Өсімдік топтары. Жаратылыстану 2-сынып

Қысқа мерзімді жоспар

Қызылорда қаласы,

Үш тілде оқытылатын

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған  сыныптары бар

 «Мұрагер» мектебі,

бастауыш сынып мұғалімі

Бекетова А.М.

ҰМЖ тарауы: 2-бөлім Тірі табиғат. 2.1 Өсімдіктер

Мектебі: «Мұрагер»

Пәні:

Жаратылыстану

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Бекетова Айгүл Маратқызы

Сынып: 2

Қатысқандар -

Қатыспағандар -

Сабақтың тақырыбы

Өсімдік топтары

Осы сабақта қол жет-кізілетін оқу мақсаты

2.2.1.1 өсімдіктердің әр түрлі жағдайларда өсу мүмкіндіктерін зерттеу;
2.2.1.4 мекен ету ортасына байланысты өсімдіктер топтарын салыстыру;

Сабақ мақсаты

 

Барлығы: өсімдіктердің әр түрлі жағдайларда тіршілік ететінін біледі; 

Көбісі:  мекен ету ортасына байналысты өсімдіктердің тіршілігін салыстыра сипаттайды;

Кейбірі: өсімдіктердің табиғи жағдайларға бейімділігі туралы айта алады.

Ойлау деңгейі

Білу және түсіну. Қолдану

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Өсімдіктердің тіршілік ету ортасын анықтайды

• Өсімдіктердің  табиғи  жағдайларға  бейімділігі туралы айтады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

өсімдік топтарын салыстырып, олардың ұқсастығы мен айырмашылығын атайды;

өсімдіктің негізгі бөліктерінің қызметін атайды.

Пәнге тән лексика және терминология

Суда, жайылымда, далада, шөлде өсетін өсімдіктер, жарықсүйгіш,

көлеңкеге төзімді.

Диалогке/жазуға арналған сөз тіркестері

Талқылауға арналған сұрақтар:

-          Өсімдікке жылу мен жарықтың қаншалықты маңызы бар?

-          Ашық жерде өсетін қарағай орманда өсетін қарағайдан өзгеше болуының себебі неде?

Құндылықтарға баулу

Топтық жұмыс барысында ынтамақтастыққа, бірін-бірі тыңдауға, құрметтеуге дағдыланады. Ұжымдық жұмыс барысында табиғатты қорғау, сақтаудың маңызды екенін түсінеді

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, қазақ тілі

Алдыңғы білім

Жабайы және мәдени өсімдіктерді ажыратады. Өсімдіктердің

тіршілігіне қажет жағдайларды (ауа, су, жарық, жылу, қорек) біледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы  жоспарланған  жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

 Психологиялық ахуал

«Түрлі алақан»

Қызыл алақан – төс қағысу

Жасыл алақан – арқа түйістіру

Сары алақан  - амандасу

 

Топқа бөлу.

Су өсімдігі, дала өсімдігі, шөл өсімдігі, тау өсімдігі суреттері арқылы 4 топқа бөлінеді.

«Карта және Қабырға бұрышы» әдісі арқылы.

Түрлі түсті алақандар

 

 

 

Тұңғиық, қамыс, ақтал, жұпаргүл, сексеуіл, жыңғыл, шырша, қарағай суреттері

Сабақтың ортасы

27 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалім:

-          Оқушылар біз жаңа қандай топтарға бөліндік? (оқушылар топ аттарын айтады)

-          Бұл өсімдіктер неге былай топқа бөлінген деп ойлайсыңдар? (оқушылардың ықтимал жауаптары)

-          Өсімдіктер қандай жерлерде кездеседі  балалар? (оқушылардың ықтимал жауаптары)

-          Демек, бүгінгі біздің тақырыбымыз «Өсімдік топтары» деп аталады. Өсімдіктер шөлде де, суық тундрада да, тау бөктерінде де, далада да өсе алады. Олар сол жердің табиғи жағдайына бейімделген.

 

Ал бүгінгі сабағымыздың мақсаты:

2.2.1.1 өсімдіктердің әр түрлі жағдайларда өсу мүмкіндіктерін зерттеу;
2.2.1.4 мекен ету ортасына байланысты өсімдіктер топтарын салыстыру сабақ кезінде бірлесіп жұмыстар жасау арқылы осы мақсаттарға жетеміз.

 

Топтық жұмыс

Әр топ өз тобының атауын постер арқылы қорғау.

Су өсімдігі, дала өсімдігі, шөл өсімдігі, тау өсімдігі әр топ өз өлкесінің өсімдіктерін атап, оларға сипаттама беріп, өз дәлелдемелерін қорғайды. (Әр топ мүмкін болатын жағдайларды айтады)

 

Мұғалім түсіндірмесі:

Өсімдіктердің тіршілік ету ортасына  қысқаша тоқталу. Өсімдіктерді тіршілік ортасына қарай бірнеше топқа бөленуі. Мысал келтіру арқылы,  суреттер арқылы оқушы көздерін жеткізу.  

 

«Бутерброд» әдісі арқылы топтар бірін-бірі бағалайды.

 

Бейнежазба көрсету.

Бейнежазба арқылы өсімдіктердің не себепті ылғалсүйгіш аталуын көріп, түсінеді. 

-          Өсімдіктер не себепті ылғалсүйгіш деп аталады екен

балалар? (Оқушылар бейнежазбадан түсінгенін айтады)

 

Ұжымдық жұмыс

«Зертте» практикалық жұмыс

Екі өсімдікті бөліктеріне қарап салыстыр, айырмашылықтарын сипаттап көр. Қайсысы ылғалсүйгіш, қайсысы құрғақшылыққа төзімді екенін

анықтап, зерттеу. Зерттеу нәтижелерін кестеге жаз.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                     Жүгері                                Сексеуіл

 

                   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


     Тамырының ұзындығы

1,5 метр

 

 

 

 

                                                     

                                                              

                                                      Тамырының ұзындығы                 

                                                                     15 метр

 

Жүгері

Сексеуіл

 

 

 

 

 

 

Мұғалім түсіндірмесі:

Сексеуіл – діңі мен бұтақтары бұраң-бұраң болып келетін, құмды жерлерде өсетін, құрғақшылыққа, шөлге төзімді, жапырақсыз ағаштың түрі.  Сексеуіл біздің Қызылорда өңірінде ақ  және қара сексеуіл деген түрлері кездеседі. Сексеуілді біз отын ретінде қолданамыз. Пайдасы - сексеуілді жаққан кезде қыстың күні үйге  жылу береді.

 

Сергіту сәті

Егер қызық болсын  десең былай істе, (Шапалақтау)

Егер қызық болсың  десең былай істе, (Тізені ұру)

Егер қызық болсың десең,

Қасыңдағы  күлсің десең

Оған қарап күліп тұрып былай істе

(Буратино қимылын жасау)

 

Жұптық жұмыс

Семантикалық карта. «+» және «-» белгісін қояды.

Өсімдік атауы

Ылғалсүйгіш

Құрғақшылыққа төзімді

Қарағай

 

 

Жыңғыл

 

 

Шырша

 

 

Терек

 

 

Сексеуіл

 

 

 

Бағалау: Тақтада көрсетілген дұрыс жауаппен салыстырып, жұптар бір-бірін бағалайды.

 

Мұғалімнің көмегі: Көрнекі құралдар арқылы қарағай, жыңғыл, терек өсімдігінің тіршілік ету ортасы туралы ақпарат беру. 

 

 

Дәптермен жұмыс. Жұмыс дәптеріндегі 7-жұмыс парағындағы тапсырманы орындату. (Мұғалімнің көмегі қажет оқушыларға мұғалімнің жетелеу сұрақтары арқылы көмектесуі)

 

Бағалау: Мұғалім көрсеткен дұрыс жауаппен салыстырып,  шеңберді бояу арқылы өзін-өзі бағалау .

1

3

2

 

 

 

 


-          Тапсырма орындау кезінде қиындық болды ма?

-          Қай тұста қиындық кездесті?

-          Жарайсыңдар, балалар!

 

Жеке жұмыс

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы

 

Мұғалім түсіндірмесі:

-  Оқушылар бірінші тапсырманы дұрыс орындадық па тексерейік?

-  Оқушылар бірінші суреттер тұрған өсімдіктің аты – жүзгін. Ол суы аз, шөлді жерлерде өседі. Оны біз топырағына қарап аңғара аламыз. Соңғы суреттегі өсімдікті – қамыс немесе қоға деп атайды. Бұл өсімдік суқоймада, сулы жерде өседі.

-  Олардың бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар? (Оқушылар ықтимал жауапты айтады)

 

Бағалау: тақтаға дұрыс жауапты көрсете отырып оқушының смайлик арқылы өзін-өзі бағалауы.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

А3 пішінді қағаздар, маркерлер.

 

 

 

 

Интербелсенді тақта, слайдтағы суреттер

 

 

Слайдтан бейнежазба «Өсімдіктің булануы»  

сілтеме: http://der.nis.edu.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Суреттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қағаздар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Интербелсенді тақта, слайдтағы қарағай, жыңғыл, терек өсімдігінің суреттері

 

Жұмыс дәптері 

2-сынып, 9-бет «НЗМ» ДББҰ 2017 ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аяқталуы

 8 минут

 

«Таза тақта» әдісі арқылы бүгінгі сабақты қорытындылау.

«Қарағай» -

1.      Өсімдік дегеніміз не?

2.      Өсімдік қайда өседі?

3.      Өсімдіктерді өскен ортасына қарай неше топқа бөлінеді? Атап шық.

4.      Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктерге сипаттама бер?

5.      Ылғалсүйгіш өсімдіктерге сипаттама бер?

«Сексеуіл» -

1.      Өсімдікке жылу мен жарықтың қаншалықты маңызы бар?

2.      Ашық жерде өсетін қарағай орманда өсетін қарағайдан өзгеше болуының себебі неде?

3.      Жүгері мен сексеуілдің тамырының ұзындығы не себепті әр түрлі?

 

 «3+3+1» әдісі

Бүгінгі сабақты 3 сөйлеммен, 3 сөзбен, 1 сөзбен қорытындылау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

           

Қалыптастырушы бағалау парағы

Бөлімше            

2.1 Өсімдіктер

Оқу мақсаты    

2.2.1.4 мекен ету ортасына байланысты өсімдіктер топтарын салыстыру;
2.2.1.5 өсімдіктердің қоршаған ортаның әртүрлі жағдайларында (ылғал) бейімделу мүмкіндігін түсіндіру;

Бағалау критерийі    

Білім алушы

• Өсімдіктердің тіршілік ету ортасын анықтайды

• Өсімдіктердің  табиғи  жағдайларға  бейімділігі

туралы айтады

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білу және түсіну

Қолдану

1-тапсырма

• Суреттегі өсімдіктер қай жерде өседі? Сәйкестендір.

• Олардың қандай айырмашылықтары бар? Сипаттап айт.

 

2-тапсырма

Екі суретті салыстыр.  Бақбақтың әр түрлі болып өсуінің себебі неде? Түсіндір.

Бағалау критериі

 

Дескриптор

Білім алушы

Білім алушы

Өсімдіктердің тіршілік ету ортасын анықтайды

- өсімдіктердің тіршілік ету ортасын анықтап, сәйкестендіреді;

- әр түрлі ортада өсетін өсімдіктерді салыстырып, сипаттайды.

 

Өсімдіктердің  табиғи  жағдайларға  бейімділігі

туралы айтады

- өсімдіктің өсуіне топырақтың тигізетін ықпалын түсіндіреді;

- өсімдіктің табиғи жағдайларға бейімделу мүмкіндігін сипаттайды.

 

Қосымша  ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыстар, қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері, АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс

Саралау жұмыстарында

қабілеті жоғары оқушыларға топтық жұмыстар барысында жетелеуші сұрақтар  арқылы қолдау көрсетемін. Жұптық және жеке жұмыс барысында қолдауды қажет ететін оқушыларға бағыт-бағдар беріп, жетелеп отырамын. Кейбір оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, саралау тапсырмаларын беремін. Таңдалған әр түрлі әдістер арқылы оқушының сыни ойлау, сөйлеу  дағдысы қалыптасады. Оқу мақсатына қол жеткізуге әсерін тигізеді.

«Бутерброд» әдісі – топтар бір-біріне кері байланыс бере отырып, жұмысына баға береді. Осы бағалау әдісі кері байланысты тиімді бере білуге ықпал етеді.

Мадақтау (ауызша жүргізіледі)

Графикалық әдіс арқылы

бірін-бірі бағалау жұмысы,

«Смайлик» арқылы  өзін-өзі бағалау жұмысы жүреді.

 

Сабақ барысында бағалау формаларын қолдана отырып оқушының тиімді кері байланыс бере білуіне мүмкіндік  жасаймын. 

     Оқушылардың сөйлеу, өз ойын жеткізу, қоршаған ортадағы байланыстарды көре білу сабақ бойында қазақ тілі, дүниетану пәндермен байланысы арқылы жүзеге асады.

     Сабақ барысында бейнежазба көрсету арқылы ақпараттарды жақсы есте сақтай алады. 

     Топта жұмыс жасау барысында ынтымақтастыққа, бірін-бірін құрметтеуге дағдыланады.

 

 

Рефлексия

- Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

- Бүгін оқушылар не білді?

- Сыныптағы ахуал қандай болды?

- Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

- Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

- Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?

1.

 

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?

1.

 

2.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив