Қайта оралған бақыт.

Қайта оралған бақыт.
Автор: Наурызали Айгүл Нұриманқызы.
Астана қаласының тұрғыны.
№84 мектеп – лецейінің кітапхана меңгерушісі.


Қайта оралған бақыт.
Берік жұмыстан қайтып келе жатқан. Кенет қарсы беттен алды –артына қарамай жүгіріп келе жатқан қыз баламен соқтығысып қалады.
- Не деген тәрбиесіз қыз едің? Тым болмаса алдына қарамайсынба? – деп қызды білегінен ұстап алады да,- Қане, кешірім сұра, бүйтуге бола ма екен? – деді. Аңдап қараса, қыз көз жасы көлдей болып жылап тұр. Берік өзі сасып қалды.
- Кешір, қатты айқайлап жібердім бе? Ата - анаң қайда? Мұндай кеште қалай жалғыз жүрсін?
Кішкентай қыз жылауын тияр емес. Біреуден қорқып қашып келе жатса керек, демін баса алмай өксіп – өксіп қояды.
- Ағатай мені кешіріңізші?.... Менің анам .... менің анам ..... дей бергенде сылқ етіп талып қалды.
Берік тез арада жедел жәрдем шақырып, бейтаныс 10 жасар қызды ауруханаға алып барады. Дәрігер кішкентай қыздың әбден әлі кетіп, шаршаған және тамақтанбағандықтан талып қалғандығын айтып, Берікке:
- Қызыңыз тәуір болып кетеді, тек оған дұрыс күтім мен тыныштық керек, - деп ескертті. Дәрігердің « қызыңыз» деген сөзі жанына бір түрлі жағымды естілді, әйсе де шындығын айтуды ұйғарып, бірінші рет бұл қызбен жолыққанын айтып берді.
..... Палатаның бір бұрышында жатқан қызға бірден көзі түскен Берік оның жанына барып, қалін сұрады. Ол болса ризашылығын білдіргендей жымиды да, көзін жұмып, ұйықтап кетті.
Берік кішкентай қыздың жағдайын дәрігерден сұрап, үйіне алып кететін болып келісті. Мұндай ала-сапыран уақытта үйде уайымдап жатқан жұбайы Әселді тіптен ұмытып кетіпті. Кішкентай Айыммен бірге үйге енгенде Әсел аузын ашып қалды. Берік әйеліне;
- Бұл Айым, жолдан кездестіріп, онымен бірге ауруханаға баруға тура келді. Әзірше осында болады, - деп қысқа қайырды.
- Иә, көшеден кездестіргеннің барлығын үйге алып келесің бе сонда?—деп күйеуіне қарады Әсел.
- Сабырлы бол, тамақтан кейін сөйлесерміз, - дей салды да, Айымға қарап: - Женгеңнің сөзіне көңіл бөлме, тамағыңды жақсылап іш, -деп еміренді.
Бір бөлмеге төсек салып берген Әсел Айымды жатқызып жатып әке-шешесін сұрастырып еді, мен анама барғым келеді, бірақ қорқамын деп жылап жіберді. Бейкүнә балақайдың жылағанынан Әсел өзі шошып кетті, бұндайды күтпесе керек. Амалсыз: - Жақсы, қызым, жылама! Ертең анаңа барасын, ал қазір ұйықтай ғой, - деп жұбатып, үстіне көрпесін жауып, бөлмеден шықты. Берік те осыны күтіп отырғандай жарының бағанағы сұрағына жауап беруге бекінді...
Таңертеңгілік үшеуі таңғы астарын ішіп, Берік жұмысқа жиналды. Үйде Айым Әселмен қалатын болды. Біраз уақыттан соң Әсел өзін мазалаған ойдың түбіне жетпек болып Айымды сөзге тартты:
- Анаңа барудан неге қорқасың Айым?
-Менің әкем кеше анамды ұрды. Ол мені де ұрды, бірақ анам араша түсіп, сосың... - деді көзі бақырайып.
-Әкең неге анаңды ұрды? Әлде анаң бірдеңе істеп қойды ма?
- Жоқ, анамның еш кінәсі жоқ. Әкем күнде арақ ішіп, үйге кеш келетін. Кеше де мас болып келген еді, анамды себепсіз соққыға жыға бастады. Мен « Ұрмашы, әке! Анама жақындамашы! Мен сізді жек көремін!» деп едім, мені шапалақтап ұрып қалды. Анам мені көтеріп алып кетпек болып еді, оны да ұрып жіберді. «Сендер мені адам қатарына қоспайсыңдар. Білемін, мен ішемін, бірақ, сендердің не айтып, не қойғандарыңды білемін. Мен сендерді өлтіремін, иттер!» деп анамның мойнынан ұстап алды. Анам болса: «Қаш, қызым, қаш бұл жерден! Тезірек кет!» деп бар даусымен айқайлап жіберді. Мен үйден қалай шығып кеткенімді білмеймін. Берік ағаны қағып кеткен кезімде ғана есімді жидым,- деп өксігін баса алмай солқылдап жылап жіберді Айым.
- Жылама, бәрі жақсы болады. Біз сені ешкімге бермейміз, - деп Әсел Айымның көз жасын сүртіп жұбатты.Кешке жұмыстан Берік келгенше екеуі тіл табысып кетті.Осылай Айым бұлардың үйінде бір аптадай тұрды. Берікті көптен толғандырып жүрген ойы – бала асырап алу еді, өйткені Әселдің бала көтере алмай жүргеніне неше жыл болды? Ендігі сол мәселе шешімін табатындай көрінді. Ол Айымды асырап алғысы келеді,тек Әселдің не келісіп, не келіспейтінін білмейді. Бұл ойын оған қалай айтарын да білмейді. Бір күні жұмыстан келіп, кешкі асты ішіп болған соң ақыры жұбайымен ашық сөйлесуді ұйғарады.Әсел де жарынан дәл осы сөзді күтіп жүргендей іштей қуанып қалады. Тек «Айымнын әкесін қайтеміз? Ол бізге қызын бере ме?» деген сияқты сұрақтар қояды. Берік болса: – бұның бәрін заңмен шешеміз, ең бастысы Айымның келісімі керек. Ал, әкесін түрмеге қамайтын шығар.Ертең Айымның өзімен сөйлесейік, - дейді.
Ертесіңе Айымды жандарына алып, үшеуі ұзақ сөйлеседі. Өз анасының о дүниелік болғаның бала жүрегімен сезіп жүрсе керек, әкесіне қайта баруды қаламайтын. Мұндай хабар Айымды қатты қуантады. Бүгінгі күн олардың өмірлеріндегі ең бақытты күн болды. Берік пен Әсел бала асырап алғысы келсе, Айым өзіне қамқоршы болатын адамдарды іздейтін, сол себепті де бәрі оңай шешілді. Айым жаңа мектепке оқуға барады, өзіне достар табады. Ал, Әсел бір жылдан кейін жүкті болып, дүниеге ұл әкеледі. Берік Айымды алып,әкесінің қолынан қаза болған анасының бейітінің басына барып, жан тыныштығы үшін құран оқиды. Ал, арақты жолдас еткен әке өз қылмысы үшін жазасын тартады...

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив