Қысқа мерзімді сабақ жоспары: Мәншүк Мәметова

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

   
   

Сынып:  3 «Д»

Сыныптағы оқушылар саны: 20

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Мәншүк  Мәметова

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

Оқушылар  7-минут ішінде 80% оқушы   М. Маметова туралы 5 сөйлемден  туратын  шағын  эссе  жаза  алады.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

мәтінді мәнерлеп оқи алады;

оқушылардың басым бөлігі:

мәтіннің  мазмұнын айта  алады, мәтінге байланысты сұрақтар құрастыра алады

кейбір оқушылар:

Әлия  мен Мәншүктің ортақ белгілері мен айырмашылығын салыстыра алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

Мәтінді оқи алады;жаңа  сөздерді пайдаланады   ,сөздік  қорын молайтады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Немис-фашист,  пулемет, батыр 6

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Екі шығарманың ұқсастықтары мен айырмашылығын  Венн  диаграммасы арқылы ажырата алады

Жетістік критерийлері

Әңгімені  мәнерлеп оқи  аламын, әңгіменің  мазмұнын айта аламын, Әлия  мен  Мәншүктің  ортақ  белгілері мен айырмашылықтарын  салыстыра  аламын

 

Алдыңғы оқу

Соғыс туралы , соғыста қатысқан Қазақтың батыр  қызы  Әлия  Молдағұлованың өмір  жолы    туралы  біледі.

Жоспар

Жоспар

ланған уақыт

Жоспарланған  тапсырмалар

Дерек-  көздер

Сабақтың басы

3 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 минут

І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен  амандасу

 Сыныпта  ынтымақтастық  атмосферасын  қалыптастыру

-Орнымыздан  тұрайық

  Амандасып  алайық

  Ұқыпты  тыңдап сабақты

  Үздік  баға алайық

-Көңіл-күйлеріңіз  қалай?

-Керемет !(қолдарын көтереді)

-Сабаққа дайындықтарың  қалай?

-Тамаша!(алақандарын  шапалақтайды)

-Ынталарыңыз қалай?

-Ғажап! (бас бармағын көтереді)

-Ендеше сабағымызды  бастайық!

Батыр, ержүрек, батыл сөздерін  айту арқылы оқушыларды топқа болу. 

«Сұрақты  ұстап  ал" әдісі  арқылы өткен  сабақты  пысықтау.

 Оқушылар бір-біріне сұрақ  салынған қапшықты лақтырады . Сұраққа  жауап  бере алмаған  топ қапшықты басқа топқа  лақтырады. Оқушылар сұрақтарға  жауап береді.                                                                                                                                 
Топтарды смайліктер арқылы  бағалап  отырамын

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қапшықтар

смайликтер               

  Жаңа сабақ 3 мин                                  

 

 

 

 

 

 

 

10 мин

 

 

7 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8 мин

 Өткен  сабақты  қортындылай  келе  жаңа  тақырыпты  ашу.                                      – Біз  кім  туралы  үйрендік?

 – Әлия кім болған?

 –Тағы  қандай  батыр  қыздарды  білесіз?

45 жылдары Ұлы Отан соғысы болды. Осы соғыста көптеген қазақ батырлары қаза тапты. 1945 ж. 9 мамырында жеңіс туы желбіреді. ( Бауыржан Момышұлы, Мәлік Ғабдуллин, Нұркен Әбдіров, Талғат Бигелдинов, Рақымжан Қошқарбаев, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова т.б.)

-Біз  бүгін  сіздермен   қазақтың  батыр  қыздарының   бірі  М.Мәметова өмірбаяны туралы түсінік аламыз.                                                   Мәтінмен  жұмыс.

Оқушыларға  М.Мәметова  мәтінін оқу тапсырылады.

 «Сұрақ –жауап»  әдісі  бойынша мәтінді  түсіну

-Мәншүк қай  жылы туылды?

-Мәншүктің  балалық шағы  қай  жерде   өтті?

-Ол қандай  ерлік  көрссетті?

-Мәншүк түралы  тағы  нелер білесіз?

           Поэзия минуты.

–   Мәншүктің майданда анасына жазған хатын оқу.

«…Әкешім, біз жаумен шайқасудамыз. Фашистер үсті- үстіне шабуылдап, тоқтар емес. Жағдай өте ауыр. Өліспей беріспейміз. Жаудың қайткенде көзін жоямыз. Қайран әке, сенің атыңды ақтап, “халық жауы” еместігіңді әлі- ақ дәлелдеймін!

…Айналайын апатай “Моншағым” деп еркелете отырып, үнемі менің шаштарымды өріп беруші едің ғой! Сіздің жұп- жұмсақ аялы алақандарыңызды сағындым.

Апа, сіз мені кешіресіз деп ойлаймын. Бұрымымды қысқарттым… Соғыста қиын ғой. Қазір қайтадан қоюлана түскен. Өздеріңмен қайта қауышу жазса, көрерміз, оған шейін бұрынғыдай ұзарып қалады.

Кеше шайқас алдаында өзіңіз жіберген хош иісті сабынмен жуып- шайып, әтір сеуіп, айтпақшы, айна салып жібергеніңіз мұндай жақсы болар ма, көп рақмет, кішкентай болса да соған қарап жас қылып, өріп алғанмын. Ұрысқа кірерде түйіп аламын, бірақ кейде сусып түсіп, арқамды сабалайды. “Дұшпанға оғыңды ата түс аяма!” деп мені қамшылайды.

Апатай, сізге ашығын айтайын. Бұл соғыстан тірі қалуымыз екіталай. Егер олай- бұлай болып кетсем, онда Отаным үшін, әкем үшін, сіз үшін жаным пида.»

 – Мәншүкке арналған тақпақтар оқу.

Отан үшін отқада түскен ерлер,

Бәріңізде қымбатсыздар біздерге,

Қадірлейміз құрметті ардагерлер,

Сұм соғыстан аман-есен қайтқан ерлер,

Әлия мен Мәншүгім екеуі бір жұлдызым,

Қос қанатты жұлдызым,

Пәк жәннатты құндызым,

Осылардың барлығын,қастерлейік жан нұрын                                                                       

 – Батырлық, ерлік туралы мақалдар.

1.Батыр- елдің сәулесі,

Бал құрақ- көлдің сәулесі.

2.Ер жігіт ел үшін туады,

Ел үшін өледі.

3.Батыр болмай, батыл болмас.

Ел барда, ер қор болмас,

Ер барда, ел қор болмас.

Батырды жауда, шешенді дауда сына.

Батырдан – сауға,

Аңшыдан – сыралғы.

Ердің құны – жүз түйе,

Көздің құны – елу тайлақ.

Батыр болсаң – жауыңа найзаң тисін,

Бай болсаң – еліңе пайдаң тисін.

Мерген қорғаныста тіреніш,

Шабуылда сүйеніш.

Мергеннің көзі де мерген,

Қолы да мерген.

Еліңді сүйсең ерлік істейсің.

Қорытынды .«Венн диаграммасы»  арқылы  Әлия  мен  Мәншүктің   ортақ  белгілері  мен айырмашылығын     салыстыру

 

 

·          Әлия

 

 

 

 

 

суреттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мәншүктің анасына хаты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

тақпақтар

 

 

 

 

 

 

Мақалдар

Сабақтың соңы

3 минут

Кері байланыс. «3-2-1».

Сабақтан алған 3 маңызды ақпарат;

Сабақта ұнаған 2 аспекті;

Сабақта қиындық тудырған 1 мәселе.

Бағалау: Өзін-өзі бағалау, топтық бағалау, мұғалім бағалауы

Үйге тапсырма: М.Мәметова  мәтінін оқу .Мәншүк туралы өлең жаттау

стикерлер

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? 

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Сабақ барысында дифференциация да, оқушыларды қолдау да әрдайым орын алып отырады.

Кері байланыс және жазба жұмыстары арқылы олардың жетістіктерін бақылап отырамын.

Әдебиет пәнімен байланыс орына алады;

Қауіпсіздік ережелері әрдайым сақталады;

Сабақ барысында құндылықтар дамытылып отырады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы  қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ  туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Оқу мақсаттары жүзеге асты деп ойлаймын.

Екі шығарманың өзіне тән  белгілерін, оларды ажыратуды үйренді.

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасы орын алды.

 

 

 

Иә, жоспарланған уақытымды тиімді пайдаландым.

 

 

Жоспарыма еш өзгеріс енгізбедім.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1: сабақ, меніңше, өз деңгейінде өтті.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

 

                 

 

ОКО,  Туркестан  қаласы.  Ұлықбек  атындағы  жалпы орта  мектеп к.м.м

Бастауыш  сынып  мұғалімі Муслимбекова  Одина  Махамматовна

3-сынып  Әдебиеттиік  оқу

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив