Мектеп кітапханасы

З.А. Махтбекова , қазақ тілі мұғалімі
«Балқаш қаласы жалпы білім беретін
типтік мектеп-интернаты» КММ
Қарағанды облысы Балқаш қаласы


3 сынып қазақ тілі
Сабақ тақырыбы: Мектеп кітапханасы


Сабақ мақсаты:-оқушыларға мектеп кітапханасы, кітаптың адам өміріндегі алар орны туралы айтып түсіндіру, жалғаулар туралы түсінік беру
Міндеттері:- оқушыларды қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздерді әуезімен айтуға, үйренім сөздерін ауызекі сөйлеуде орынды қолдана білуге үйрету;
- оқушылардың оқу машығын дамыту, сауаттылыққа баулу;
- танымдылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Әдісі: түсіндіру , сұрақ-жауап, жаттығулар орындау, СТО элементтері
Көрнекілік: сөзжұмбақ, тақырыптық суреттер
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Үй жұмысын тексеру
1. үйренім сөздерінің меңгерілуін тексеру мақсатында оқушыларға терме диктант жазғызу
2.5- тапсырма ( «Оқу құралдары» мәтіні бойынша тапсырмалардың орындалысын тексеру)
ІІІ.Жаңа сабақ
І.1. тақырыптық жаңа сөздермен жұмыс (жаппай, жекелей оқу, сөз тіркестерін, сөйлемдер құру)
2. « Кітапхана» сөзіне сөзжұмбақ шешу
3.тілдесімге жетелеу арқылы тіл дамыту жұмысын жүргізу :
- Сенің мектебіңде кітапхана бар ма?
- Кітапхана іші қандай?
- Кітапханаға жиі барасың ба?
- Кітапханада не бар?
- Саған қандай кітаптар ұнайды?
-Кітапханадан қандай кітап алдың ?
ІІ. Жалғаулар туралы түсінік беру
1. «Мектеп кітапханасы» суретімен жұмыс , сурет бойынша бірнеше сөйлем құрап жазу
Үлгі: Мынау - кітапхана. Кітапхана іші кең, жарық және таза. Мұнда кітаптар, журналдар, газеттер көп. Ажар мен Санжар кітапханашыдан кітап алды.
*Сергіту сәті
ІҮ.Пысықтау


1. Оқулықпен жұмыс
а/1- тапсырма . Диалогті оқу
б/ 2- тапсырма . « Мектеп кітапханасында» мәтінімен жұмыс (мәтін бойынша сұрақтарға жауап алу, дыбыстық, сөз құрамына талдау тапсырмаларын орындау)
в/3- тапсырма. Кітап туралы мақал- мәтелдерді оқу, мағынасын ашу
г/карточкамен жұмыс (деңгейлік тапсырмаларды орындау)
д/ 4- тапсырма . Сөйлемдер құрап айт
*Сергіту сәті
Ү. Үйге тапсырма: « Менің сүйікті кітабым» тақырыбында диалог жазу, ереже, үйренім сөздерін жаттау
ҮІ.Қорытынды
1. «Мектеп кітапханасы» тақырыбында сөйлесу
-Мектептегі кітапхана нешінші қабатта?
- Онда қандай кітаптар бар?
-Газеттер, журналдар бар ма?
- Кітапхана іші қандай?
- Мектеп кітапханашысы кім?
-Кітапханадан кітапты жиі аласың ба? Қандай кітаптар аласың ?
- Кітапты уағында қайтарасың ба?
- Кітап оқыған ұнайды ма?
-Кітапты не үшін оқу керек? Кітаптың пайдасы?
-Оқыған кітаптарың туралы кіммен ой бөлісесің?
-Оларға кітап оқыған ұнайды ма? Неліктен?
2.-+?Ү бойынша сабаққа қорытынды жасау
ҮІІ. Бағалау

0 пікірлер

Пікір қалдыру