойнат.

  1. Жұмбақ шешкізу табада бар, танада жоқ, сабада бар, санада жоқ (б).

4.Сөйлемдер құрастыру

  1. Жаңбыр жауды. 2 Саңырауқұлақ үлкен болып өсті. 3. Балапандар саңырауқұлақ астын паналап тұр.
  2. «Саңырауқұлақ» дидактикалық ойыны. Шарты:Балалардың ішінен біреуі «саңырауқұлақ»болып сайланады.Қалғандары «балапандар»болады. «Саңырауқұлақ»қолшатырды ашып отырады. «Жаңбыр жауды»деген белгімен орнынан жайлап тұрады. «Балапандар» «саңырауқұлақтың»астына жиналады.

«Екінші буыным қайда?» ойыны.                                                                                                                                            Шарты:бұзаудың суретін көрсетіп «бұ»,-дейді,балалар «-зау»,-дейді.Бүркіттің суретін көрсетіп «бүр»,-дейді,балалар «-кіт»,дейді.Ойын осылай жалғаса береді.

 

ІІІ. Қорытындылау.            

                                                                                                                                                     

Сұрақ-жауап әдісі арқылы б дыбысы және әрпі туралы алған білімдерін бекіту.         

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив