ХАЛЫҚ КҮЙШІЛЕРІНІҢ МУЗЫКА ПӘНІНДЕ АЛАТЫН ОРЫНЫ

ХАЛЫҚ  КҮЙШІЛЕРІНІҢ   МУЗЫКА   ПӘНІНДЕ  АЛАТЫН  ОРЫНЫ
Ақмола облысы Бурабай ауданы Кенесары ауылы Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектебінің музыка пәнінің мұғалімі: Есжанова Гүлнәр Амирхановна

ХАЛЫҚ КҮЙШІЛЕРІНІҢ МУЗЫКА ПӘНІНДЕ АЛАТЫН ОРЫНЫ


Қазақ халқының домбыра,қобыз, саз сырнай,сыбызғы,жетіген,шаңқобыз және басқа да музыкалық аспаптары күйлердің дамуымен бірге жетіліп келе жатыр. Күй-қазақтың рухани мәдениетінің аса маңызды саласы. Халық композиторларының күйлері ұлы оқиғаларды,өмір шындығын ,қазақ жерінде болған айтыс-тартыты , жорықтарды,той-думандарды,елдің тұрмыс-тіршілік салтын,әдет-ғұрпын,табиғатын суреттеген.Мысалы:Қорқыттың күйлері, «Желмая»,«Аққу», халық күйлері«Ақсақ құлан»,«Ел айырылған»,«Нар идірген» , «Аңшының зары»,Құрманғазы, Тәттімбет ,Дәулеткерей,Түркеш, Сүгір, Абыл, Мәмен , Дайрабай, Динаның күйлерін алсақ, оларда музыкалық тілдің тереңдігі,музыка мәдениетінің асқан шеберлігі байқалды. Музыка–эстетикалық тәрбиенің қалыптасып,дамуына халық композиторларының шығамашылығы орасан зор міндет атқарады . Ұрпақтан –ұрпаққа мирас болып тараған күйлер мен әндер жас ұрпақты тәрбиелеудің таптырмас кұралы болып отыр. Халық арасынан шыққан күйші композиторлардың еңбегін жарыққа шығарып , насихаттаушы кім деген кезде, ең алдымен аузымызға академик Ахмет Жұбанов оралады. Мұның айқын айгғағы ретінде автордың «Ғасырлар пернесі», «Замана бұлбұлдары » ,«Құрманғазы»,«Дәулеткерей»атты кітаптарын айта аламыз.Бұқара халықтың қайғысы мен қуанышы, мұң-зарын , тұрмыс– тіршілігін паш еткен күйлер мен әндер осылайша кейінгі ұрпаққа таралып , өнер сүйер қауымның қажетіне жарады . Халық композиторлары әртүлі ортада, әрқилы тұрмыста өмір сүргендіктен күйлердің айтайын деген ойы,мағнасы сан алуан болады.Осы кезде айта кететін бір жайт.Біздің жас ұрпақтар өнерде де жақсы мен жаман бар екенін, өтірік пен шындықтың катар жүретінін, бірақ әрқашанда шындық,әділдік, нағыз халық үшін жазылған музыкалық шығарма ғана маңгі өмір сүретінін білу керек.Мұндай шығарманың тәрбиелік мәні өте зор.әрбір оқушы өз халқының мәдениетімен ,әдебиетінің, өнері мен әдет-ғұрыпын біліп өсуі қажет.Сонымен қатар халық музкасы оқушылардың ақыл-ойына,сезіміне әсер етіп, эстетикалық тағлым береді және балалардың шығармашылық қабілетін арттырады.Сондықтан күй өнері жән оны өмірге келтірген күйші композиторлардың тарихын насихаттауға оқушы аса көңіл бөлуі керек.Музыка, өнер сабағында күй тыңдаудың маңызы ерекше зор. Белгілі күйді тыңдаумен қатар мұғалім оқушылардың ой-өрісін одан әрі кеңейту үшін мынадай тақырыптарды беруі керек:
1.Шығарманы дұрыс түсініп, тыңдай білу.
2.Күйдің шығу тарихын білу.
3. Берілген шығарма бойынша түсінгендерін бейнелеу өнері арқылы қағаз бетіне түсіру және әңгімелеу.
Осы орайда музыка өнер сабағында бағдарламаға міндетті түрде тәрбиелік мәні зор күйлер еңгізілген.Күй-халық музыкасы.Ол жас ұрпақты өз халқының мәдениеті мен өнерін түсініп бойына сіңіре білуге бірден –бір тиек боларына күмәніміз жоқ. Бірақ ойлаған ойымыз жүзеге асуы үшін мұғалім ең алғашқы сабақта оқушылармен халық музыкасының тарихы жайлы әңгіме өткізуі керек. Ең алғашқы сабақ өте қызықты ,көңілге қонымды, тартымды өтсе,оқушылардың күйге деген үлкен ықыласы пайда болады. Берілген күйді оқушыларға тыңдату керек.Содан соң мынадай сұрақтар беруге болады.
1.Күй ұнады ма?
2.Несімен ұнады?
3.Күйдің сапасы қандай?
4.Күйді тыңдағанда көз алдыңа не елестейді?
Міне бұл біз сұрақтарға әр оқушы өз түсінігі бойынша жауап береді . Берілген жауаптарды мұгалім біздің жазған түсініктеме бойынша салыстырады. Сөйтіп, оқушылар қате айтса, оны түзеп ,дұрыс ұғым беруі керек.Егер жауап дұрыс болса,мұғалім оны әрі қарай дамытып, қызықты етіп әңгімелеуі керек.Және бір айта кететін жәйт,барлық төменгі сынып оқушылары сурет салғанды жасы көреді. Олар өз ойларын қағаз бетіне ешбір әсірелеусіз таза түсіреді.Осындай тапсырманы орындағаннан кейін оқушының күйді түсіну қабілеті арта түседі. Осылайша біз бейнелеу өнерінің музыкамен тығыз байланысы тағы да бір дәлелдеп кетеміз. Біз бұл мектеп бағдарламасындағы күйлерді оқушыларға қысқаша таныстырып, тыңдату үшін беріп отырмыз. Берілген күйді мұғалімнің еркі бойынша жеке домбырада немесе аудио жазба арқылы тындатуға болады .Бағдарламадағы берілген күйлер халық арасына кеңінен таралған, дегенмен мұғалімнің мінлеті музыкалық шығарманың мазмұнын оқушыларға эстетикалық тұрғыда жеткізу.Сабақ қызықты тартымды өтуі үшін мұғалім берілген шығарманы оқушыға әндетіп айтқызып,жұмбақ,мақал–мәтел,жаңылтпаштарға келтіріп, олардыы салыстырып айтқызып музыкалық шығарманы оқушының жүрегіне жеткізу қажет.Әр оқушы халық аспаптарының дыбыс ерекшеліктріне қарай ажырата білуі қажет.Мысалы: домбыра,қобыз,сырнай,сыбызғы,дауылпаз.т.б.Мұғалім осы аспаптарды балаларға көрсетіп ойнап, талдап беруі керек.Сонымен қатар өткен сабақтағы музыкалық шығарманы пысықтағанда балалардың есте сақтау дағдысын,белсенділігін,шапшаңдығын байқау қажет.Оларды тез ойлауға,ойын жүйелі түрде дәл жеткізе білуге үйретіп жаттықтыру керек. Осындай сабақтар арқылы оушыларды жан-жақты дамытып ,өнер тілін меңгерту өте тиімді. Қазіргі уақытта музыка бағдарламасына еңгізілген ән,күй,әдебиет,сурет,би өнері туындылары бір-бірмен ұштасып жатыр.Бірінші сыныпқа арналған жаңа оқу бағдарламасында күй өнері жайлы көптеген жаңашылықтар еңгізілген. Халқының ұлттық аспаптар оркестрі, және аспаптарды топ- тармаққа бөлу сияқты балаларға түсінікті сабақ жоспарлары жарыққа шыққан.Әр ұстаз ұлттық қазынамызды болашақ ұрпақтың санасына жеткізіп , өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру қажет.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив