12-сәуір ғарышкерлер күні

12-сәуір ғарышкерлер күні
Солтүстік Қазақстан облысы
Уалиханов ауданы, Кішкенекөл №1 орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Еслямова Макпал Солтангазиевна

Сабақтың тақырыбы: 12-сәуір ғарышкерлер күні


Сабақтың мақсаты: Оқушылардың Отанына деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, қазақ тілінде таза сөйлеуге, сөздің мағынасын түсініп тапсырманы дұрыс орындауға баулу.
Ой -өрісін дамыта отырып, таным деңгейлерін кеңейту.
Еңбекқорлыққа, адамгершілікке, өз елінің батырларын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
1-слайд. Сабақтың эпиграфы:
Туған жерді сүю -парыз,
Сүю үшін білу –парыз.
Қасиетін ұғу –парыз,
Күзетінде тұру-парыз.
(Мұзафар Әлімбаев)
2-слайд. Жаңылтпашты жаңылмай айтайық
Ғарышкер ұшты ғарышқа,
Ғарышқа ұшты ғарышкер.
Айтшы,ғарыш алыс па?
3-слайд. “Ғарыш деген ғажайып” (Аспан әлемі туралы түсінік)
Аспан әлемін зерттеу өте ерте кезден басталған.Бірақ әлі күнге дейін ғарыш құпиясы ашылған жоқ.Ғарышты адам игілігіне пайдалану үшін адамдар көп еңбекткнді.Соның нәтижесінде 1957 жылы 4-қазан-да тұңғыш рет ғарышқа Жер серіктері ұшырылды. Содан бері ғарышқа көптеген Жер серіктері ұшырылды.Әрбір Жер серігінің өзінің атқаратын жұмысы бар.Мысалы,олардың бірі аспандағы бұлттардың қозғалысын бақылайды. Солардан алған хабар бойынша мамандар ауа райын дәл болжай алады.Ал енді біреулері алып мұхиттарда жүрген үлкен-үлкен кемелерді қадағалайды.Кемелер апатқа ұшырай қалса солардан шыққан белгіні қабылдап,оны жерге хабарлайды.
1971жылы шығарылған орбиталық станция «Салют» деп аталған.1986 жылы оның орнын «Мир» станциясы басты. 2000 жылы «Мир»-ды жаңа және өте үлкен Халықаралық ғарыш станциясы алмастырды.Әр елден ұшып келген ғарышкерлер қоныстанып, ұзақ уақыт бойы зерттеу жұмыстарымен айналыса алады.
4-слайд.
Ғарышқа үш рет сәтті сапар жасаған атақты ғарышкер Талғат Мұсабаевқа :
Ғарыштың кеңістігін бағындырған,
Үш жүзден артық онда тәулік болған.
Бір емес үш қайтара сапар шеккен,
Ер жүрек,батыр едің аға неткен?!
Ел мерейін өсірген ерлігімен,
Сапар шегіп ғарышқа Жер серігімен.
Туған жерге оралған ел батырын,
Ұмытпаймыз,қосамыз әнге атын.
(Ұстаз шығармашылығынан)
5-слайд. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровке:
Алтын бесік тербеткен,
“Байқоңырдан ”аттандың.
Ең алғашқы қазақтың,
Ғарышкері атандың.
Мақтанады өзіңмен,
Бүгінгінің баласы.
Мүмкін олар ертең-ақ,
Ізбасарың болады.
(Ұстаз шығармашылығынан)
6-слайд. “Білсем деп өс жас ұлан”
Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облы-сы,Қарқаралы ауданы "1- Май“ совхозында дүниеге келген. Армавир жоғары әскери авиация училищесінде(1969ж.), Ұшқыш-сынақшылар мектебінде(1976ж.), Мәскеудің авиация институтында(1979ж.) ғарышкерлер даярлайтын орталықта(1991ж.) білім алған.
Ұшқыш-инженер, ұшқыш-ғарышкер, техника ғылымының докторы (1998ж.)Көкшетау Университетінің профессоры (1997 г.) Авиация генерал-майоры(1992 ж.наурыз) деген атақтардың иегері.
7-слайд.
Еңбек жолын Теміртау заводында темір жонушы болып баста-ған (1962-65ж.) Училищедегі оқуын аяқтағаннан кейін ұшқыш болып,звено меңгерушісі, авиация командирі қызметтерін атқарды.
8-слайд.
Совет Одағының Батыры(жаңа авияция техникасын сынау жолындағы ерлігі үшін)(1988ж.) Халыкқ қаһарманы (1995 ж.), СССР-дің еңбек сіңірген ұшқыш-сынақшысы,СССР-дің ұшқыш-ғарышкері(1991ж.) және Қазақстанның ұшқыш-ғарышкері(1994ж.) Ленин орденінің, "Знак Почета", "Золотой крест" (1993 ж. Австрия), Қазақстанның еңбек сіңірген спорт қайраткері,Көкшетау қаласының құрметті азаматы атақтарына ие болған.
9-слайд. “Ғарыш және жарты ғасыр”
1961 жылдың 12-сәуірінде 108 минут уақытта Жерді бір айналып шық-қан ғарышкер Юрий Гагариннен кейін де 51 жыл өткен екен екен.Содан бері талай ғарышкерлер ұшып зерттеу жұмыстарын жүргізді.Солардың Ішінде біз мақтанышпен айта алатын Қазақстандық батырлар да бар.Олар қасиетті қазақ жері ”Байқоңырдан” ғарышқа аттанған.Биыл ғарышкер Тоқтар ағала-рыңның ұшқанына 21 жыл толып отыр.
Тоқтар Әубәкіров ғарышқа алғаш ұшқан қазақ ғарышкері болып тарихта қалды. Тоқтар Әубәкіров ғарышта 7 күн, 22 сағат, 13 минут болды.
Ал Талғат Мұсабаев ағаларың ғарышта 341 тәулік болып,оның 42 сағат, 36 минутын ашық ғарышта өткізген. Талғат Мұсабаев бір емес,ғарышқа үш рет ұшып барып,аман-есен туған жерге оралды.
10-слайд. “Тоқтар менен Талғат,
Ғарышқа ұшты самғап.
Өлең жазды ақындар,
Екеуіне арнап”
11-слайд. Қорытындылау:
1)Әлемдегі тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин 1961жылы 12-сәуірде «Восток » кемесімен Жер шарын неше рет айналып шықты?
2)Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің ең алғашқы мамандығы қандай болған?
3)Ғарышқа ұшу аймағы қалай аталады?
4)Ғарышкер мен ұшқыштың айырмашылығы неде?
5)Т.Әубәкіров қай қаланың құрметті азаматы?
12-слайд. Мақтанамын ерлігіңмен ағаларым! (Оқушылар өлең тақпақтарын арнайды)
13-слайд. “Сіздерден бізге бір тілек…” ( Келген қонақтар өз тілектерін айтады)


2 пікірлер

0 "14 апрель 2019 02:10" Car Broker MontrealҚонақтар

Hello! I just wish to give an enormous thumbs up for the nice info you've got right here on this post. I will probably be coming back to your weblog for more soon!
Car Broker Montreal

0 "20 апрель 2019 03:26" gatorade protein bar reviewҚонақтар

This is an excellent post I seen thanks to share it. It is really what I wanted to see hope in future you will continue for sharing such a excellent post.
gatorade protein bar review

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив