Менің сүйікті қалам-Қызылорда

                                                                    « Бекітілді »                                                                                                               

                                                      Директордың тәрбие  ісі                                                                                                           

                                                        жөніндегі орынбасары:                                                                                                        

                                                         _____________  А.Әбен

 

 

                                  «Менің сүйікті қалам-Қызылорда»

Тақырыбы: «Менің сүйікті қалам-Қызылорда»

Мақсаты:Балалардың қала туралы білімдерін тиянақтау,тіл байлығын, ой-өрісін,грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге, елімізді, қаламызды сүюге баулу, қаламыздың тарихы ескерткіштерін аялауға, демалыс орындарында өздерін ұстай білуге тәрбиелеу.

Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.

Көрнекілігі: кітап, сурет.интербелсенді тақта

Барысы :

-Балалар біз қайда тұрамыз?

— Қаланың үйлері қандай болады?

-Ауылдан өзгешелігі қандай?

-Қандай қалаларды білесіңдер?

-Қаламыз қандай?

-Көрікті жерлерін атаңдар?

Қаламыз тамаша,

Құлпырады тамаша.

Күннен күнге көркейіп,

Қуанамыз балаша.

 

Астана - Отанымыздың бас қаласы, астанасы. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. 
Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі. (Астана қаласының әсем, көрікті жерлерінің суреттері көрсетіліп, әңгімеленеді). 
Қазақстан тарихында төрт астана болды. Олар: Орынбор(1920 - 1925), Қызылорда (1925 - 1929), Алматы(1929 - 1997), Астана (10 маусым 1998ж.) 


Алты алашқа ана болған Сыр елінің бас қаласы Қызылордаға биыл - 200 жыл. Қызылорданың  қазіргі бет-бейнесі бірден қалыптасқан жоқ,  қала өсіп-өркендеуі үшін  ел азаматтары еселі еңбек етті.     «Қызылорда: кеше, бүгін, ертең» атты  тарихи-танымдық шараға шаһардың дамуына үлес қосқан  қаланың әр кездердегі  әкімдері жиналды. Олардың әрқайсысы естеліктерді дәйекті мысалдармен айтса, көрмеге қойылған суреттер мен құжаттар тарихтан сыр шертті. Сырдарияның жағасындағы қасиетті мекеннің тарихы өте терең. Әсіресе, алғашқы астана болған жылдары Ақмешіт саяси және рухани-мәдени орталық болды. Ел үшін маңызды шешімдер қабылданып, игі бастамалардың қазығы қағылды.  

 

- Енді балалар кезекті ойынға берейік. 
Кел, балалар келіңіз, 
Тамашаны көріңіз, 
Томсырайып отырма 
Мақал, ребусты ойла 
Шешімін таппай қойма. 
(ребус шешіледі, мақал - мәтелдердің сыңары табылады) 

Қорытынды:

Отан дегеніміз - адамның туып - өскен жері. Отан - әр адам үшін оттан да ыстық. Сабағымызды жақсы оқып, еліміздің адал, еңбекқор азаматы болайық. Ер жетіп еліміздің одан әрі көркеюіне, гүлденуіне өз үлесімізді қосайық. 
(оқушылардың барлығы тақтаға шығып, келесі әріптерді көтереді). 
Б - білімімді арнайтын 
О - отанымды қорғайтын 
Л - лаңкестікті даттайтын 
А - адалдықты жақтайтын 
Ш - шуағымды шашатын 
А - асулардан асатын 
Ғ - ғарыш сырын меңгерген 
Ы - ынтымақты тең көрген 
М - менмендікті жек көрген 
Қ - қазаққа қызмет ететін 
А - арманына жететін 
З - заңды жақсы білетін 
А - алға қарай жүретін 
Қ - қайырымды елімнің 
С - салтанатты жерімнің 
Т - толықтырам сенімін 
А - абыройын, жігерін 
Н - намысын қолдан бермейтін 
Бәрі:
Мен боламын еңбекқор, 
Болашағы елімнің! 
Ән «Қазақ елі

Қаламыздың ауасы таза, табиғаты сұлу,гүл бағы көрікті болуы үшін бәріміз өз үлесімізді қосуымыз керек.ол үшін көп гүлдер, ағаштар отырғызып көгалдандырып күтуіміз қажет. Қаламызды гүлдендіре білейік.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив