Армысың Әз-Наурыз!

Армысың Әз-Наурыз!
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы
М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің
даярлық тобының тәрбиешісі Атшыбеава Қарлығаш


Тақырыбы: «Армысың Әз-Наурыз!».

Тәрбие сағатының өтілу әдістері:түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелеу.
Көрнекіліктер:суреттер,ұлттық бұйымдар,слайдтар,тұсау кесу рәсімі.
Тәрбие сағаттың барысы:
Мұғалімнің құттықтау сөзі.
Құрметті ұстаздар,қадірлі қонақтар!Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мейрамы құтты болсын! Наурыз-көнеден келе жатқан мейрам.Күні бүгінге дейін жер
шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналған. Наурыз сөзінің түп мағынасы иран тілінің
«Нау»-«жаңа», «руз»-«күн» деген сөзінен алынып жаңа жылдың бірінші күні деген ұғымды білдірген.
«Наурыз» сөзі -біріншіден, жыл басында тойланатын думанды халықтық мейрам , екіншіден ай аты, үшіншіден ұлыс күні жасалатын көжеге байланысты айтылады.Наурыз –бақыттың бастамасы,жақсылықтың жаршысы,өмірге нұр сыйлаған , сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн .Ұлыстың ұлы күні құтты болсын,ағайын!Әр шаңыраққа береке , бірлік , мәртебе әкелсін!
Шашу шашылады.
Би: Қамажай би.
Оқушы:Уа,жараңдар,жараңдар!
Бәрің бері қараңдар,
Наурыз думан басталды,
Бір сәт зейін салайық.
Ұштасқан оймен мәңгілік,
Біздерде бар сан ғұрып,
Ғасырлардан ғасырға.
Келе жатқан жаңғырып.
Бермен жақын тұрыңдар,
Сөзіме көңіл бұрыңдар.
Жауқазындай Наурыздың
Жарапазан жыры бар.
22наурыз-Ұлыстың ұлы күні.Бұл күні күн мен түн теңеледі.Табиғат та,Жер-Ана да, жан-жануар да түлейді,жаңарады,тал-теректер бүршік жарады.Ұлыстың ұлы күні,яғни ,Жаңа жылда Наурыздың 21-нен 22-не қараған түні даланы Қыдыр баба аралайды екен.Адам баласына құт-береке, бақ-даулет сыйлайды.
Қыдыр баба енгенде «Жалғыз шала сауле болмас»-деп,ұлыс келер түні
Қыдыр бабаға арналып әр үйдің төрінде жағылатын болған .(екі бала екі шырақты жағып әкеледі.)Жақсылықтың жаршысы Қыдыр бабаны қарсы
алайық.
Қош келдіңіз, Қыдыр ата! ( Қыдыр ата бата береді.)
Армысыңдар,жәмиғат!( қолын жайып)
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барсақ, жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле жала жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын,
Көйлектерің көк болсын,
Қайғы уайым жоқ болсын,
Қуаныштарың көп болсын!
Әумин!
( бетін сипап бата береді.)
Ән: «Наурыз думан».
Оқушы:
Көктем келді,
Күн жылынды,алақай!
Құстар келді,
Байқадың ба,балақай?
Бүршік жарды,
Ағаштарым далада
Жер көгерді,
Көрік берді далама.
Оқушы:
Наурыз жырын жырлаймыз,
Онымен де тұрмаймыз.
Шыңдалып жеткен бұл күнде,
Ел дәстүрін сыйлаймыз.
Оқушы:
Жігіттер мен сұлулар!
Той болады, Көктем келді,
Жаңа жылды ерте келді!
Ойын күлкі думанымен
Көптен күткен Наурыз келді!
Оқушы:
Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз,
Жас балаша нұрланып,
Жадырасып бәріміз.
Күннің жаңа нұры бар,
Мұның ғажап сыры бар.
Халық сүйген мейрамды
Қарсы алайық Наурызды!
Би: «Қара жорға».
Ұлттық ойын : «Арқан тартыс».
Наурыз мейрамының бір бөлігі- Ұлттық ойындар. Ұлыс тойы күні көкпар, аударыспақ, күрес, қыз қуу, алтыбақан , ақсүйек, ағаш аяқ, асық ойыны сияқты ұлттық ойындар ойналады .Әрине, ұлттың сәні- қазақтың киіз үйі.
Мейрамға киіз үйдің жасау-жабдықтарын жасайды.Үйдің ішін мейлінше
тазалайды,шаңын қағып тазартады.Бұл жаңа-жыл таза үйге кірсе,ол ауру-
сырқаудан аулақ болады деген ұғым,ниеттен туса керек.Көне деректер көзіне
сүйенсек,наурыз тоғыз күн тойланады екен.Ол шат-шадыман ойын-сауық той
«Наурызнама» деп аталады.
Наурыз төл.Наурыз айында мал төлдей бастайды. Олар наурыз төлі деп аталып, төл басы ретінде бағаланып,малжанды қазақ баласы оны ерекше
күтіп бағады.Төл басы сатылмайды,ешкімге сыйға берілмейді.
Оқушы:
Жаңа жыл,жаңа тарих баспалдағы,
Алатын асуларын асқардағы.
Қазақтың кең көсілген даласында,
Жазылсын болашақтың дастандары.
14-күнінен бастап, «Көрісу » салты басталады.Кей жерлерде «амал » деп те атайды.Әр үй жеті шелпегін пісіріп,дастарханын жайып қояды.Наурыздық
жасап,ата-баба рухына дұға бағыштайды.Осы күні кішілер үлкендерге,көршілер,ағайын-туыс бір-біріне,көрісіп құттықтап шығады.Тек
келіндер аталарына және қайнағаларына көрісуге болмайды.Ер адамдар құшақтасып,төс түйістіреді,әйелдер жағы да құшақтасып,беттерінен сүйіп,
көрісіп жатады.Жаңа- жыл басының ұлыс екеніне мынадай дәлел бар. «Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болады.Ұлы кісіден бата алса,сонда олжалы болар»-деген.
15-күні халық қыс жұлдызы бітіп,жаз жұлдызы туды деп есептеген екен.Үй
Иелері бар ыдысты аққа,суға, «ырыс толсын» деп дәнге, «жауын –шашын көп болсын»деп бұлақ суына толтырған.Жаңа сап түзеген шыбықтарға ақ шашу да жақсы ырым.Ұлыс –жақсы тілектер күні.Араздасқандар төс қағыстырып,
Кінәсін кешіп,тек жақсы тілектер тілейді.Көңілдің жаңаруы деген осы.Жастар алтыбақан құрып,тойдың сәнін кіргізеді.
Наурыз көже-наурыз тойына ғана тән, көпшілікке арналған мерекелік тағам.
Оны әр үй жеті түрлі дәмнен:сүт,ет,тұз,тары,құрт,жеміс тағы сол сияқты тағам түрлерінен жасап,оған қазы,шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосып,
Мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады.Наурыз көженің

Дәстүрлік,мерекелік,ұлттық тағылымы өте зор.Ол барлық адамдарды жомарттылыққа,ізгілікке,ұйымшылдыққа,татулыққа, бірлікке шақырады.
«Тұсау кесер»салт дәстүрі.
Оқушы: Махамбеттің термесі.
Наурызкөк-наурыз айында ұшып келетін құс.Қарасы шағын ғана,осы құсты шығыс елі күтіп жүреді.Оны алғаш көргендер «Наурыз келдің бе?» деп шақырып, жем шашады. Наурызкөкті ешкім қумайды,үркітпейді.
Наурызшешек.Наурыз айында өсетін жапырақты,түрлі-түрлі гүлді,қауашақты әсем өсімдікті шөп.Оны үйде де өсіреді.Майының дәрілік
қасиеті бар.Қазақстанның таулы аймақтарында оның бірнеше түрі өседі.
Наурызшешек «Қызыл кітапқа» енген сирек кездесетін бағалы өсімдік қатарына жатады.
Наурызша.Наурыз айында жұп-жұқа, қиықша қар түседі.Оны халық наурызша деп атайды.Жылдың алғашқы күнінде қар жауса «ақша қар»,жаңбыр жауса «нұр жауды» деп шатанған.Наурыз күні көзі ашылған
Бұлақтың суы сарқылмайды,ал егілген талдың саясы мен жемісі мол болады деп сенген.Ауладан басталар аймағымызды абаттандырып,табиғат тамырына нәр жүгіртіп туған жерді түрлендірейік.Ұлттық рух,салт-дәстүр салтанат құра бергей! Дастархан толы, көңілімізтоқ болғай.
Наурыз тілек. Әр адам өзіне,отбасына немесе жақын туыстары мен дос жарандарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, жақсы тілек тілейді, бір-бірінің үйіне кіріп дәм татады.Осы кезден бастап мал төлдей бастайды.
Алты ай жаздың басталуы, малға да, жанға да майлы жер аяғының кеңи бастауы деп осы Амалды ерекшклеп күту дәстүрге айналған.
Мейірім айы-Наурыз.Кешірім айы-Наурыз қанағат беріп көңілге, сабырлық берсін адамға,тыныштық болсын заманда, ырыс- құт толсын даламда!
Қазақ халқында «дәм татыру» салты бар. Дәм татыру –аса құрметтеудің, жақсы көңілдің айғағы.
Наурыз әні.
Барлық қонақтарды мерекелік дастарханға шақырамыз.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив