Бастауыш

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Бастауыш

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың мақсаты:білімділік – сөйлем мүшелері туралы түсінік беру, олардың грамматикалық белгілерін меңгерту, негізгі мәселерді қайта жаңғырту,  қызығушылығын ояту;

дамытушылық – өз бетінше ізденуге, ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету, өз ойын еркін жеткізуге баулу, жылдам жауап беруге жаттықтыру;

тәрбиелік – мақал-мәтел арқылы оқушылардың рухани байлығын қалыптастыру,  адамгершілікке тәрбиелеу.

  

    Сабақтың әдісі:  топтастыру, сұрақ – жауап, ізденушілік, талдау.

Көрнекілік: тірек сызбалар, жетондар, көмекші құралдар.

Психологиялық ахуал

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану

Қимыл, іс-әрекет иесін білдіретін сөзді  бастауыш дейді. Бастауыштар кім? кімдер? не? нелер? кімі? несі? деген сұрақтарға жауап береді.

Бірінші топ – «Каспий». Оларға талдауға берілетін бастауышқа байланысты сөйлемдер.

  1. Мадина (кім?) сабаққа келді. (зат есімнен жасалып тұр)
  2. Екеуі (кім?) қайтадан Қараадырға бет қойды. (сан есім)
  3. Бүгін бұлар (кімдер?) Қарашоқыдағы Күнкенің аулына да жетпек. (сілтеу есімдігі)

Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаға байланысты сөйлемдер.

1.      Ол – күзетші жас жігіт Кәрібжан айтқан ән. (бастауыш ІІІ жақтағы жіктеу есімдігінен, баяндауыш зат есімнен жасалып тұр).

2.      Бес жердегі бес – жиырма бес. (бастауыш та, баяндауыш та сан есімнен жасалып тұр).

Қосымша қойылатын сұрақтар:

Бастауыштың анықтамасы, олардың жасалу жолдарын сұрау.

Екінші топ – «Адай». Оларға талдауға берілетін баяндауышқа байланысты сөйлемдер.

1.      Енді кішкене жүрсек, өтіп те кетеміз. (етістіктен жасалған)

2.      Сиыр – төрт жүз, жылқы – мың үш жүз. (сан есімнен жасалып тұр)

3.      Жүрісте, отырыста Құнанбай әлі тіп-тік. (сын есім)

Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаға байланысты сөйлемдер.

  1. Қуаты – ақындық, үміті – халық. (бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалып тұр)
  2. Бұл – Бәкен. (бастауыш сілтеу есімдігінен, баяндауыш зат есімнен жасалып тұр).

Қосымша қойылатын сұрақтар:

Баяндауыштың анықтамасы, олардың жасалу жолдарын сұрау.

Адасқан бастауыштарды өз орнына қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

Сергіту сәті

Төсегіне күн жатты

Жердің бетін түн жапты.

Маужырады шың-құздар,

Көзін ашты жұлдыздар.

Жылқы жусап далада,

Қой ұйықтады қорада.

Ой сергітеді,шаршағандары

басылады

Ой толғаныс

Екінші кезең: «Кім көп біледі?» Мақал – мәтел айтудан жарыс.

Бірінші топқа

  1. Алып (анадан) туады. 2. Ұстазыңды ұлы әкеңдей (сыйла). 3. Гүл өссе жердің (көркі), қыз өссе елдің (көркі). 4. (Жақсы) ат - жанға серік.        5. (Отан үшін)  отқа түс.

Екінші топқа

  1. Шешен кісі (сөз) бастар, адал кісі (ел) бастар. 2. Жақсының (ашуы) жібек орамал кепкенше. 3. Ат сүрінбей (жер) танымас. 4. (Әдепті) бала – арлы бала, (әдепсіз) бала – сорлы бала. 5. (Оқу) – білім бұлағы, (білім) – өмір шырағы.

Үйге тапсырма

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

 

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

 

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Ұқсас мақалар

Қиял

Қиял

3-05-2017, 01:59

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив