Ұзындықты қалай өлшейміз?

                                                     Қысқа мерзімді жоспар

 

Пән:Математика

Сынып:1

Мектеп:» Тоқсансай» жалпы орта мектебі

Күні: 23.10.18.

Мұғалімнің аты-жөні: Торғаутова Майра

Сабақтың тақырыбы:

Ұзындықты қалай өлшейміз?

Қатысқандар:

Қатыспағандар :

Ұзақ мерзімдегі оқу мақсаты

1.1.3.1- ұзындық өлшеуге арналған әдістерді,құралдарды таңдау,өлшемдерді жүргізу

1.1.3.2 - өлшем бірліктерді см өлшем бірлігін қолдану арқылы шамаларды өлшеу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Сызғыштың көмегімен   ұзындықты өлшейді

Оқушылардың басым бөлігі:Логикалық   тапсырмаларды орындай алады

Кейбір оқушылар:ұзындық (см)/масса (кг)/көлем (сыйымдылық (л)) өлшем бірліктерін салыстырады және амалдар орындайды.

 

Бағалау критерийлері

-Ұзындық   шамаларын ажыратады

-Ұзындықты өлшейді және нәтижесін тиісті өлшем бірлігімен жазады.

-Ұзындық (см), масса (кг) , сыйымдылық (л) өлшем бірліктерін салыстырады.

Тілдік мақсат

Өлшеуіш;   сантиметр.

Құндылықтарды дарыту

 

Мәңгілік –Ел . Өзара сыйластыққа,басқаларды естуге және тыңдауға дағдыландыру

Денсаулық және

техника қауіпсіздігінің

сақталуы

Өлшеуіш құралдарды пайдаланған кезде мұқият болу

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану

АКТ қолдану дағдысы (сабақта қолданылатын болса көрсетіңіз)

Слайд, сызғыш

Алдыңғы меңгерілген білім

 

Ұзындықтарына,биіктіктеріне қарап салыстыруға арналған тапсырмаларды орындау.Тақырыппен байланстыра және заттарды ұзындығы бойынша салыстыруды есте сақтау.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

 

Психологиялық ахуалды тудырып,сабақ мақсатын ашу үшін Өз орныңды тап ”ойынын өткізу(бойының, шашының ұзындығына сәйкес өз орнын дыбыссыз табу).

(Ұ.)Оқу мақсатын ашу,ақпарат жинақтау және өз идеяларын одан әрі жалғастыру мақсатында «Бес сұрақ» әдісін пайдалану.

— Заттарды ұзындықтарына қарап қалай салыстыру керек? (Ненің ұзын немесе қысқа екенін білу керек.)

— Заттарды биіктіктеріне қарап қалай салыстыру керек? (Ненің биік немесе аласа екенін білу керек.)

— Адамдарды бойларына қарап қалай салыстыру керек? (Кімнің ұзын немесе қысқа екенін білу керек.)

— Неге биіктік бой ұзындыққа жатады? Сендер қалай ойлайсыңдар?

— Ұзындықты әртүрлі өлшемдермен өлшеуге болады. Барлығы үшін ортақ стандартты өлшем бірліктері керек пе? Қалай ойлайсыңдар? Неліктен керек?

                                                                (ҚБ)

 

 

Сабақ ортасы

Оқулықтағы өлшеуіш құралдардың суретімен танысуды ұсынамын. Егер осы өлшеуіш құралдармен таныс балалар болса, ол жайында айтып беруін сұраймын.

(Ж.)“Орындап көр”әдісі

Бұл айдардағы тапсырманы сабақтың басында “өлшеуіш” ұғымын енгізу үшін орындатамын.

1.Кесіндінің ұзындығын өлшеңіз және нәтижесін тиісті өлшем бірлігімен жазыңыз.

Дескриптор:

- кесіндінің ұзындығын өлшейді және сәйкес өлшем

бірлігімен жазады.     (ҚБ)

2.Логикалық тапсырма: ойлан

Қызыл жіп көк жіптен ұзын,көк жіп жасыл жіптен ұзын.Қай жіп ұзын: жасыл ма әлде қызыл ма?

(ҚБ)

 

3.(Ө. Ж.) Тыңда да, орында” әдісі

Тапсырманы орындамас бұрын кесінділерді өлшеу кезіндегі сызғышты пайдалану ережесін қайталату арқылы өлшейтін заттың шеті сызғыштағы 0 санымен сәйкес келуіне назар аударту

   (ҚБ)

Дескриптор:

-Қасық пен ұштағыштың ұзындығын табады

-Әр заттың ұзындық өлшем бірлігімен жазады

-Қасық ұштағыштан неше см ұзын және ұштағыш қасықтан неше см қысқа екенін салыстырып,табады

 

(М.)Есіңе сақта!

Ұзындық сантиметр және дециметрмен өлшенеді;

“Сантиметр” қысқаша “см” деп жазылады.

“Дециметр” қысқаша “дм” деп жазылады. Ұзындықтың өлшем бірліктерін есте сақтауды

ескертемін.

 

4.(Т.) «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі

Критерий  

Сызғыштың көмегімен өз қолыңның ортаңғы саусағын өлше

Нәтижесін см кестеге жаз.

Көрші топ нәтижесімен салыстыр. Қорытынды жаса.                                                 (ҚБ)

 

Дескриптор: Барлық оқушылар: өлшейді.

                       Басым бөлігі:нәтижесін салыстырады.

                       Кейбірі:жазады

 

5.(Ж.) «Айырмашылығын тап»

1 қатар-қарындаш өлшем құралын пайдаланып,партаның ұзындығын өлшеу

2 қатар-дәптер өлшем құралын пайдаланып,партаның ұзындығын өлшеу

3 қатар- оқулық өлшем құралын пайдаланып , партаның ұзындығын өлшеу ( ҚБ)

 

Дескриптор:

1.Өз өлшем құралдарын пайдаланып,партаның ұзындығын өлшейді.

2.Өлшем құралдары әртүрлі болғандықтан әртүрлі өлшем шыққанын түсінеді.

Оқулық

 

 

Сызғыш

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызыл,көк,жасыл түсті жіптер

 

 

Қасық,ұштағыш

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       Тексерілді:                     Оқу ісінің меңгерушісі Назаркулов И

 

Дифференциация –қабілеті жоғары оқушыларға бөлме заттарының ұзындығын

 

өлшеуді ұсынамын.

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


             

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

 

 

 

 

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

 

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз )

 

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

 

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив