Ұстазы мықтының - ұстамы мықты

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
«тарих және құқық» институты
«аймақтану» мамандығы 1 курс магистранттары
Мусалим Шолпан
Нұрмұхан Еңлік

Ұстазы мықтының - ұстамы мықты
Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан болады
Абай Құнанбаев


Елбасының «Қазақстан-2050» жолдауы қазақстандықтардың өмірінің барлық саласын қамтиды. Елбасының бұл жолғы Жолдауы Еліміздің алдағы жылдарға жоспарланған стратегиялық мақсаттармен міндеттерін айқындалған бүкіл халыққа, жалпы ортақ еңбек қоғамына үндеген аса маңызды құжат болып табылады. Елбасының Жолдауы - еліміздің өркендеуінің алғышарты. Әр жыл сайынғы Президент жолдауы өз жаңалықтарымен, құнды идеяларымен, еліміздің жаңғыруына, өркендеуіне негіз болатын салмақты тұжырымдармен ерекшеленеді. Өйткені Перзидент Жолдауы еліміз үшін жыл сайынғы басты құжат. Елбасы: « Мәңгілік ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы – мәңгілік ел! Мен мәңгілік ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан 2050» стратегиясының түп қазығы етіп алдым»-, деп ұрпаққа сенім артады.
Осыған орай бұл Жолдау бүкіл халықтың көңілінен шықты, қазір ол мемлекетіміздің барлық аумақтарында, басқару, оқу-өндірістік салаларда, мемлекеттік емес ұйымдарда кең қолдау тауып отыр. Еліміздің білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Бүгінгі күні қазақ халқының ұлттық мәдениетінің қайта өркендеу жағдайында жеткіншек ұрпақты ұлттық дәстүрлерде тәрбиелеудің заңды объективті қажеттігі туды. Қай заманда болсын жас ұрпақтың өнеге тұтар өзіндік ұлттық тәлім-тәрбиесі болатындығы белгілі. Егеменді Қазақстан Республикасының болашақ ұрпақтарының сана-сезімін, ұлттық психологиясын, оның ерте замандағы ата-бабалар салт-дәстүрімен сабақтастыра тәрбиелеу қазіргі күннің ең өзекті мәселесі екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Қазіргі университет жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне оқыту мен тәрбие берудің соңғы әдіс-тәсілдерін, инновациялық технологияны игерген, психологиялық, педагогикалық жұмыста қалыптасқан, ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жолын салуға икемді, шығармашылық педагогикалық зерттеуші болуды талап етеді.
Қазіргі заман ағымына байланысты оқушылардың білімге қызығуын арттыру үшін мұғалімдерге жаңа талаптар қойылуда. Сол себепті оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. Жан-жақты ізденістің нәтижесінде білім беру саласында жаңа педагогикалық технологиялардың саны да, сапасы да өсіп келеді. Технология – белгілі бір істегі адамның әдісі, шеберлігі. Осы шеберлік арқылы оқытушы өз сабағын студентке жоғары сатыда жеткізуіне мүмкіндік береді. Оқытушы үнемі шығармашылықпен, ізденіспен жұмыс жасап отырса, жаңашылдыққа жақын болғаны. Өзгелердің үлгісін өз ісінде пайдалана білсе, оған өзіндік қолтаңбасын қосып отырса – оқушы тәрбиелеу мен білім берудегі жетістігі сол болмақ. Осыған орай ағымдағы жылдың қарашаның 24-і күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің педагогика ғылымдарының докторы, профессор Марфуға Абсатқызының бастамасымен «Табыстылыққа жол» атты тақырыбында педагогикалық идеялар фестивалі ұйымдастырылды. «Табыстылыққа жол» педагогикалық идеялар фестивалінің мақсаты магистранттардың инновациялық, педагогикалық тәжірибесін насихаттау, тәжірибе алмасу болды. Фестивальде «Тарих және Құқық», «Физика және Математика», «Психология және Педагогика», «Филология және Көптілді білім беру» институттары мамандықтарының 1-курс магистранттары ұсынған, жаңа педагогикалық идеялар мен технологияларға негізделген ашық сабақ үлгілері көрсетілді.
Фестивальды ашу салтанаты сарапшы, әрі педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Әбдіғапбарова Ұлжарқын Мүслимқызына табысталды. Сонымен қатар фестивальде педагогика және психология институты директорының орынбасары Ақтоты Төлемұратқызы, психология ғылымдарынын кандидаты, доцент Роза Бисенқызы, педагогика ғылымдарынын кандидаты Тұрархан Нұрмаханқызы және Тарих және құқық институтының 6М050500-Аймақтану мамандығының 1курс магистранты Жақау Мақсат сарапшылық етті.
Алғашқы болып, физика және математика институтының физика мамандығының 1 курс магистранттары Мұқаш Мадина мен Нысан Гүлшат «Жеке тұлғаны қалыптастырушы факторлар» тақырыбындағы дәріс сағатын өткізді. Өткізу формасы интербелсенді, дәріс-кері байланыс түрінде жүргізілді. Дәріс өткізу барысында жаңа инновациялық "Kahoot" және "Plickers" бағдарламалары қолданылып, онлайн түрде тест сұрақтарына жауап берілді. Бұл инновациялық бағдарламалар жаһандану дәуіріндегі білім беру ісіне сай негізделіп әзірленген. Нәтижесінде тақырып толықтай ашылып, жаңа технологияларды тиімді пайдалана отырып, магистранттардың қызығушылығын оята білді.
Келесі болып ортаға Физика және математика және институтының, математика мамандығының 1курс магистранты Абдуллаева Асем «Жасөспірімдердің әлеуметтенуіндегі мәселелер» тақырыбында семинар сағатын жүргізді. Семинар интербелсенді іскерлік ойын формасында орындалды. Ашық сабақ барысында Асем топпен жұмыс жасау ісін меңгергендігін көрсете білді.
Фестивальді әрі қарай тарих және құқық институтының тарих мамандығының 1курс магистранты Псурова Меруерт «Сынып жетекшінің тәрбие жүйесіндегі қызметі» тақырыбында жалғастырды. Сабақ өткізу формасы интербелсенді семинар-саяхат түрінде жүргізілді. Бізге, әсіресе әріптесіміз Меруерттің өткізген ашық сабағы өте қатты ұнады. Себебі үлгі алып, педагог ретінде жас мамандарға үйренетін жаңа әдіс-тәсілдерді өте ұтымды қолданды. Алғашқы секундтардан бастап-ақ Меруерт өзін кәсіби мама ретінде таныта білді. Қатысушыларды белсенді түрде сабаққа қатыстырып, өзінің жоғарғы ұйымдастырушылық қабілетін көрсетті. Семинар сабағы деңгейлік тапсырмалар түрінде беріліп, әр орындалған тапсырма үшін келесі бекеттерге жол ашылды. Отандық және шетелдік сынып жетекшінің тәрбие жүйесіндегі қызметтері салыстырмалы түрде талқыланды. Магистранттар бұл сабақ барысында тақырыпты толық игере алып, теориялық білімдерін кеңейтті. Семинар магистранттарға топпен жұмыс жасау және қатысушылардың белсенділігін ұйымдастыру тәсілін меңгерте алды. Топпен жұмыс істеу әдіс-тәсілін қолданып мынадай ұтымдылыққа қол жеткізді:
1. Студенттердің оқу және танымдық қабілеттері дамытты;
2. Студенттердің бір-біріне деген сенімділіктері артып, берік достық қарым-қатынас орнады;
3. Сабақтың уақыты тиімді үлестірілді;
4. Аудиториядағы психологиялық ахуал жақсарады, жауапкершілік сезімі арта түседі.
5. Берілген білім берік қабылданды, алған білімдерін іс-жүзінде іске асыра алды.
6. Аудиториядағы жұмыс сараланды;
Қазіргі таңда білім берудің негізгі талаптарының бірі- білімді үздіксіз жетілдіру және оқыту үрдісін интенсивтендіру болып табылады.
Біздің ойымша, топтық жұмыс оқыту процесін байыта түседі, студенттердің белсенділігін жетілдіреді, қызығушылықтарын арттырады. Өйткені, студенттер топтық жұмыс кезінде бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болады. Студенттер топтық жұмыс арқылы бір-бірімен тез тіл табысып, оқуға деген қызығушылықтары арта түсті. Бір-бірімен ақылдасып, пікір алмасып, араласып үйренді. Өздерін еркін ұстап, бір-бірін бағалай білді. Тіпті сөздік қорлары дамып қолданысқа мынадай сөздер де енді: «Сен келісесің бе...», «Сен қарсы емессің бе..», «Қалай ойлайсың..» т.б.
Келесі кезекте сыни тұрғыдан ойлаудың жоғары сатысы-«Блум таксономиясы» әдісін қолданды. Жалпы, Бенджамин Блум-америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935 жылы Пенсильван университетін бакалавр және магистр деңгейлерімен бітірген, 1942 жылы Чикаго университетінде докторлық деңгейін қорғады. «Блум таксономиясы» атты кітабында өз теориясын дамытқан.
1956 жылы Бенджамин Блумның төрағалық етуімен білім беру комитеті әзірлеген Блум таксономиясы сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделі болып табылады. Блум таксономиясының мақсаты – оқытудың неғұрлым тұтас нысанын құру. Меруерт бұл әдісті қолданып, нағыз өз ісінің шебері екенін дәлелдеді. Әріптестері біздерге, бұл әдістің мынандай тиімді жақтарын көрсете білді:
Негізгі идеяларды ұйымдастыру, салыстыру, түсіндіру, сипаттау және бекіту жолымен фактілермен идеяларды түсінетіндегін көрсету;
Оқу материалын түсінген ретінде келесідей әрекеттерді атқаруды атауға болады:
Интерпретация – оқу материалын «өз сөзімен» түсіндіру, қысқаша баяндау;
Экстраполяция- «жорамалдау» құбылыстың бір бөлігіне қатысты түйіндерді оның екінші бөлігіне тарқату;
– оқу материалдары бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін болжау.
·Фактілерді, ережелерді, қағидаларды түсіндірді;
·Сөзбен келтірілген материалды, схемалар, графиктер, диаграммаларды түрлендірді, мысалы:
1.Сынып жетекшінің атқаратын қызметінің қандай бағыттарын білесіздер?
2.Сынып жетекшісінің қызметі бақылаушылық, аналитикалық, дамытушылық т.с.с жекелей тұрғыда қандай қызметтерімен ерекшеленеді?
3.Сынып жетекшінің құқықтары;
Жаңа білімдерді, әдістерді және ережелерді түрлі нұсқада пайдалану. Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық тұрғыдан қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіну деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді.
-Ұғымдар мен қағидаларды жаңа жағдайларда қолданды;
-Заңдар мен теорияларды практикалық тұрғыдан нақты ситуацияларда пайдаланды;
- Әдіс немесе жұмыс ретін дұрыс қолданатындығын көрсетті.
Дәйектер мен себептерге сәйкес ақпаратты тексеру және жіктеу,қорытынды жасау және жалпылаудың болғанын растайтын дәлелдерді анықтау.
Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу: бүтіннің бөліктерін ажырату, бүтіннің бөліктерінің арасындағы өзара байланыстарды анықтау. Бұл категория оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрылысын қалайша құралатындығын меңзейді.
Ұсынылған фактілердің маңыздылығын айқындады. Мысалы,
1.Сынып жетекші міндеттерінің түрлері
2.Сынып жетекшінің лауазымдық міндеттері қандай деп ойлайсыздар?
3.Сіздің ойыңызша сынып жетекші нені білуге тиіс деп ойлайсыз?
Меруерт студенттердің пікірімен тыңдап, және оны дәлелдеуге, ақпарат бойынша қорытынды жасау және жұмыс сапасын бағалауға ерекше көңіл бөлді. «Рон Кларктің оқиғасы» фильмінен үзінді көрсетіліп, сынып жетекші ретінде атқарған іс-әрекеттерін талдап, Венн диаграммасы арқылы фильмдегі Американдық сынып жетекші мен Қазақстандық сынып жетекшісінің ұқсастықтықтары мен айырмашылықтарын салыстырды. Қорытындылай келе, сынып жетекші сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып, үйлестіріп, келістіріп өткізетін педагог.Сынып жетекшінің білім беру жүйесіндегі ролі ерекше. Ол жан жақты дамыған ұрпақ тәрбилеуші, жол көрсетуші, келешектегі білікті де білгір мамандарды даярлаудың шеберлері. Бүкіл әлем бұл күнде тәлім-тәрбие қызметіне ең білгір, ең талантты, өте жауапкершіл сынып жетекші — мамандардың кажеттігін мойындап отыр. Себебі адам тағдырында мектептік кезеңі аса маңызды. Балалардың өмірлік бастауында жетесіз сынып жетекші тұрса, одан келер шығынды өлшеп болмайды. Сондықтан да сынып жетекші білікті маман, өз ісінің шебері болуы керек. Яғни сынып жетекші шебер болу үшін: өзінің мүмкіндіктерін жаңа формация мұғалімі ретінде объективті бағалай алуы керек, кәсіби мамандығына қажетті қабілеттерді меңгеруі тиіс, жалпы мәдениетті, интеллектуалды іс-әрекетті, мінез-құлық, қарым-қатынас мәдениетін меңгеруі тиіс, сонымен қатар әлемдік білім беру кеңістігі қарқынына бағыт алуы керек.
Сынып жетекші әрқашанда өзін қоғам талабына сай үздіксіз тәрбиелеп отыратын, адамдармен, әсіресе, оқушылармен қарым-қатынасқа тез түсе білетін, ұйымдастырушылық қабілеті бар, өз міндеті мен қызметін жетік білетін, таланты мен тәжірибесі тоғысқан, өзінің қоғамындағы саяси өмірге белсенді араласып, өз елі жеріне деген сүйіспеншілігі негізінде оқушыларға үлгі болуы керек. Сынып жетекшінің шеберлігі — талантты қажет ететін ерекше бір өнер емес, бірақ, ол басқа да мамандарды шеберлікке үйретуде қажет болатын мамандық. Жас ұрпақ тәрбиесіне бүкіл ғұмыры мен қайратын және бойындағы асыл сезімдерін бағыттаған мұғалімдерді айтуға болады.
Қазіргі таңда сынып жетекшісінің қызметінің мазмұны мен сипаты өзгеруде, атап айтсақ:
• Пән мұғалімі, бір мезетте сынып жетекшісінің қызметін атқарушы
• Сынып жетекшісі, аз мөлшерде оқу жүктемесі бар мұғалім
• Сынып жетекшісі тек тәрбие жұмысымен айналысатын мұғалім
Сынып жетекшісінің қызметі оқушылардың әлекуметтік өмірде өздерін өздері тани білуіне, сынып және мектеп ұжымында өз орындарын таба білуіне көмектесе отырып, олардың дамуына қолайлы жағдай туғызатын тұлға деп сабақтың соңында ой түйдік. Меруерттің сабағынан керемет әсер алып, педагогикалық әдіс-тәсілдердің қыр-сырымен таныстық. Әріптесіміз Меруерт осындай тамаша ашық сабақ өткізіп, біздерге оқытушылық өнердің терең қырларымен таныстырғаны үшін үлкен алғысымызды айтамыз. Меруертке еліміздің ең мақтаулы әрі табысты оқытушысы болсын деген тілегімізді шын жүректен айтқымыз келеді. Шығармашылық табысы мол болсын! Келесі болып физика және математика институтының информатика мамандығының 1 курс магистранттары Аханбек Аида және Зекеева Ұлпан «Мектептегі оқыту әдістері» тақырыбында дәріс сағатын өткізді. Сабақ Web-сайт жүйесіндегі семинар түрінде өткізілді. Дәріс барысында жаңа инновациялық бағдарлама қолданылып, онлайн түрде тест тапсырмалары топқа бөліну арқылы орындалды. Әр тапсырмаға сұрақ мазмұнына байланысты уақыт берілді. Сабақ соңына таман магистранттарға танымдық ойын ретінде әртүрлі "смайликтерге" негізделген сергіту тапсырмалары ұсынылды. Дәріс магистранттарға жаңа инновациялық бағдарламаны меңгеруге көмектесті. Магистранттар қойылған мақсаттарына жете білді.
Соңғы болып педагогика және психология институтының, педагогика және психология мамандығының 1курс магистранттары Керімбаева Қаламқас пен Жұмагельдиева Ақбота «Отбасындағы тәрбие әдістері» тақырыбында сұрақ-жауап талдау түріндегі дәріс сағатын өткізді. Дәріс қатысушылармен тығыз байланыс орнатуға негізделіп, олардың белсенділігін талап етті. Сабақ барысында отбасындағы тәрбие әдістерінің түрлері көрсетіліп, қазақы тәрбие әдістерінің ерекшеліктері мен кемшіліктері талданды. Магистранттар қойылған мақсатқа жете біліп, қатысушылардың белсенділігін ұйымдастыра білді.
Педагогикалық идеялар фестивалінің қорытындысы ретінде сарапшылар қатысушы магистранттарға сабақ барысында орын алған кемшіліктері мен ұтымды жақтарын атап көрсетті. Магистранттар жүлделі дипломдармен марапатталып, сыйлықтар ұсынылды. Сарапшылар фестивальдің жоғары деңгейде өткенін атап көрсетіп, бұл шараның әлі де жалғасуына ниетті екендерін білдірді.
Фестиваль барысында магистранттар жаңа педагогикалық идеялармен танысып, оларды тәжірибе негізінде пайдалануды үйренді. Магистранттар осы фестиваль арқылы тәжірибе алмасты. Соңғы сөз педагогика ғылымдарының докторы, профессор Марфуға Абсатқызына беріліп, бұл фестивальдің әлі де жалғасын табатындығын атап көрсетті. Сарапшылар мен қатысушы магистранттарға өз алғысын білдіріп, оқу іс-әрекеті мен қызметтеріне сәттілік тіледі. Сөз соңын қорытындылай келе: Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін - өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түюге, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйрену керек. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, адамның рухани күшін нығайтып, өзін - өзі тануына көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес, тудырушы, жаратушы да. Ол өзін - өзі шынайы болмысын анықтайтын жол іздеу керек. «Адам өзін - өзі жетілдіруге де, жоюға да қабілетті. Адамның өз болмысын тануға, ұмтылуға көмектесіп, тереңде жатқан талап тілегін, қабілеттерін дамытуға тиіс. Сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады»- деп көрсетілген Қазақстан Республикасы білімді дамыту тұжырымдамасында. Қазіргі жаңа заманда әр студенттің заман талабына сай әлемдік дәрежеде білімді меңгеруі үшін шығармашылық қабілетін дамыту – ең басты міндетіміз. Осы танымдық кешті ұйымдастырып, тікелей себепші болған ұстазымыз Марфуға Абсатқызына үлкен шығармашылық табыс тілеп, еліміздің ең мақтаулы азаматтарын тәрбиелеп, білім-ғылым нәрімен сусындата беруіне тілектеспіз! Айтар алғысымыз шексіз!


0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив