Қош келдің, Наурыз!

Қош келдің, Наурыз!

Сабақтың тақырыбы: Қош келдің, наурыз!
Сабақтың мақсаты:
1. Наурыз мерекесі туралы білімдерін бекіту. Қазақтың ұлттық салт - дәстүрі: ат қою, бесікке салу, тұсау кесу ұлттық дәстүрімен таныстыру.
2. Шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, байланыстыра сөйлеуге үйрету. Шығармашылық белсенділігін, көркемдік талғамын арттыру.
3. Ұжымда достық карым - қатынасты тәрбиелеу.
Көз алдарына елестетіңдер.
Мәтін: « Көктем мезгілі. Жер әлемі бәрі жап - жасыл. Күн шуағын төгіп тұр. Сылдырлап су ағып жатыр. Алыстан таулар көрінеді. Алма - ағаштар аппақ гүл ашқан, айнала түгел әсем. Бұл суреттен туған ел табиғатының әсемдігін көреміз»
- Балалар, көздеріңді ашып, жаңа оқыған мәтіннен сендер қандай әсер алдыңдар? (Осы жерде бір - біріне бәйшешек гүлін сыйлайды.)
- Ал балалар, көктем айларын атайықшы?
- Жақсы.
- Көктем айларында қандай мерекелер бар?
- Жақсы балалар.
- Наурыз мейрамына тоқталайық.
- Енді тақтаға назар аударайық.
- Қандай сөздер жазылып тұр?
Сендерге тапсырма дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді жазып қойыңдар. Және осы сөздерді (Достық, береке, ынтымақ, татулық, бірлік, ерлік, батырлық, жақсылық) пайдаланып мақал - мәтел құрастырамыз.
(Осы жерде әр оқушының мақалдарын оқыту)
- Жақсы балалар.
- Ұлттық салт дәстүрлердің қандай түрлері бар?

Мұғалімнің сөзі. Наурыз мерекесі бұл – достық, бір - біріне құрмет көрсету, татулық мерекесі. Ендеше осы наурыз мейрамы туралы
- Жақсы.
- Балалар осы наурыз мейрамында туған балалардың аттарын ата - бабаларымыз есімдерін қалай қойған?
- Наурызбай, Наурызгүл т. б.
- Дұрыс айтасыңдар.
- Жақсы балалар.
- Әжелеріміз үйде немерелерін бесікке бөлегендерін көрдіңдер ме?
- «Бесікке салу» дәстүрі туралы айтайық.
- Жақсы балалар.
- Балалар осы тұсау кесу рәсімі неге құрметті, беделді қонақтардың біріне ырымдалып тапсырылады екен? Осы сұрақтың жауабы төңірегінде жауап беріп көрейік.
- Жақсы балалар.
- Осы жауаптардың қорытындысы ретінде сөзжұмбақ шешейік.
1. Баланың алғаш аяқ басуы қалай аталады?


2. Бала дүниеге келгенде тойланатын той.
3. Наурыз қай тілден алынған сөз?
4. Бала дүниеге келгенде неге жатқызады?
5. Наурыз мерекесі жылдың қай мезгілінде тойланады?
6. Бесік жабдықтарының ішінде ең қасиетті зат қалай аталады?

Қорытындылау.
- Ұлттық мерекелерді ата?
- Қандай ұлттық салт - дәстүрлер бар?
- Наурыз мейрамында қандай тілектер айтылады?
- Балалар, бүгінгі сабақта біз не білдік?
Хормен айту: Наурыз - достық, ынтымақ, татулық, бірлік мейрамы.

Бағалау.
Оқушылардың көңіл - күйін тексеру.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив