«Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» 4 сыныптар арсында ұйымдастырылған кеш


Маңғыстау облысы
Түпқараған ауданы
Ақшұқыр ауылы
М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебі
Бастауыш сыныптар бойынша тәрбие ісінің меңгерушісі : Көкен Гүлжамал Өмірзаққызы


Тақырыбы : «Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» 4 сыныптар арсында ұйымдастырылған кеш



Тақырыбы : «Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» 4 сыныптар арсында ұйымдастырылған кеш
Мақсаты : Ақиық ақын М.Мақатаев өмірі,шығармашылығымен таныстыру.Жырларының мазмұнын ұғындыру, ақын талантын шәкірт жүрегіне ұялату,поэзияға деген қызығушылығын арттыру,өлеңдерін мәнерлеп оқуға дағдыландыру.Өлеңдерінің тәрбиелік мәнін түсіндіру.Отанға, тілге деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.
Көрнекілігі : Ақын портреті,ақын өлеңдерінен үзінді,буклет,кітап көрмесі,техникалық құралдар,слайд.
Кештің жоспары
1. «Жазылар естеліктер мен туралы» ақынның өмір жолы.Слайдтан көрсету
2. «Қарасаз қарашалғын өлеңде өстім» ақын өлеңдерінен үзінді
3. «Білімді бірді жығады,Білікті мыңды жығады» сұрақ-жауап
4. «Айтыс-сөз өнері»
5. Ақын поэмаларынан үзінді көрініс
6. «Ақын өлеңдері жүрегімізді әнмен тербейді» әннен сайыс
7. Қорытынды бөлімі
Жүрісі ;
Жүргізуші ;Қайырлы кеш,қадірлі ұстаздар мен қымбатты оқушылар,ата-аналар.Бүгін біз ақиық ақынымыз М.Мақатаевтың «Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» атты поэзия кешіне жтналып отырмыз.Қысқа ғұмырда қазақтың ұлы ақыны М.Мақатаев бізге ұланғайыр мұра қалдырып кетті.
Жүргізуші ;Кешіміз сайыс түрінде өтетін болғандықтан әділқазылар алқасымен таныстыру.

1кезең «Жазылар естеліктер мен туралы»
Жүргізуші : Қарасаз,кіндік қаным саған тамған,
Жолдасым бірге келген сенде қалған
Шыбықтан ат қып мініп,балық аулап,
Өзен мен ормандарда асыр салғам
Әне тұр менің туған жаман тамым,
Сол тамда көрген тұңғыш өмір шамын
Есігін өмірімнің сонда ашып,
Іңгалап мен де өмірге ұмтылғаным- дегендей М.Мақатаевтың өмір жолымен таныстыру. ( слайдтан көрсету)
Жүргізуші : Бүгінгі кеште сіздермен бірге өмірге іңкәр,өмірді жанындай сүйіп,жырлап өткен сыршыл да сезімтал ақын жайлы сыр шертіп,ақын әлеміне,өлең атты құдіретіне бас иеміз.
2 кезең
Жүргізуші : Қарасаз , қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам,соған жұртым елеңдестің
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім, - деп ақынның өзі айтқандай оның өлеңі өмірден өзі кетсе де ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді.Ендеше ,осы сайыстағы жас ақындарымызға кезек берейік.
1 топ «Жұлдыз» тобы таныстыруы
Армысыздар,оқушылар ұстаздарым
Өздеріңнен тұтанғанбыз біз бір жалын
Мақатаев жырларына шөліркеген
Жандардың қандырамыз жан құмарын
Қайран Мұқан бағалатты өз ошағын
Теңепті әр биікке ұл-қыздарын
Топтың атын арнадық Жұлдыз ұлға
Ол десе Мұқаң қойған жерге асын
Мен туғанда туғандай
Дүнияға жаңадан
Секілді жаным бір Жұлдыз
Мұңая маған қараған
Ол жұлдызда өмірімнің,
Жалынды оты шашылар
Көрген сайын көңілімнің
Көмескі тұманы ашылар.
Топ мүшелері
Дәлубай.А. «Тілектеске»
Қаржаубай.Д. «Қарттарды сүйемін»
Сұлтанова.Д. «Соғыстың соңғы көктемі»
Өтешова.І. «Қан сонарда»
Таласбаева.Ф. «Сәуір айы»
2 топ «Шолпан» тобы таныстыруы
Келдік міне,біз бүгін сыналуға
Мұқаңның жырларынан жүлде алуға
Мақатаев өзіңе жетеме үнім
Отты жырың әлі де жырлануда
Құрметіне арнадық Шолпандайын
Қызыңызға бүгінгі топтың атын
«Кішкентай поэзиям өзіңсің деп»
Еркелеткен екенсіз оны дәйім
Шолпаным-жырым,ақ балам
Балапаным , баққа оран!
Шолпаным шоқ гүлім менің
Өзіңсіз жоқ күнім менің,
Жанымды тұтандыратын
Сен менің оттығым ба едің?
Шоқ гүлім менің!
Топ мүшелері
Қожабергенова.А. «Өмір жайлы»
Рамазанова.А. «Жігіттер мақтанбалық»
Саматова.С. «Поэзия»
Азенова.С. «Аққулар ұйықтағанда»
Жолдыбаева.Р. «Ей,өмір»
3 кезең «Білімді бірді жығар,білікті мыңды жығар»демекші сұраққа жауап береміз
«Жұлдыз» тобына
1.М.Мақатаев қай облыста,қай ауданда дүниеге келген?
2. Ақынның неше баласы бар? Аттарын ата.
3.Мен оның түнін сүйем,күнін сүйем
Ағынды өзен,асқар тау,гүлін сүйем
Мен оның қасиетті тілін сүйем
Мен оның құдіретті үнін сүйем. Қай өлеңінен үзінді.
4.Тұңғыш өлеңі қай жылы жарық көрді?
5.Ақынның анасының аты кім?
6. Ақын әкесінен неше жаста қалды?
7. Ақынның шын аты қалай аталады?
«Шолпан» тобына
1.Ақын өлеңдерін ата
2.2011 жылы М.Мақатаев тірі болғанда неше жасқа толар еді?
3. Бар кітапқа бас болған
Әліппе –ғылым ағасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы- қай өлеңнен үзінді?
4. Ең алғаш өлеңі қалай аталады?
5. Мұқағалидың жарының есімі кім?
6. Ақынның әкесінің аты кім?
7. Ақын қай жылы, қай айда қайтыс болды?

4 кезең «Аламан» бәйгеге оза шауып, өлең- жырда шашасына шаң жұқтырмаған ақын өлеңдерінен айтыс сайысын тамашалайық.
Екі топ білетін өлеңдерінен үзінді оқып айтысады.Бірінші топ бастайды, екінші топ жалғастырады.

5 кезең
Ақын ағамыздың артында қалған мұраларының бірі «Менің анкетам» өлеңінен көрініс орындайтын «Жұлдыз» тобы
«Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан көрініс
Орындайтын «Шолпан» тобы

6 кезең
Мұқағали аға өлеңдері бүгін біздің жүрегімізді ән мен тербейді сұлу сазға бөлейді.Осындай әндерінің біріне кезек берейік.
«Саржайлау» әнін орындайтын Өтешова Іңкәр.
«Фариза» әнін орындайтын Саматова Сандуғаш
Әділқазыларға сөз беру.
7 кезең Қорытынды бөлімі

Жалғасы бар,
Жырымның жалғасы бар,
Жырларым жылдарменен жалғасыңдар-деп М.Мақатаевтың өзі айтқандай, жырлары ұрпағымен бірге мәңгілік жасайды.
Мұқағали Мақатаев туралы сазды кешіміз аяқталды, назар салып тыңдаған қонақтар мен осы кешті өткізуге ат салысқан оқушыларға мыңда бір алғыс айтамыз, сау болыңыздар!

0 пікірлер

Пікір қалдыру